2.1-тапсырма. Балл қою кестесін құрастыру.
Берілген тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасына балл қою қою кестесін құрастырыңыз
Тапсырма
Периодтық жүйеде химиялық элементтер шартты әріптермен белгіленген.
Кестедегі A; B; C; D; E; F элементтер туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.
1. А және В элементтердің энергетикалық деңгейлер саны бірдей.
2. С және F элементтердің энергетикалық деңгейлер саны бірдей.
3. B және E элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде электрондар саны бірдей
4. B және D элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде электрондар саны бірдей
A) 1, 2
B) 2, 3
C) 1, 4
D) 2, 4
[1]
Магний бромиді (MgBr2) – бинарлы иондық қосылыс. Магний бромидіне сәйкес қасиеттер қатарын көрсетіңіз.
|
Судағы ерігіштігі
|
Балқу температурасы
|
Агрегаттық күйі
|
A
|
ерімейді
|
жоғары
|
қатты
|
B
|
ерімейді
|
төмен
|
сұйық
|
C
|
ериді
|
жоғары
|
қатты
|
D
|
ериді
|
төмен
|
сұйық
|
[1]
3. Оқушы белгісіз заттың қасиеттерін зерттегенде төмендегі нәтижелер алды:
▪ бөлме температурасында қатты және өте берік зат.
▪ балқу температурасы – 3200°С
▪ электр тогын өткізбейді.
Зерттеу нәтижелерін пайдаланып, дұрыс жауапты анықтаңыз.
|
Кристалдық тор типі
|
Химиялық байланыс типі
|
A)
|
Атомды
|
Ковалентті
|
B)
|
Металлды
|
Металлды
|
C)
|
Ионды
|
Ионды
|
D)
|
Молекулярды
|
Ковалентті
|
[1]
4. Берілген химиялық элементтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Li, Ar, Ca, Na, Cl, K, Br, Na, Mg, Ne
(а) Кестені химиялық элементтер таңбасымен толтырыңыз.
Сілтілік металдар
|
Инертті газдар
|
Галогендер
|
|
|
|
[3]
(ә) (а)-сұрағына жауабыңызды атом құрылысы және периодтық жүйедегі орны бойынша түсіндіріңіз.
[2]
Барлығы[5]
5. Элементтерді периодтық жүйедегі орнына бойынша сипаттауға болады.
Төменде екі элементтердің атомдарындағы электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуы көрсетілген.
және
(а) Берілген электрондық конфигурацияларға сәйкес элементтерді анықтап, таңбаларын жазыңыз.
[1]
(ә) Элементтердің қайсысы металдық / бейметалдық қасиетке ие екенін анықтаңыз.
[2]
Барлығы[3]
Жауабы:
Балл қою кестесі
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
А және В элементтерінің энергетикалық деңгей саны бірдей.
B және D элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде электрондар саны бірдей
|
1
|
|
2
|
Магний бромидіне сәйкес қасиеттерді көрсетеді.
Суда ерігіштігі: ериді; Балқу температурасы: жоғары; Агрегаттық күйі: қатты.
|
1
|
|
3
|
Білім алушы зерттелген қасиеттерді қолдана отырып заттың кристалдық торы мен байланыс типін анықтайды.
Кристалдық тор типі: атомдық; Химиялық байланыс типі: ковалентті
|
1
|
|
4
|
А) Берілген химиялық элементтерді кестеде көрсетілген топтарға бөледі.
Сілтілік металдар: Li, Na, K. Инертті газдар: Ar, Ne. Галогендер: Cl, Br.
Ә) Сілтілік металдар, периодтық кестеде Ia топшасында орналасады, сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 1 электрон, электрон құрылысы: nS1
Инертті газдар, периодтық кестеде VIIIa топшасында орналасады, сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 8 электрон, электрон құрылысы: ns2 np6
Галогендер, периодтық кестеде VIIa топшасында орналасады, сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 7 электрон, электрон құрылысы: ns2 np5
|
1
1
1
1
1
|
Әр дұрыс жауапқа 1
Жалпы 3
Элементтердің периодтық жүйедегі орнын көрсетеді 1 балл
Атом құрылысын көрсетеді 1 балл
|
5
|
Бірінші элемент: Cl; екінші элемент: Mg
Cl – бейметалдық қасиет, электрон құрылысына байланысты
Mg – металдық қасиет, электрон құрылысына байланысты
|
1
1
1
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |