Сөздер айтылуы жағынан ең кішкене бөлшектер – буындарға ажырайды. Буын тікелей дауысты дыбыстарға байланысты. Сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда ауа еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады.

Буын – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар ( дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше.
Буын – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар ( дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше.
Буынға тән негізгі белгілер:
Буынға тән негізгі белгілер:
1.Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
2.Дауысты дыбыс жеке тұрып буын құрай алады (а-та, ә-же, а-па, т.б).
3.Бір буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп ).
4.Буында мағына болмайды.
5.Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, буындар да екі дауыссыздан басталмайды. (сқақ, рза, деп жазбаймыз, дұрысы: ысқақ, риза, ).
6.Қазақ тілінде сөздің басындағы буын ғана дауыстыдан басталады, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б) буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ).
7.Сөздердің айтылуындағы буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Са-рар-қа, ке-лал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды ).
Н. Сауранбаев төртке, С. Мырзабеков екіге бөледі. Ал
С.Кеңесбаев үшке бөлуі барлық оқулықтарда қайталанып келеді.
Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі:
Ашық буын – бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше).
Тұйық буын – дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, ал, ән, ас).
Бітеу буын – дауссыз дыбыстан басталып, ортасы дауыстыдан болып, дауыссызға аяқталатын буын (тіс, қыз, мұз).
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны белгілі. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап келетініне байланысты.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны белгілі. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап келетініне байланысты.
Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан А.Байтұрсынов. «Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын түсіндіреді». Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін (сырын), ережесін ұсынбайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді:
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді:
1. Бір дыбысты: а-та, ә-же, отыр. Бір дыбысты буындартек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөзбасында ғана кездеседі.
2. Екі дыбысты: ба-ла, қа-ла, та-за-ла.
3. Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, ұлт.
4. Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт. Тіліміздегібайырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төртдыбыстан аспайды.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ант, ұлт, ас-қа, ант-ты. Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан басталмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстанған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. Қ. Жұбанов отызыншы жылдары былай жазады: «...буын жігі оңай, механикалық түрде табуға болады. Ол үшін жазған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз, сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады».

Сөздің буын құрамы:
Сөздің буын құрамы:
Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақтіліндегі негізгі түбір сөздер (түбір морфемалар) мынадай болып келеді:
1. Бір буынды: ай, ат, бал, бас, қол, көз, ал, кел.
2. Екі буынды: а-на, а-та, ә-ке, ба-ла, тү-йе, жыл-қы.
3. Үш буынды: мұ-ға-лім, қа-на-ғат, а-бы-рой.
4. Төрт буынды: ы-ра-қы-мет (рахмет), і-ре-зең-ке(резеңке).