2 тақырып. Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері



Дата19.02.2023
өлшемі15,85 Kb.
#69161

2 тақырып.Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері
1. Жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып,тәуекелге бару және мүліктік жауапкершілік арқылы табыс табуға бағытталған бастамашылық қызмет – бұл:
A) отбасылық кәсіпкерлік
B) дара кәсіпкерлік
C) бірлескен кәсіпкерлік
D) жай серіктестік
E) шаруашылық серіктестік


2. Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда жүзеге асырыла алады:
A) жеке және өзіндік кәсіпкерлік
B) өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік
C) жеке, бірлескен кәсіпкерлік және жай серіктестік
D) ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, отбасылық кәсіпкерлік және жай серіктестік
E) ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі, шаруа қожалығының ортақ бірлескен меншігі және өзіндік кәсіпкерлік


3. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым – ол:


A) акционерлік қоғам
B) өндірістік кооператив
C) шаруашылық серіктестік
D) корпорация
E) дара кәсіпкерлік


4. Дара кәсіпкерге лицензия берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге құқылы:
A) әділет органы
B) ҚР Парламенті
C) салық органы
D) жергілікті атқару органы
E) ҚР Үкіметі


5. Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік:
A) толық серіктестік
B) сенім (коммандитті) серіктестік
C) жауапкершілігі шектеулі серіктестік
D) қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі
E) жай серіктестік


6. Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейтін серіктестік:



  1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  2. Сенім (коммандитті) серіктестігі

  3. Толық серіктестік

  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

  5. Жай серіктестік

7. Толық серіктестіктерден және коммандиттерден тұратын серіктестік:



  1. Жай серіктестігі

  2. Толық серіктестік

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

  5. Сенім серіктестік

8. Толық серіктестіктің қатысушы серіктестіктен шыға алады:



  1. Кез келген уақытта

  2. Алты ай бұрын ескерте отырып

  3. Серіктестікке кіргеннен кейін екі жылдың ішінде

  4. Бір жыл бұрын ескерте отырып

  5. Бес жылдан кейін

9. Жарғылық капиталының мөлшері салымдарды енгізу сәтінде 25 айлық есептік көрсеткішпен кем болмауы керек:



  1. Толық серіктестікте

  2. Сеніи серіктестігінде

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте

  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікте

  5. Акционерлік қоғамда

10. Азаматтардың мүшелік негізде өз еңбегімен қатысуына және мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік – ол:



  1. Өндірістік кооператив

  2. Акционерлік қоғам

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  4. Толық серіктестік

  5. Жеке серіктестік


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет