2. Ертегілердің балалар әдебиетіндегі орны. Қазақ ертегілерінің тақырыбы, сюжеті



Дата31.12.2021
өлшемі42,83 Kb.
#21841

Ертегілер, батырлық эпостың балалар әдебиетіндегі ролі 1. Ертегілердің түрлері.

2. Ертегілердің балалар әдебиетіндегі орны.

3. Қазақ ертегілерінің тақырыбы, сюжеті

4. Халықтық ертегілер өмір шындығын баяндайтын фантастикалық негізге құрылған көркем шығарма. Эпостық жырлар және балалар әдебиеті. Батырлық эпос.

Ертегі түрлері

Балалар әдебиетіндегі орны

Мысалдар

Жан жануарлар туралы) ішінара:классикалық,этиологиялық,апологтар болып бөлінеді(

Қоғамдағы адам іс әрекетін аллегориялық түрде жануарлар арқылы бейнелеп жеткізеді.Мысалы:түлкіні қулықтың,арыстанды ақылсыз қара күштің ал қоянды қорқақтықтың символы етіп теңейді. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінде аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.Осылайша балалар өсе келе осы қасиеттерді адам бойынан іздейтін болады.

Мүшел,үркер,кім күшті,хайуандардың жыл басына таласуы т.б.

Қиял ғажайып

Ол түсініктері көбінесе мифтік ұғымға, бұлдыр сезімге ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдайларға байланысты болады. Ертегілердің оқиғасы фантазиялық түрде айтылады.Мұндай ертегілер балаларға қанат бітіріп,қиялдарын ұшқыр етеді

Ұшқыш кілем,Жүрдек етік, “Ер Төстік”, “Керқұла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнікей қыз”

Батырлық

Ауыз әдебиетінің негізгі жанрларының бірі.Кейде өлеңмен болмаса қара сөздермен беріледі. Батырлық ертегілердің негізгі тақырыптары - сүйген адамына қосылу жолында, неше түрлі құбыжықтармен,жалмауыздармен соғысу, елі үшін жаудан кек алу жолында ерлік көрсету болып табылады.Бұл балаларды батырлыққа тәрбиелейді




Сатиралық

Мұнда
ертедегі нанымдар мен түсініктер күлкіге айналады, олар жоққа
шығарылады. Сонымен бірге ертегінің бұл түрінде өзі суреттеп отырған оқиғаны,құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі қолданылады.Бұл балаларды жұртқа күлкі болмауға,әрдайым ақылмен әрекет етуге үйретеді

Алдар көсе,білгіш,Қожанасыр т.б.

Шыншыл

Шыншыл ертегіге халық өзінің қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы бар тірліктерін баяндайды. Бұл ертегілерден халықтың көп ғасырлық мұң-арманы аңғарылады, талай тартысы танылады. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіреді

"Алтын сақа", "Жаналы" "Дарыш мергеннің ұлдары", "Хан мен баласы", "Әби-Тәби""Жеті қарақшы мен момын", "Көз бояушы ұры"т.б.

Эпостық жырлар басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі – шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады Батырлық жырлар, көбінесе 7-8 буынды жыр тармақтарымен жырланады, кейде он бір буынды қара өлең ұйқасымен де жырланады. Жырда әсірелеу, суреттеу басым болады, жыр жедірме екпінімен жеңіл айтылады.Ел аузына көп таралағандары: «Алпамыс батыр» жыры, «Қобыланды батыр» жыры,«Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жыры

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет