1.Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері Педагог қызметкердің міндеттері мен құқықтары туралы 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында сипатталып өткен.
Педагог қызметкердің құқығы:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;
3) жеке педагогтiк қызметке;
4) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;