Мобильді оқыту Орындаған: Бағдат Тоғжан



Дата09.12.2022
өлшемі7,55 Kb.
#56095

Мобильді оқыту Орындаған: Бағдат Тоғжан

Мобильді оқыту

Орындаған: Бағдат Тоғжан

Оқу тобы:МИ 20-1

Еліміздегі мобильді оқыту


  • Еліміздегі мобильді оқыту

  • Мобильді құрылғылардың тиімділігі

  • Мен пайдаланатын мобильді қосымшалар

  • «Мобильді оқыту» – мобильді құрылғылардың көмегімен кез келген уақытта, кез келген жерден білім алу.

  • Дж. Тракслер:«Мобильді оқыту» - дәстүрлі оқыту үдерісін өзгертеді, оқу материалдарының берілуін, оған қолжетімділікті түрлендіреді және сана мен менталитеттің жаңа формаларын қалыптастырады»

Неліктен «мобильді оқытуды» енгізу білім беру үшін тиімді: - «мобильді оқыту» – жеке тұлғаға бағытталған. Оқушылар өздерінің қойған мақсаттарына сәйкес, қажеттілігін қанағаттандыратын білім мазмұнын таңдау мүмкіндігіне ие болады; - білімді меңгеруге икемді құрал арқылы, жылдам қол жеткізу оқушының еңбегін өнімді етеді; - өзінің сұранысын қанағаттандыратын контентке жылдам қол жеткізу.

Біздің елімізде қазір «мобильді оқыту» электронды оқытудың қосымша формасы ретінде қолданылуда. Бірақ қолданылу аясы әлі де болса қажетті деңгейде емес. Оған себеп: 1. сапалы білім беретін контенттердің жеткіліксіздігі және оны іске асыруға қажетті алғы шарттардың жеткіліксіздігі; 2. жаппай білім алуға пайдаланылатын біртұтас жүйенің жасалмауы; 3. желілік байланыс қызметінің бағасының жоғарылығы.

Мобилді оқыту бірқатар мәселелер мен қиындықтарды тудырады, атап айтқанда оған келесі мәселелер жатады: Техникалық мәселелер: ұялы құрылғылардағы экрандардың және пернетақталардың өлшемінің кішілігі; ғаламторға қол жеткізу кезіндегі мәселелер; ұялы құрылғылар тек қана қуат көзімен ғана жұмыс істейтіндігі; ұялы құрылғыларда қол жетімді жад көлемі; ақпараттық қауіпсіздік мәселелері; құрылғылар сипаттамалары, мобилді платформаға байланысты бірыңғай стандарттардың жоқтығы; ұялы құрылғылар үшін қарапайым электронды контентті қайта өңдеу қажеттілігі; ұялы құрылғыларды жоғалтуға байланысты қауіп-қатерлер. Әлеуметтік және білім беру мәселелері: барлық оқушылардың сапалы ұялы құрылғыларды алуға мүмкіндіктері жоқ; оқу нәтижелерін бағалауға байланысты мәселелер; оқу контентінің қауіпсіздігіне байланысты мәселелер; мобилді технологияның өте тез, қарқынды дамуы; ұялы оқыту үшін педагогикалық теорияның жұмысқа жарамсыздығы; электронды оқыту және ұялы оқытудың концептуалды айырмашылықтары; жекеақпараттардың қауіпсіздігімен байланысты мәселелер; ұдайы жаңартулардың қажеттілігі; жеке өмірмен жұмыс/оқудың араласып кетуі.

Бұл мәселені шешу үшін келесі нұсқауларға аса назар аударуы керек: қолданбаларды барынша қызықты етіп жасалуы; қолданыстағы бар құрылғыларда қолданбаның қатесіз жұмыс жасауы; жарнамалар мен вирустық спамдардың болмауы; оқытылатын деректердің ақиқаттылығы мен сапалылығы; жиі жаңартылып отыруы; автономды жұмыс жасауға барлық мүмкіндіктердің жасалуы. Осы талаптарға сәйкестендіріп жасалған қолданба мобилді қолданбалар нарығында үлкен сұранысқа ие болмақ.

Мен пайдаланатын мобильді қосымшалар


  • – ұялы телефондар, смартфондар (Bleackbery), коммуникаторлар (iPone).

  • – МP 34 плеерлер, нетбук кітаптар, электронды ойындарға арналған құрылғылар

  • (Nintendo DS), касткассетaларды тыңдау құрылғылары (iPod), GRS навигаторлары;

  • – портативті компьютерлер – портативті қалта компоненттері (ПҚК), планшетті

  • компьютерлер (iPad).

Stepik (2016 жылдың тамыз айына дейін – Степик) – ресейлік білім беру платформасы және тегін ашық онлайн курстары. Кез келген тіркелген пайдаланушыға бейнелерді, мәтіндерді және автоматты тексеру және жылдам кері байланыс арқылы әртүрлі тапсырмаларды пайдаланып интерактивті оқулықтар мен онлайн курстар жасауға мүмкіндік береді. Оқыту процесінде студенттер форумда бір-бірімен пікірталас жүргізіп, оқытушыға сұрақтар қоя алады. Курстарда қарастырылатын негізгі пәндер бағдарламалау, математика, биоинформатика және биология, экономика; Курстардың негізгі тілі – орыс тілі, ағылшын тілінде курстар бар.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ


http://melimde.com

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет