&18-19. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағындағы Тапсырма #1



Дата23.11.2022
өлшемі27,04 Kb.
#52119

&18-19. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағындағы



Тапсырма #1
Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңінің басталуы кімдермен байланысты?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қаңлылармен
B) Неолиттіктермен
C) Үйсіндермен
D) Ғұндармен
E) Ботайлықтармен
Тапсырма #2
Суретші Дүзелхановтың туындысы
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Сақтар
B) Сарматтар
C) Үйсіндер
D) Ғұндар
E) Қаңлылар
Тапсырма #3
Қытай деректерінде сақтарға туыстас болған және Бактрияға өз атын берген ирантілдес тохарлармен байланыстырылған кімдер?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Микролиттер
B) Неолиттіктер
C) Неандертальдықтар
D) көнешұңқырлықтар
E) Юэчжилер
Тапсырма #4
Еуропада таралған ғұндар бейнесі
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қасқырдың бейнесі
B) Орақтың бейнесі
C) Егіншілердің бейнесі
D) Көшпенділердің бейнесі
E) Арыстанның бейнесі
Тапсырма #5
Қазақтардың этногенезі немен байланысты?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Аң стилінің дамуымен
B) Алтынның пайда болуымен
C) Көшпелі өркениеттің пайда болумен
D) Қолөнердің дамуымен
E) Егіншілік өркениеттің пайда болумен


Тапсырма #6
Қазақтар этногенезінің бастауы кімдер болған?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қазақ жеріне ғұндардың келуі этногенезге қатысты
B) Этногенездің бастауы сан ғасыр қойнауында жатыр
C) Дәл айту қиын
D) Барлық жауаптар дұрыс
E) Андрондықтар түркі тілдес деген пікір
Тапсырма #7
Юэчжилерді ығыстырып, Солтүстік-Батыс Қытай аумағын иеленгеннен соң ғұндар қайда бет бұрды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Дунайға
B) Иран
C) Қазақстан аумағына енді
D) Сібірге
E) Рим империасына
Тапсырма #8
Барлық сақтардың ұқсастығы «скифтік үштікпен» айқындалады
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Киімдерінде ұқсастық қана біріктіреді
B) Бір жаумен жауласуы біріктіреді
C) Аңдық стиль, қару-жарағы және киімдерінің үқсастығы, , барлығына түсінікті диалектілерде сөйлеу
D) Сақтарда аңдық стиль болмаған
E) Қару-жарағы мен әр түрлі тілде сөйлеуі
Тапсырма #9
Андрондық қауымдастық пен оған туыстас мәдениеттердің мұрагерлері
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Неандертальдықтар
B) Неолиттіктер
C) Скифтер мен сақтар
D) Үйсіндер
E) Микролиттер


Тапсырма #10
Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы болжам этногенездің қандай кезеңіне жатады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Этногенездің фин-угор кезеңі.
B) Сақтар
C) Этногенездің үндіеуропалық (үндіирандық) кезеңі.
D) Юэчжилер мен үйсіндер және т.б.
E) Андрондықтар антропологиясы.
Тапсырма #11
Ұлы Даланың ирандық тайпаларының тағдыры
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) түркілермен араласып кетті және қазақтардың этногенезіне қатысты
B) Ауғанстанның оңтүстігіне кетті
C) хорезмдік, соғдылық, бактриялық этностарды құрды
D) юэчжилер (тохарлар) Бактрияда Кушан патшалығын (I-III ғасырлар) құрды
E) барлық жауаптар дұрыс
Тапсырма #12
Соққы алған ирандық тайпалардың бір бөлігі солардың одағына кірді және ассимиляцияға үшырады. Басқа бөлігі оңтүстікке және батысқа кетті.
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қаңлы
B) Ғұн
C) Сақ
D) Үйсін
E) Сармат
Тапсырма #13
Этногенездің қандай кезеңдері бар?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Этногенездің фин-угор кезеңі.
B) Андрондықтар антропологиясы.
C) Барлық жауаптар дұрыс
D) Юэчжилер мен үйсіндер және т.б.
E) Этногенездің үндіеуропалық (үндіирандық) кезеңі.
Тапсырма #14
Ғалымдардың болжамы бойынша этногенездің фин-угор кезеңінің өкілі
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Көнешұңқырлықтар
B) Андроновтықтар
C) Қарасұқтықтар
D) Ведалар
E) Ботайлықтар
Тапсырма #15
Олар Қазақстанның оңтүстігіне солтүстік-шығыстан ғұндардың ығыстыруы нәтижесінде келді
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қарақалпақтар
B) Үйсіндер
C) Қаңлылар
D) Сақтар
E) Көнешұңқырлықтар
Тапсырма #16
Көшпелілердің жинақталған және мифологияланған бейнесі
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Жолбарыстың бейнесі
B) Арыстанның бейнесі
C) Ойнап жүрген балалар бейнесі
D) Аланның бйнесі
E) Еуропада таралған ғұндар бейнесі
Тапсырма #17
Ауғанстанның оңтүстігіне кеткен сақтар сондағы өз облыстарын қалай атады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Сахаристан
B) Ноғай
C) Сакастан
D) Хорезм
E) Бесоба
Тапсырма #18
Б.з.б. II ғасырда юэчжилер ғұндардың қысымымен Солтүстік-Батыс Қытайдан батысқа қарай кетіп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағына кімдердің жеріне коныстанды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қарақалпақтар
B) Үйсіндер
C) Сақтар
D) Көнешұңқырлықтар
E) Қаңлылар
Тапсырма #19
Андрондықтар антропологиясы (мекендеген жеріне байланысты)
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Моңғолоидтік
B) Шығысында андрондық түр
C) Солтүстігінде оралдық тип
D) Барлық жауаптар дұрыс
E) Батысында жерортатеңіздік тип
Тапсырма #20
Қарасұқтықтар антропологиялық жағынан қандай типке жатады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Жерортатеңіздік
B) Неолиттік
C) Славяндық
D) Аралас тип
E) Оралдық
Тапсырма #21
Ұлы Даланың орталық бөлігіндегі тайпалардың түркілене бастауының негізін кімдер қалады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Сармат
B) Сақ
C) Үйсін
D) Ғұн
E) Қаңлы
Тапсырма #22
Қазақтар этногенезінің ерте кезеңдерін анықтау
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Экологияны зерттеумен
B) Соңғы 100 жылды зерттеумен байланысты
C) Ботайлықтардың мәдениетімен байланысты
D) Археологиялық мәдениетті зерттеумен байланысты
E) Грек елінің мәдениетін зерттеу
Тапсырма #23
Даланың шығысында, сақтар мен юэчжилерден шығысқа қарай мекендеген ғұндар қашан көшпелілердің үлкен империясын құрды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) б.з.б. III ғасырда
B) б.з.б. II ғасырда
C) б.з.б. IV ғасырда
D) б.з.б. I ғасырда
E) б.з.б. V ғасырда
Тапсырма #24
Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңінің басталуы ғұндармен байланысты екенін қандай деректер дәлелдейді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Барлық жауаптар дұрыс
B) Еуропада таралған ғүндар бейнесі - көшпелілердің жинақталған және мифологияланған бейнесі.
C) Еуропалық деректердегі ғүндардың айтылуы
D) Қытай деректеріндегі сюнну мен хунну атауларының кездесуі
E) Зерттеушілердің көпшілігі ғұндарды түркі тілдестер деп есептейді
Тапсырма #25
Орталық Азияда этникалық сана-сезім ұзақ уақыт бойы шаруашылық қызметке сәйкес қалыптасуына сәйкес қалай бөлінді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Түркілер әлемі және басқалар
B) Солтүстік және оңтүстік
C) Отырықшы және көшпелі
D) Егіншілік пен қолшеберлер
E) Сақтар мен парсылар
Тапсырма #26
Мемлекеті Сырдарияның орта ағысында және Шаш облысында орналасты
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Сақтар
B) Қаңлылар
C) Қарақалпақтар
D) Үйсіндер
E) Көнешұңқырлықтар
Дұрыс жауаптары:
1) D;
2) A;
3) E;
4) D;
5) C;
6) D;
7) C;
8) C;
9) C;
10) C;
11) E;
12) B;
13) C;
14) E;
15) C;
16) E;
17) C;
18) B;
19) D;
20) D;
21) D;
22) D;
23) A;
24) A;
25) C;
26) B;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет