Тақырыбы: Қаныққан көмірсутектер Жұмыстың мақсаты: көмірсутектерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттеу.
Керекті құрал-жабдықтар: натрий, калий ацетаты, натрон ізбесі, бром суы (ашық сары), калий перманганаты ( сұйытылған ерітінді).
Жұмыстың барысы: Метан мен этиленді қысқа газ өткізгіш түтігі бар тығынмен бекітілген пробиркада алған жөн. Соңына ұшында шынысы бар 10x12 см каучук түтікшесін жалғастырамыз. Құрғақ пробиркаға бірнеше грамм, келіде жақсылап түйілген кез-келген сусыз ацетаттың 1 бөлігі мен бөлік натрон ізбесінің қоспасын салады. Газ өткізгіш түтіктерді жалғастырып, пробирканы горизонталь бағытта бекітеміз. Қоспаны алдымен ақырындап, сосын қатты қыздырамыз. Газ өткізгіш түтікті бром суы бар және калий перманганаты бар жеке пробиркаларға салып, метанның бромдану және тотығу реакцияларын түстеріне қарап білеміз. Қыздыруды тоқтатпай, суы бар астауда сумен толтырылған пробиркада метан жинаймыз. Судан газ өткізгіш түтікті алып, қыздыруды тоқтатамыз. Пробирканы саусағымызбен жауып, жалынға апарамыз. Метан көк жалын беріп жанады. Ыстық метаннның жалынына фарфор пластинканы қоятын болсақ, күйенің қара дақтары пайда болмайды.
Бақылау сұрақтары: 1. Метан суда ериді ме?
2. Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңдар.
3. Метанның түзілу реакцияларын жаз.
4. КМn04 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады?