2. Конкурс білім беру мазмұнын жаңарту мен жетілдіруді насихаттауға бағытталған



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата10.10.2022
өлшемі117,85 Kb.
#42068
түріКонкурс
  1   2   3


«Үздік авторлық бағдарлама»
республикалық конкурсын қалалық кезеңін өткізу
ЕРЕЖЕСІ
1.
Жалпы ережелер
1. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының қалалық
кезеңін (бұдан əрі – конкурс) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту жəне психологиялық сүйемелдеу
орталығы (бұдан əрі – «Астана дарын» ДДжПСО) өткізеді.
2. Конкурс білім беру мазмұнын жаңарту мен жетілдіруді насихаттауға
бағытталған.
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
3. Конкурстың мақсаты – пəндер бойынша таңдау курстарын, арнайы
курстар, элективті курстар, оқу пəндерінің авторлық бағдарламаларын
құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тəжірибесін
анықтау жəне тарату.
4. Конкурстың негізгі міндеттері:
– зерттеуші-педагогтың шығармашылық əлеуетін анықтау жəне қолдау;
– практикада өзінің жеке əзірлемелерін қолдануға мүмкіндік туғызу;
– алдыңғы қатарлы педагогикалық тəжірибені тарату;
– шығармашылық қызметтің нəтижелерімен, педагогикалық идеяларымен
жəне жобаларымен бөлісу.
3. Конкурсқа қатысушылар
5. Конкурсқа педагогикалық өтілі 5 жылдан кем емес білім беру
ұйымдарының қызметкерлері, бала-бақша тəрбиешілері, оқу-əдістемелік
орталықтарының, қосымша білім беру орталықтарының əдіскерлері қатыса
алады. Командалық жобалар қарастырылмайды. Соңғы үш жылда
ұсынылған жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.
6. Конкурстың қалалық кезеңіне қатысушыларды Білім беру мекемелерінің
педагогикалық ұжымы ұсына алады.
4. Конкурстың мазмұны мен өткізілу нысандары
Конкурстың сараптама кезеңі
қыркүйек, ал корытынды кезеңі қазан
айында өтеді. Конкурстың іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар қорытынды
кезеңіне
жіберіледі.
Қорытынды
кезеңге
қатысушылар
төмендегі
материалдарды жібереді:
1) авторлық жұмыстың электрондық нұсқасын;
2) бейне қойылымы 3-4 минуттан аспайды (FullHD бейне сапасы 1920*1080,
бейне қатынасы 16: 9).
7. Конкурсқа ұсынылатын авторлық бағдарламалар: элективті курстар,
қолданбалы курстар, таңдау бойынша курстар, арнайы курстар.
8Авторлық бағдарламаның элементтері:
– бастапқы бет (1-б.);


– рецензия кемінде 3 рецензия (ғылыми қызметкердің, практик-мұғалімнің
еңбек өтілі 10-15 жыл болуы керек) (3-б.);
– түсіндірме жазба (1,5-2 б.);
– оқу-тақырыптық жоспар (3-4 б.);
– авторлық бағдарламаның мазмұны (2 б.);
– авторлық бағдарлама (10-20 б.);
– əдістемелік сүйемелдеу (2 б).
Бастапқы бетте:
o заңды құжатына сай білім беру ұйымының атауы;
o тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын куəландыратын құжатқа сəйкес),
бағдарлама авторының қызметі;
o авторлық бағдарламаның атауы;
o авторлық бағдарламаны əзірленген жылы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет