Лекция Д. Гоулман моделі



бет1/5
Дата03.04.2023
өлшемі58,07 Kb.
#78568
түріЛекция
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5 Лекция Д.Гоулман моделі


5 Лекция Д. Гоулман моделі

Эмоционалды интеллект» ұғымы АҚШ-та 1995 жылы үлкен шу шығарған «New York Times» газетінің белгілі журналисті Даниэль Гоулманның «Эмоционалды интеллект» кітабы жарыққа шыққаннан кейін ерекше танымал болғаны бізге белгілі болды. Д.Голман өзінің моделін П. Сэлоуей и Дж. Мэйер алғашқы идеяларын негіздеп, анықтаған компоненттерге энтуизиазм, табандылық және әлеуметтік дағдыларды қосып, алдыңғы модельдерге енгізілген танымдық қабілеттерді тұлғаның ерекшеліктерімен үйлестірді. Д.Гоулманның кітабының танымалдығының арқасында«Эмоционалды интеллект» оның моделі психологтар арасында ғана емес, сонымен қатар кең шеңберде үлкен танымалдылыққа ие болды.


Мәселені зерттей отырып, ол эмоционалды интеллекті: өзінің сезімін және басқа адамдардың сезімдерін түсіну, өзін-өзі мотивтендіру қабілеті, өзіне немесе қарым-қатынасына деген қатынастар туралы эмоцияларды толығымен басқара алу қабілеттілігі деп анықтады, сонымен қатар, бұл тұжырымдама рационалды ойлау емес деген сенімге негізделген деп есептеді. Табысты болып жетістікке жету үшін IQ жоғары болу жеткіліксіз (интеллект коэффициент); бұған қоса эмоционалды интеллект қажет деді.
Д.Голманның пікірінше, эмоционалды интеллект, эмоционалды сауаттылық (құзыреттілік) дағдыларын қамтиды:
• сіздің не сезінетіндігіңіз бен осы сезімдерді басқаруға қабілеттілігіңіз, олардың сізге кері әсер етпеуі;
• шығармашылық жұмысты жоғарғы деңгейде орындауға өзін мотивтендіру мүмкіндігі;
• басқалардың сезімдерін түсіну және қарым-қатынасты тиімді басқару.
Д.Гоулманның пікірінше, эмоционалды интеллектке аталған дағдылардан басқа, келесі сипаттамалар да кіреді, олар біліктілікті арттыру жүйесінде және өзін-өзі дамыту мен оқыту арқылы дамып жетілетін әлеуметтік-психологиялық құзыреттіліктер жатады.


Эмоционалды интеллект компоненттері



Көрініс беруі

Тұлғаның өзі

Өзге адамдар

Сана

Өзідік сана:
Эмоционалдық өзіндік санасы;
Өзін нақты бағалау;
Өзіне сенімділік;

Әлеуметтік сана:
Эмпатия;
Корпоративті сана;
Қызмет көрсетуге бағытталу;

Әрекет

Өзін игеру;
Эмоционалды бақылау;
Әрекет,сенуге болатын әрекеттер;



Өзара қатынастарды басқару:
Басқа адамдарды дамыту;
Басқаларды шабыттандыру;
Айналасына әсер ету;

Өзін-өзі бақылау дегеніміз – теріс мотивтерді дұрыс жолға бағыттап, көңіл-күйін, өз әрекетін реттеп, алға қойған мақсатына жігерлілік пен табанды ұмтылу.Бұл компонентпен байланысты құзыреттер мыналар: өзін-өзі бақылау, сенімділік және адалдық, инициативтілік пен стреске төзімділік, сондай-ақ өз эмоциясы мен мотивін, көңіл-күйін түсіну мен қабылдау, сонымен қатар олардың басқаларға әсер етуі.
Өзіндік сана - бейімділік, белгісіздік жағдайындағы бірқалыптылық, өзгеріске ашықтық және жетістікке жетуге деген мықты ұмтылыс. Бұл үш құзыреттілікке байланысты: өзіне деген сенімділік, өзін-өзі шынайы бағалау және эмоционалды өзіндік сана.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет