2022-2023 ОҚу жылында


Пилоттық жобаларды енгізу



бет18/50
Дата17.09.2022
өлшемі402,94 Kb.
#39332
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50

1.11 Пилоттық жобаларды енгізу


І. «Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені» пилоттық жобасы Мақсаты - ауылдық шағын жинақты мектеп білім алушыларының білім
сапасын арттыру.
Жобаның міндеттері:

  • ауыл мектептері оқушыларының сапалы білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тірек мектепте білім беру ресурстарын шоғырландыру;

  • тірек мектепте сессиялық және сессияаралық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;

  • білім алушылардың бейіналды және бейіндік білім беру жүйесін дамыту, ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану.

Жоба аясында шалғайдағы елді мекендерде орналасқан магниттік шағын жинақты мектептердің оқушылары мен педагогтерін әдістемелік сүйемелдеу, менторлық, коллаборация, әлеуметтендіру және басқа да жұмыстар жоспарлануда.
«Тірек мектеп – магниттік мектептер» кешені» жобасы 2022-2023 оқу жылында эксперимент ретінде 5 өңірде енгізіледі: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстары.

ІІ. «Виртуалды мектептер арқылы сапалы білімге қол жеткізу» пилоттық жобасы.


Пилоттық жобаның мақсаты: ауылдық жерлерде шағын жинақталған мектептердің білім алушыларын сапалы біліммен қамтамасыз ету және педагог кадрлардың тапшылығын болдырмау.
Қашықтан оқыту «Ағылшын тілі» (5-11 сыныптар), «Математика» (5-6 сыныптар), «Алгебра» (7-9 сыныптар), «Геометрия» (7-11 сыныптар), «Алгебра және анализ бастамалары» (10-11 сыныптар) пәндері бойынша ұйымдастырылады.
Виртуалды педагогтардың өңірлік орталықтары 5 қалада: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында орналастырылады.
Өңірлік орталықтар қашықтықтан оқыту педагогтерінің жұмысы үшін қажетті материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылатын болады.
Бірінші жылы пилоттық жоба 6 өңірде енгізілетін болады. Бұл өңірлерде 3 өңірлік қашықтықтан оқыту орталығы ашылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет