25. Жұлын құрылымын талдаңыз



Дата18.10.2023
өлшемі14,77 Kb.
#117748

25. Жұлын құрылымын талдаңыз
Жұлын (medulla spіnalіs) — адам мен омыртқалы жануарлардың омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Жұлын алғаш бассүйексіздерде (ланцетниктерде) жүйке түтігі ретінде пайда болған. Қосмекенділерде аяғының пайда болуына байланысты мойын және бел тұсы жуандап, жұлын жүйкелері иық және жамбас белдеуінде жүйке торларын құрайды. Омыртқа жотасының екі жағында орналасқан симпатикалық жүйке жүйесі жақсы дамыған. Бауырымен жорғалаушыларда олардың тіршілігіне байланысты алдыңғы ми сыңарлары сұр затының үстіңгі қабаты ми қабығына айналған. Жұлын құрылысы күрделеніп ұзара бастайды. Құстардың жұлынының бір ұшы мишықпен, екінші ұшы вестибулалық аппаратпен байланысқан. Ал сүтқоректілердің онтогенезінде жұлын күрделенген пирамидалық жүйемен дамиды. Жұлын өзінің жоғарғы және төменгі өткізгіш жолдарын орталық жүйке жүйесімен жалғастырып, барлығын бір орталыққа бағындырады. Бұл жұлын құрылысы мен қызметінің эволюциясының дамуы барысында күрделене түскенін көрсетеді. Жұлынның пирамидалық жүйесінің дамуы – адам тәрізді маймылдарда, әсіресе, адамда ең жоғарғы шегіне жеткен. Жұлын адамда ауыз омыртқаның жоғарғы тұсынан басталып, 1-, 2-бел омыртқаларына дейін жетеді; 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 – 3 құйымшақ бунақтарынан (сегменттерінен) тұрады. Ересек адамда жұлынның ұзындығы 41–45 см-дей, салмағы 26–28 г-дай, қалыңдығы 1 см-дей. Жұлын сырты өрмек тәрізді жұмсақ және қатты қабықтармен жабылған. Қабық арасындағы қуыста жұлын сұйығы бар. Қатты қабық әр жерінен сүйекпен жалғасады. Жұлынның ортасын бойлай жатқан сұйықтыққа толы өзек сұр заттан тұрады. Сұр заттың көлденең қимасы “Н” әрпі немесе қанатын жайған көбелек пішінді болып көрінеді. Сұр заттың сыртында ақ зат болады. Бұлар, негізінен, жүйке талшықтары мен нейроглиядан түзіледі. Жүйке талшықтары орталық жүйке жүйесіне баратын және одан шығатын импульстерді өткізеді. Жұлын, негізінен, рефлекторлық және өткізгіштік қызмет атқарады.


26. Бас ми құрылысы және функциялары.
Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V – үшкіл, VI – бұру, VII – бет, VIII – дыбыс, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезеген, XI – қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады.
27. Соңғы ми (лат. telencephalon немесе лат. cerebrum) — сүйелді, күсті дене арқылы байланысқан екі жартышардан немесе үлкен ми сыңарларынан тұратын үлкен ми бөлігі. Әрбір үлкен ми бөлігі өз кезегінде: ми жабынынан, иіс миынан және олардың арасындағы жолақты денеден, ішіндегі бүйірлік ми қарыншасынан тұрады. Ми жабыны жоғарғы сатыдағы сүтқоректі жануарларда, әсіресе адамда өте жақсы жетілген. Онда организмнің барлық тіршілік әрекетін реттейтін жоғарғы дәрежелі жүйке орталықтары орналасады. Ми жабыны милық сұрзаттан және ақзаттан тұрады. Сүрзат ми жабынының сыртында орналасып, үлкен ми қыртысын, ал ақзат оның ішкі жағында орын теуіп, өткізгіш жолдарды түзеді. Ми қыртысы сыртынан ішіне қарай алты қабаттан:


молекулалы
сыртқы дәнше
пирами- далы
ішкі дәнше
ганглионды
полиморфты нейроциггер қабаттарынан тұрады.
Ми қыртысының ақзаты миелинді жүйке талшықтарынан және олардың аралықтарындағы нейроглиядан құралған. Олар қызметі әр түрлі өткізгіш жолдарды (ассоциативтік, комиссуральды) түзеді. Жолақты денеде жоғарғы қыртысасты орта- лықтар орналасқан, бүйірлік ми қарыншалары қуыстарында ми сұйығы болады. Соңғы мидын иіс миы бөлігіне мүрын қуысынан иіс жүйкесі енеді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет