1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;*
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді? -10ж
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді? Араб, парсы, түркі
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді? -13 ж
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?- 1870ж.;*
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз. «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».*
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді? Көкпай;*
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;*
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;*
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз. ) «Жаз»;*
11. Қай өлеңнен? «Жазғытұры»;*
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты? ) шалыс ұйқас;*
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
«Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;*
14. Қай шығармадан? «Сегіз аяқ»;*
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған? Е) 27.*
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз. - «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;*
17. Абайдың қанша поэмасы бар? - 3
18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған-«Әзім әңгімесі»;*
19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз.- «Ескендір»;*
20. Абай: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», - деп нешінші қара сөзінде жазды? -Он сегізінші сөзінде;*
21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім? -М. Әуезов;*
22. Қай қара сөзінен?
«Жас бала анадан туғанда 2 түрлі мінезбен туады». - Жетінші;*
23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең, алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды,
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
В) Аллитерация;*
24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған? -Д) Кейіптеу;*
25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;*
1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?- А. Байтұрсынұлы;*
2. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді», «Тұла бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады? - Әбдірахманға;*
3. Қай өлеңнен?
Ойында жоқ бірінің,
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой.. -«Интернатта оқып жүр»;*
4. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз - «Жалау»;*
5. Пара беріп, билікке қолы жеткен екі жүзді жемқор болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ еткен өлеңін табыңыз. - «Болыс болдым, мінеки».*
6. Абайдың өзі шығарған өлең - әндерінің саны қанша? - 20 шақты; *
7. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды? -1889.*
8. Қай өлеңнен?
Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.- «Сегіз аяқ»;*
9. Абайдың руы кім?- Тобықты;*
10. Абай «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін» қай жылы жазды?
А) 1885ж.;*
11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды? 116 тілге;*
12. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы - Абайдан»,- деп кім айтты? - Мұхтар;*
13. Абай оқыған медресе? -Ахмет - Риза медресесі;*
14. Абай қай жылдары болыс болды? - 1876 - 1878;*
15. Төбе би болып сайланған жылын белгілеңіз. -1885 ж.;*
16. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды? -10 жастан*
17. Абай: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзіме алайын», - деп кімге айтты?
С) Көкпай;*
18. Қай өлеңнен?
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап. - «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;*
19. Абай: «Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар»,- деп нешінші қара сөзінде жазды?
Е) Жиырма тоғызыншы.*
20. Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман қай жылы қайтыс болды? -1895ж.;*
21. Құбылтудың (троптың) қай түрі? -Метафора;*
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
22. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?-1909ж. Петербург.*
23. Абайдың неше күйі бар?- 3;*
24. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.-«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»;*
25. Қай өлеңнен? «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»;*
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |