2 Зертханалық жұмыс 1-жаттығу Тақырыбы



бет1/2
Дата16.10.2023
өлшемі226,58 Kb.
#116066
  1   2

2 Зертханалық жұмыс
1-жаттығу
Тақырыбы: Механика бөлімі бойынша компьютерлік модельдер.
1. Математикалық маятниктің компьютерлік моделімен эксперимент жүргізу.
2. Математикалық маятниктің компьютерлік моделімен маятниктің периодын есептеу.
3. Жүргізілген эксперименттік нәтижелерді автоматтандыру.

Мақсаты: Математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеу және оны эксперимент жүзінде анықтау.
Құрал-жабдықтар: https://phet.colorado.edu/sims/html/pendulum-lab/latest/pendulum-lab_uk.html
Теорияға қысқаша мәлімет
Тербелмелі процестер жүзеге асатын құралдарды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі – математикалық маятниктің тербелісін қарастырайық. Математикалық маятник – ауырлық күшінің әсерінен тербелмелі қозғалыс жасайтын материялық нүкте. Ол бір нүктеге шоғырланған масса ілінген салмақсыз әрі созылмайтын жіптен тұратын имеал жүйе болып табылады. Созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шар математикалық маятникке мысал бола алады (1-сурет).

Сурет 1. Математикалық маятник
Маятниктің ұзындығын өзгерте отырып, тәжірибені қайталасақ тербеліс периодының маятник ұзындығына тәуелді болатынына көз жеткіземіз. Маятник неғұрлым ұзын болса, тербеліс периоды соғұрлым үлкен болады. Ал, керісінше, маятник неғұрлым қысқа болса, тербеліс периоды соғұрлым аз болады. (2-сурет)

Сурет 2.
Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодынатең болады. Тайн.=Ттер=Т.
Конустық маятниктің айналу периоды жүк сызатын шеңбердің ұзындығын сызықтық жылдамдыққа бөлгенге тең:



Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана (аз бұрышқа) ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең 

ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Fқ:mg = R:l, бұдан



Fқ күшінің және өрнектерін теңестіре отырып алатынымыз:

Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:


Математикалық маятниктің периоды түбір астындағы еркін түсу үдеуіне кері пропорционал. Осы жерден еркін түсу үдеуін есептейтін формуланы қорытып шығарамыз:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет