2022 жылдың 14 желтоқсаны күні жоспарға сай «Теңге- тәуелсіздік кепілі» тақырыбында тәрбие шарасы өтті



Дата08.03.2023
өлшемі364,37 Kb.
#72485

Хабарлама

2022 жылдың 14 желтоқсаны күні жоспарға сай «Теңге- тәуелсіздік кепілі» тақырыбында тәрбие шарасы өтті.


М ақсаты Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Шарада алдымен оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Теңге алу» қимылды ойыны ойналды. Оқушылар 2 теңгені көрсеткенде –екі қолдарымен амандасты, 3 теңгені көрсеткенде – 3 рет қол шапалақтап,
10 теңгені көрсеткенде – кезекпен бір-біріне жақсы тілектерін білдірді. Ой шақыру мақсатында «Қожанасырдың хикаяларынан» үзінді оқылып, тақырыптың мазмұнын, маңыздылығын, елімізде 15-қараша күні ҚР-ның Ұлттық теңге күні деп аталу себебін анықтады. 1993 жылдары пайда болған теңгелердегі ақын, жазушылардың бейнесімен танысып, талқылады.
К елесі бөлімде бейне жазба тыңдалып, берілген сұрақтарға өте сауатты жауап берді. Сонымен қатар Олжас пен Елсерік ойнаған рөлдік ойындарға кезек беріліп, тенгеміздегі Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай беруін, Ұлттық теңгеміздің– ұлттық құндылығы жоғалмауын, Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – әр қазақтың парызы екенін айтып өтті.
«Ойлан.Жұптас.Бөліс» бөлімінен кейін «Ұлттық теңге» сөзіне постер қорғап, өз пікірлерімен ортаға салды. Постер қорғау кезінде оқушылардың ойларының ұшқыр екені және сөйлеу, сөз құрау дағдыларының қалыптасқандығы байқалды.
Б үгінгі шараға қатысқан оқушылар тақырыпқа сәйкес мағлұмат алып, берілген мақсатқа жетті. Қызығушылықтары, көңіл-күйлері өте жоғарғы деңгейде болды. Өз пікірлерін ашық айтып, кері байланыс беріп отырды. Теңгеміз туралы алған ақпараттары үшін рахметтерін білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет