2 курс білім алушысы Камелова Миленаның



Дата31.12.2021
өлшемі13,77 Kb.
#23453
түріСабақ

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің

2 курс білім алушысы Камелова Миленаның

18.01.2021 - 08.05.2021ж күндер аралығында өткен

оқу тәжірибесінде өткізілген жұмыстарының


Есебі
18.01.2021 - 08.05.2021 ж күн аралығында №81 мектепте байқау және бақылау іс-тәжірибесінен өттік.

Мектепке барған сәтте мектеп ішімен таныстық. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен танысып,бізді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшілерге бөлді. Сынып жетекші - Берденова Канзада Абдуманаповна. Канзада Абдуманаповна бізді өзінің сабақ беретін сыныптарымен таныстырды. Ол 9 сыныптарына сабақ береді. Сыныптарға кіріп таныстық. Канзада Абдуманаповнаның күнтізбелік жоспарымен таныстық. Бұл практикада он алты апта бойы жүргендіктен, мектеп бағдарламасын жетік меңгере алдым. Мектеп құжаттарымен танысып, ол құжаттармен жұмыс жасауға тырыстым.

Менің тәжірибеден өтетін сыныбым - 9"ә". Сынып оқушылары белсенді, сабаққа ынталы. Қашықтықтан оқытуға әбден машықтанған, интернет желісін тиімді пайдалана алады. Сабаққа қатыстары өте жоғары. Маған берілген сынып 9 "ә" сыныбы. Жетекшімнің жіберген сілтемесі арқылы ZOOM платформасында сабаққа кіріп бақылау жұмысымды бастап кеттім.

Тәжірибе барысында тек қана оқушылардың сабаққа қатысуын ғана емес, пән мұғалімінің де сабаққа қойған мақсаттары мен міндеттеріне зер салып қарап жүрдім. Себебі, ол менің болашағы керек зат деп білдім.

Қорытындылай келе, мен бұл практикадан болашақ мұғалім ретінде көп нәрсе үйрендім. Сабақ жоспарын дұрыс, әрі сауатты құруды, сабақ өтуді,түрлі жаңа әдістерді өз сабағымда қолдана білдім. Балалармен қалай жұмыс жасауды үйрендім. Осы практика барысында мен өзімнің шеберлігімді шыңдай білдім. Осы практикада жинаған тәжірибемді болашақта кеңінен, әрі қорықпай қолданарыма сенімдімін.




Практикант: М.С. Камелова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет