16 (VI)-топ элементтері. Күкірт



бет1/2
Дата28.08.2023
өлшемі28,08 Kb.
#105617
  1   2

16 (VI)-топ элементтері. Күкірт
16-топ элементтеріне оттегі (O), күкірт (S), селен (Se), теллур (Te) және полоний (Po) жатады. Оларды халькогендер деп атайды. Бұл топ элементтерінің сыртқы қабатында алты электрон бар және жалпы электрондық конфигурациясы: ns2np4.
Күкірт (S) табиғатта бос және қосылыстар күйінде кездеседі. Табиғи қосылыстары: галенит (қорғасын жылтыры, PbS), мырыш алдамшысы (ZnS), халькозин (мырыш жылтыры, Cu2S). Күкіртті алудың негізгі көзі – темір колчеданы (пирит, FeS2). Газ тәрізді күкіртті кокстеу және көмірді газға айналдыру кезінде пайда болған газдардан алады.
Күкірттің үш түрлі аллотропиялық түр өзгерістері:

  • пластикалық;

  • моноклинді;

  • ромбалық.

20-25°C температурада сары ромбалық күкірт (a – күкірт, тығыздығы = 2,1 г/см3), ал 95,4°C–119,3°C температура аралығында моноклинді күкірт (b – күкірт) тұрақты болады. Бөлме температурасында моноклинді күкірт біртіндеп микроскопиялық ромбалық күкірттің кристалдарына айналады. Қатты қыздырылған күкіртті тез салқындатқанда пластикалық күкірт пайда болады.
Қосылыстардағы тотығу дәрежелері: –2, 0, +4 және +6.
Күкірт суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Диэлектрик болып саналады.
Күкірт – өзіне тән қасиеттері бар бейметалл. Көптеген металдармен (мыс, темір, мырыш) тікелей әрекеттесіп жылу бөледі. Тек алтын, платина және рутениймен реакцияға түспейді. Көптеген бейметалдармен (азот және йодтан басқа) реакцияға түседі.
Химиялық қасиеттері:

  • күкірт қыздырғанда сутекпен әрекеттеседі: S + H2 = H2S;

  • металдармен әрекеттесіп, сульфидтер түзеді: 

  • S + Fe = FeS; 2Al + 3S = Al2S3;

  • күкіртті оттекте жаққанда күкіртті газ немесе күкіртті ангидрид – SO2 түзіледі:

S + O2 = SO2;

  • таза күкірт тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді: 

  • S + 2HNO3 = H2SO4 + 2NO.

Реакция теңдеуін жаз.
Күкіртті хлорлы атмосферада қыздыр: 
S + Cl2 = SCl2
Алынған өнімді концентрлі күкірт қышқылымен өңде: 
SCl2 + H2SO4 = 2SO2 + 2HCl
Бөлінген күкіртті газды артық мөлшердегі калий гидроксидімен өңде: 
SO2 + 2KOH = K2SO3 + H2O
Алынған тұзды қайната отырып, күкірт ұнтағымен әрекеттестір: 
K2SO3 + S = K2S2O3
Білгенің жөн!
Бөлме температурасында күкірт тек сынаппен реакцияға түседі. Температура жоғарылағанда оның белсенділігі де артады. Қыздырғанда күкірт көптеген жай және күрделі заттармен реакцияға түседі.
Түсіндіру
Күкіртті хлорлы атмосферада қыздырғанда S + Cl2 = SCl2 түзіледі.
Алынған өнімді концентрлі күкірт қышқылымен өңде: SCl2 + H2SO4 = 2SO2 + 2HCl.
Бөлінген күкіртті газды артық мөлшердегі калий гидроксидімен өңде: SO2 + 2KOH = K2SO3 + H2O.
Алынған тұзды қайната отырып, күкірт ұнтағымен әрекеттестір: K2SO3 + S = K2S2O3.
Білгенің жөн!
Бейтарап атомдардың тотықсыздандырғыш қасиеттері оттегіден полонийге қарай артады, тотықтырғыш қасиеттері осы бағытта кемиді.
Түсіндіру
Күкірт фосфор, темір және сынаппен әрекеттеседі:
2P + 3S = P2S3
Fe + S → FeS
Hg + S → HgS
Білгенің жөн!
16-топ элементтеріне оттегі (O), күкірт (S), селен (Se), теллур (Te) және полоний (Po) жатады, оларды басқаша халькогендер деп атайды.
Түсіндіру
Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері: ромбалық, моноклинді және пластикалық.



    1. Реакция теңдеуін жаз.

Күкіртті хлорлы атмосферада қыздыр: 
Алынған өнімді концентрлі күкірт қышқылымен өңде: 
Бөлінген күкіртті газды артық мөлшердегі калий гидроксидімен өңде: 
Алынған тұзды қайната отырып, күкірт ұнтағымен әрекеттестір: 



    1. Күкірттің тотығу дәрежесі қай қатарда өзгермейді?



SO32– – HSO4 – SCl4 – SO3
K2SO4 – SO32– – FeS2 – HS –
PbS – SCl2 – SO2 – HSO3
SO32– – HSO3 – SF4 – SO2
HSO3 – SCl2 – PbS – HS –

    1. Реакция схемасымен күкірттің тотығу дәрежесі арасындағы сәйкестікті көрсет.Сәйкестендіру саны: 3
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет