Сабақтың тақырыбы: Ұлы даланың рухани құндылықтары Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата21.09.2023
өлшемі1,66 Mb.
#109543
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
№ 1 Ұлы даланың рухани құндылықтары


ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ
Бөлім: Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі.

МЕКТЕП:

КҮНІ:

Мұғалім:

СЫНЫП: 11

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ұлы даланың рухани құндылықтары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.1.1 - мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
11.4.1.1- мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, әдеби тіл нормаларын білу;
Көпшілігі: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, мәтін нормаларын сақтап жазу;
Кейбір оқушылар: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, мәтін нормаларын сақтап жазу.

Бағалау критерийі

  • мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;

  • тиісті ақпаратты анықтай біледі;

  • мәтін нормаларын сақтап жазады.

Ойлау
дағдысының
деңгейі

Білу, түсіну.

Құндылықтарға
баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Алдыңғы білім

Қазақстанның өткені мен келешегі білімдерін толықтырады.

Жоспар:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы





Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады.
Жағымды психологиялық ахуал.
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ. «Суреттер галереясы» әдісі. Сынып қабырғасына сөздер ілінеді. Оқушылар сөздерді кезегімен көріп, аралайды, ойларын айтып әңгімелеседі.
Оқушылар ой . Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындайды.
ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
Мәтін бөліктерін тыңдап, әрі қарай қандай мәселе қозғалатынына өз болжамыңызды білдіріңіз.
Мәтін. Ақпарат дереккөзі:https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/19114/
1-бөлік
Жазу – адамның ой-пікірін, хабарын, мағ­лұматын таңбалар арқылы жеткізуді қам­тамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазу­дың пайда болуы адамдардың қарым-қа­тынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды.
Сұрақ: Жазу мәдениетінің қалай пайда болғаны туралы не білесіңдер?
2-бөлік
Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шарт­ты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуел­де заттың өзін пайдаланды. Мыса­лы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа са­дақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат ар­қылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тай­палар арасындағы елшілік қарым-қа­тынастарға да пайдаланылған. Кейін мұн­дай рәміздік зат орнына таңбалар, бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған.
Сұрақ: Көне түркі жазуы туралы не білесіңдер?
2-бөлік
Көне түркі алфавитінің шығу тегі проб­лемасы оның көне түркі этногенезі­мен, көне түркі тайпалары мәдениетінің тарихымен және түркі тілдерінің тарихи грамматикасы мәселелерімен байланысты.
Руникалық жазудың бастапқы түркі негізі б.з.б. үшінші және екінші мыңжылдықтағы беймәлім идеографиялық немесе алфавиттік жазу болуы ықтимал, ал басқа көне алфавиттермен ішінара ұқсастығы олардың арғы тегіндегі бастауы бір екендігін көрсетеді. Сонымен бірге, көне түркі алфавитінің шығу тегі, генезисі, проблемасы жалпы дыбыстық жазудың шығу мәселесімен ұштасып жатыр.
Дескриптор:

  • тақырып бойынша өз болжамын білдіреді;

  • болжамын жоғарыдағы көрсетілген суреттермен байланыстырады;

  • мәтін бөліктерін тыңдап, көтерілетін мәселені болжайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет