2 МӨЖ Жазушы тілі және шеберлік Жазушының шеберлік жолындағы ізденістерінің айқын іздерін сөз қылғанда, нені айтты дегеннен көрі, қалай жеткізді деген мәселе көбірек назар аудартады. Жазушы жасампаздығы – көркемдік дейтін шетсіз-шексіз әлемге тартқан миқанатты сапар. Басқан жол ұзарған сайын – шеберлік жолы да күрделене, түрлене түседі. Өйткені, шеберліктің даңғыл, бұзылмас жолы жоқ. Көзге көрінбес адам жанының мың құпялы тереңіне тартқан нәзік жолдың ешқашан қағидалы үлгісі болмайтындығы және белгілі. Оның үстіне сондайлық белгісз әлемді табу, ашу жолындағы қаламгердің ғұмыр бойлық жанкешті сапары ауырлаған сайын биіктеп көрнектілене түседі. Түпқазық нысана – айтарын бедерлі бейнемен, соны образ, жаңа жолмен жария ету. Әрі жазушы өз көкірегіндегі лықсыған сезім мен сырды көптің көңіліне мейілінше әсерлі жеткізу жолында көркемдіктің сан алуан жолын іздейді, тынымсыз еңбектенеді. Бұл үшін жазушы көркемдік дейтін алып ғимараттың әр бөлшегін құрайтын әрбір деталь, түйіннің бәрі-бәріне де көңіл аударып, шеберлік жолындағы ең ұтымды жолын қарастырады, табады. Соның ең бастысы – тіл образдылығы, ой дәлдігі және қысқалық. Жазушы шеберлігін айқындап, стиль ерекшелігін даралай түсетін де осылар. Дүние әдебиетіндегі классик жазушылардың қай-қайсысының да ең көп айтатын, жасампаздығында іске асыруға барынша тырсатын маңызды буын да осы үшеуінен бастау алады. Әдеби норма мен нормалану заңын біле тұра, оны басқаша бір мақсатқа сай етіп, асыра сілтеп, мағынасы дұрыс келмесе де өзгеше етіп жұмсаудан болған қателіктер. Осыған М.Балақаевтың көрсеткен мысалдары дәлел. «Мысалы, М. Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасында» бойшаң, сом денелі Тектіқұлды «атан жілік азамат еді» деп суреттейді.
Сәкен Сейфуллин «Тар жол, тайғақ кешуде» етектері сүйретіліп би билеп жүрген жағымсыз әйелдерді «Мысық құйрық етектер» деп атайды; Абай «Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кетер балбырап» деп, тауды адамша қалғытып, «ұйқыға кетер балбырап» деуі — сөздердің жайшылықтағы тіркескен топтарының нормалары емес — көріктеу, көркемдеу мақсатымен нормадан ауытқыған әсем суреттері. Немесе диалектизмдер әдетте әдеби тіл нормасына енбейді, бірақ Мұхтар Әуезов «Білекке — білекте», Ілияс Жансүгіров балықшылар өмірінен жазған пьесасында жергілікті диалектизмдерді әдейі персонаждарына айттырып, өте орынды қолданғанын білеміз. Ондайдың жөні бір басқа»[4].
Бұл мысалдар сол заманғы ақын-жазушыларымыздың өзіндік жазу стиліне сай жасалған тіркестері екенін көріп отырмыз. Қазіргі таңда да осыған ұқсас қателіктер көп кездеседі. Мысалы: –Бағдарламаның «негізгі аналығы» қайда жүр?( Әділбек Ыбырайымұлы.2020). Негізгі аналығы деген сөз тіркесі тілдік норманың талаптарына сай келмейді, негізгі аналық деп айту норма жүйесінде жоқ. –Кезінде дүркіреген «Үміт мүйісі» еді.(Ырысбек Дәбей. Жарғанат). Үміт мүйісі деген сөз тіркесі түсініксіз, тілдік нормаға жат тіркес. Автор өзгеше дүние жасаймын деп әңгімеде жұмыс атауын осылай атағанынан норманың талаптарына кері әсерін тигізген.
Тілдік нормадағы ауытқушылықтарды халықтың диалект сөздерінен көруге болады. Оған классик жазушыларымыз Мұхтар Әуезов пен Бейімбет Майлиннің шығармаларынан мысал келтіруге болады. Б.Майлиннің «Қыздың зары» әңгімесінде Шынаргүл әкесіне арнап төмендегідей зар айтады:
«Қойдай ғып әкем сатты мал бергенге Жете алмай ой түбіне болдым делбе Аяса қайтетін еді әкем байқұс, Баласы ем кемерінен шыққан мен де!» Осындағы делбе сөзін халықтың барлығы түсіне бермейді.
«Қаудыр тон» әңгімесінде: «Газетке қатысымның жоғын сезіп қалған соң, айтқысы келмеді білем, анау-мынау еді деп жұбатайын деді.». Бұл жерде қарапайым сөзді қолдану арқылы нормалық талапқа сай келмей тұр. Қорыта айтқанда, қазақтың классик жазушыларының өзі тілдік нормаға сай келмейтін, бірақ жарыспалы қолданыста қолданылып жүрген сөздерді өз еңбектерінде пайдаланған. Жазушылар екі түрлі жағдайда жарыспалы қолданыстағы сөздерді қолданған. Біріншісі – кейіпкерлер арқылы шықса, екіншісі – автор өз ойын жеткізу барысында қолданған.
Тілдік норманының мәселелеріне тілдік тәсілдер де өз үлесін қосуда. Тілдік тәсілдер адамның ойын тек бір қалыпты күйінде емес, әр алуан ерекшеліктері мен нәзік кейде қатал, эмоция мен экспрессивті құбылыстарын білдіру құралы ретінде қолданылады, кейде жазушылардың тілдік тәсілдерді асыра қолдану кесірі норманы елемеуге алып келеді. Мағына мен ұғым, ой мен пікір бірдей болмайтындай