2 дәріс Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі41,5 Kb.
#52079
  1   2
Байланысты:
№2 дәріс


2 дәріс
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздері


Бастауыш сыныптардағы қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясын зерттеп, оны жетілдіруде көптеген ғалымдар (М.Жұбанова, С.Рахметова, А.Асқарбаева, М.Балақаев, Х. Арғынов т.б.) ат салысып, оның негізгі заңдылықтары мен принциптерін жетілдіріп, жаңаша әдіс-тәсілдерін топтастыруда біршама жұмыстар атқарды. Бастауыш мектепте қазақ тілін меңгертудегі қазақ тілінің заңдылықтары мен сол заңдылықтардан туындайтын әдістемелік ережелерді С.Рахметова өзінің «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегінде талдап көрсетті.
Ол заңдылықтар:
1. Тілдің фонологиялық (дыбыстық және орфоэпиялық мөлшері), грамматикалық және лексикалық (сөздердің өзара байланысуы арқылы ұғым) мағыналарын дұрыс ұғыну заңдылығы;
2. Тілді ұғындырудың әр бала бойындағы жеке бас ерекшелігін (ұғымы, сезімі, танымы, қабылдау, т.б.) есепке алу заңдылығы;
3. Тілді меңгеру барысындағы сөйлеу мәнерін (эмоционалды, экспрессивті бояу) дағдыландыру заңдылығы;
4. Жазбаша сөйлеу ауызекі сөйлеудің таңбалық жүйесі екенін ұғындыру заңдылығы;
5. Қазақ тілін оқытудың негізгі ережелері бастауыш мектептегі дидактиканың оқыту принциптеріне негізделеді. Сондықтан оқытуда кең түрде қолданып жүрген Тілдің фонетика, грамматика және лексикалық мағыналарының тілдік құрамдары арқылы дыбыс, морфема, сөз, сөзтіркесі,сөйлеу, дауыс ырғағын ұғыну заңдылығы;
6. Тілді үйрену қызметінатқаратын органдардың жазатын қолдың жаттығулары мен қимыл-қозғалыстарының тәртіптелуі мен жазуға дағдылануына қатынасты байланыстылық заңдылығы;
7. Тілді жүйелі, сатылай үйрену заңдылығы.принциптер қатарына төмендегілерді атауға болады: оқытудың ғылыми принципі, жүйелілік принципі, материалдарды дұрыс орналастыру принципі, саналылық принципі, көрнекілік принципі, ынталандыру принципі,ізгілендіру принципі, оқытудың өмірмен байланыстылық принципі. Бұл принциптердің барлығының да қазақ тілін оқытуда алатын орны зор. Қазақ тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән болып табылады. Қазақ тілі пәнін оқытудың басты мақсаты - оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады:
- сөйлеу туралы қарапайым түсінік беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
- орфографиялық дағдылар қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық меңгеру;
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту;
- оқушылардың адамгершілік, эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу.
Қазақ тілін оқытудағы мақсат – мектеп оқушыларын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету, тілдерін ұстарту, жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге төселдіреді. Мектепке ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие беруде, дамытуда мынадай қағидалар басшылыққа айналады:
1. Мұғалім білімділік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт ұғымына сай келетін, анық көркем тілімен жазылған материалды іріктеп, қазақ тілі сабағында пайдалануға міндетті.
2. Балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде үнемі дағдыландырады.
3. Көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, имандылық, адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына жағдай туғызады.
Бастауыш сынып қазақ тілі әдістемесінің мазмұны
1. Бастауыш сыныптарда оқушылардың жоғарғы сыныпта оқуына, жүйелі білім алуына дайындық жасау;
2. Балалар ана тілінің құрылыдарымен үстірт танысады;
3. Олардың оқуға, жазуға дағдылары қалыптасады;
4. Ана тілі сабақтарында түрлі құбылысты бақылай білуге, қорытынды шығаруға үйренеді;
5. Мұның барлығы балаларды жүйелі білім алуға жақындауға орасан зор маңызы бар алғышарт болып табылады.
Бала тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді. Олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс одан әрі жалғаса түседі. Мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі басталған табиғи үрдістің заңдылықтарына негізделіп жүргізіледі. Тілдің өз табиғатынан жеті заңдылық шығады. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, грамматикалық, лексикалық мағыналарды меңгереді. Балалар ана тілінің мұндай мағыналарымен мектепке дейін танысады. Мектептің міндеті – ана тілінің сан алуан граматикалық қатынастары мен көріністерін үйретіп, тіл байлықтарын арттыра түсу. Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан-жақты, кең ойлай алатындай болу керек. Граматикалық мағынаны ұғыну барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды түсінеді, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады. Тілді ұғыну – ана тілінің фонологиялық, граматикалық және лексикалық фактілері мен оқушылардың тіл байлығын арттыру. Әдістемелік принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды талап етеді:
1. Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
2. Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
3. Қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, балалардың лексикалық қорын байыту, оларды сөйлеуге үйрету.
Осы ережеге сай, бастауыш мектептерде бағдарламалар жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және әдістері белгіленеді.
I заңдылық
Тілді ұғыну үшін сезімталдық керек. Грамматиканы үйрету «Тілдік сезімталдыққа» сүйеніп іске асырылады. Әдістемелік ережелерді сақтау талап етіледі. Оқушылар өздеріне белгісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра алатындай материал іріктеледі.
II заңдылық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет