2-МОДУЛЬ. ТҰЛҒАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2-ДӘРІС. ТҰЛҒАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫ
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!
Біздің дәрістің тақырыбы: Тұлғаның мотивациялық сферасының теориялық негіздері.
Дәрістің жоспары:
Мотив және мотивация туралы түсінік;
Мотивация теориялары: А. Маслоу, және Д. МакКлелланд теориялары;
Йеркс-Додсон заңы.
Дәрістің мақсаты: Тұлғаның мотивациялық сферасына психологиялық талдау бере отырып, студенттердің жетістікке жету мотивациясын көтеріп, өзін-өзі ынталадыру қабілетін қалыптастыру.
Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:
1-ОН: Мотив пен мотивация ұғымдарын жіті зерттеу арқылы, өмірдегі болып жатқан жағдайларға психологиялық талдау беріп, түсіну және мотивациялық әлем жайлы түсініктерді қалыптастыру;
2-ОН: А. Маслоудың қажеттіліктер пирамидасын сипаттау арқылы өзін-өзі және өзгелерді ынталандыру механизмдерін анықтау;
3-ОН: Билікке, жетістікке және қатысуға деген қажеттіліктерді жіктеу арқылы, қоршаған адамдардың іс-әрекет себептерін ұғыну;
4-ОН: Жасалып жатқан жұмыстың жағдайы мен мәніне байланысты адамдардың мотивациясын көтеру құралдарын түсініп, жұмыс орнындағы қарым-қатынас сапасын арттыруға арналған әдістерді қолдану;
5-ОН: Адамдардың ең биік нәтижелі іс-әрекетінің тиімді мотивация деңгейін анықтау арқылы, өз жетістігі мен өзгелердің жетістікке жету жолдарын анықтайтын бағдарламалар мен сызбалар құрастыру.
І.Мотивация – адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Егер мотивацияны процесс ретінде қарастырсақ, оны бірінен соң бірі жүріп отыратын 6 кезең арқылы көрсетуге болады:
қажеттіліктердің пайда болуы: физиологиялық, психологиялық немесе қоғамдық қажеттіліктің пайда болуын анықтау. Мысалы, су ішкіңіз келді, немесе достарыңызбен кездескіңіз келді.
қажеттіліктерді жоюды іздестіру жолдары: пайда болған қажеттілікті қанағаттандыру, басу, байқамау сияқты жою жолдары қарастырылады. Осы жерде қажеттілік әрекетке мотив туғызады. Мысалы, шөлдеп, жақын маңнан су іздей бастайсыз.
қызметтің мақсатын (бағытын) анықтау, яғни пайда болған мотивтердің күшіне байланысты қажеттілікті жою үшін адам қандай құралдарды қолдана алады. Осы кезеңде адам өзі үшін 4 сұрақты шешіп алуы қажет:
қажеттілікті жою үшін не істеу керекпін?
қалаған нәрсеме қол жеткізу үшін не істеуім керек?
қалаған нәрсеме қаншалықты дәрежеде қол жеткізуім мүмкін?
менің алатыным қаншалықты қажеттілікті жоюы мүмкін?
қызметті іске асыру кезеңі. Бұл кезеңде адам нақты іс-әрекетке көшеді.Қызметті іске асыру процесінде мақсаттар мен қажеттіліктер өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мысалы, шөлдеп, су іздеген адам дүкенге кіріп, су емес сусын алады. Жанама түрде шөлін қандырды, бірақ алғашқы қажеттілік өзгерді.
қызметті іске асырғаны үшін сыйлық алу: адам әрбір іс-әрекет соңында өзі қанағаттанарлық сый-ақы алғысы келеді. Бұл іске бағытталған мотивацияныңне күшеюі, не әлсіреуі, не сақталуына әсер етеді. Мысалы, судың орнына сусын алып ішіп, сіздің көңіліңіз көтеріліп қалуы мүмкін, немесе сусынның тәттілігінен құмарыңызды қандыра алмай, келесіде мұндай іс-әрекетке мотивацияңыз төмендеуі мүмкін.
қажеттіліктерді жоюкезеңі.
ІІ.Мотивация ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі мотивация адамның ішкі сезімдері мен эмоциясынан, түйсік түпкірінен туындаған мотивация. Мысалы, арман, шығармашылыққа ұмтылу, қызығушылық. Сыртқы мотивацияға қоршаған ортадан алатын заттық (материалды) немесе рухани (моральдік) құбылыстар: ақша, мадақтау, мансап, дүние-мүлік және т.б.
Адамды қажетті іске ынталандыру үшін арналған түрлі әдістер бар. Оның ең бірінші және ең көп тараған әдіс бұл жазалау және қолпаштау әдісі. Егер адам бір істі аз уақытта сапалы деңгейде бітірсе, ол қолпаштау ретінде рухани (моральді) немесе заттық (материалды) марапат (ақша, құрмет, мансап) алуы тиіс.
Егер ол істі уақытылы дұрыс бітірмесе, ол жазалау (айыппұл (штраф), заттық (материалдық) құндылықтан айырылу т.б.) алып, болашақта мұндайға жағдайға жол бермеуге тырысады. Бұл әдіс таяныш (оперантты) үйрену теориясынан алынған танымал техника.
Психологияда мотивацияның танымал үш теориясы бар. Оның алғашқысы, А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы. Бұл теорияның негізгі идеялары:
Адамдар үнемі белгілі бір қажеттіліктерді сезінеді;
Қажеттіліктер топтары бір-бірімен иерархиялық қатынаста орналасады;
Егер де бір қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнына қанағаттандырылмаған басқа қажеттілік пайда болады;
Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер жалпы түрде қанағаттандырылған соң белсенді түрде адамға әсер ете бастайды.
Маслоудың теориясы бойынша қажеттіліктерді бес топқа бөлуге болады (1 сурет): физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, демалыс, баспана және т.б.), қауіпсіздік және болашаққа деген сенім қажеттілігі (өмірді, денсаулықты сақтау, ертеңгі күнге және зейнетақымен қамтамасыз етуге деген сенімділік және т.б.), әлеуметтік қажеттіліктер (ұжымға қабылдануы, олардың қадірлеуіне және қуаттауына, адамдардың жылы лебізді қатынастарына ие болу), құрметке ие болу қажеттілігі (адамның өзін-өзін сыйлауы, жеке басының жетістіктері, басқалардың көрсететін қызметі мен құрметі), өзін-өзі таныта білу қажеттілігі (өзінің қабілеттерін ашуға, шығармашылыққа, дамуға, өз өмірінің мәнін түсінуге деген ұмтылыс).
1 сурет – А.Маслоудың қажеттіліктер пирамидасы
Маслоудың теориясына сәйкес, адам ең алдымен өмір сүруінің шарты болып табылатын физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады екен, содан соң қауіпсіздік, ертеңгі күніне сенімділікті ойлайды. Егер тұрып жатқан үй, ортасы, мемлекеті қауіпсіз болмаса, адам өзін толыққанды бақытты сезіне алмайды және сол қажеттілікті қанағаттандырмай, жаны жай таппайды. Ары қарай адам өзіне түсінетін дос, сүйікті жар, құрмет іздеп, өзін-өзі танытуға тырысады екен.
Келесі мотивациялық теория авторы Д. МакКлелланд 3 түрлі қажеттіліктер топтарын анықтаған, олар: билікке деген, жетістікке жетуге деген және қатысуға деген.
билікке деген қажеттілік
билікке деген қажеттілік
жетістікке жетуге деген қажеттілік
қатысуға деген қажеттілікға деген қажеттілік
Достарыңызбен бөлісу: |