3-апта. Шығыстық қисса-дастандарының жиналуы мен жариялануы



Дата21.09.2023
өлшемі14,87 Kb.
#109575
Байланысты:
лекция 3



3-апта. Шығыстық қисса-дастандарының жиналуы мен жариялануы.
1-сағат
М.Әуезовтың қазақ дастандарының қатарында шығыс сюжеттеріне негізделген шығармалардың мол екендігіне тоқталуы. С.Мұқановтың «халық мұрасы» атты еңбегінде қисса жанрын азаматтық және батырлық қиссалар деп топтастыруы. Алматы қаласында өткен (1959) қазақ әдебиетінің мәселелеріне арналған ғылыми-теориялық конференцияда Б.Шалабаевтың шығыстық қисса-дастандар туралы жасаған баяндамасы. 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» З.Ахметов пен М.Бөжеев жазған «Қазақ әдебиеті мен шығыс әдебиетінің байланысы» тарауында қисса-дастандардың жанрлық-сюжеттік ерекшеліктері мен кітаби ақындардың шығармашылығына тоқталуы.
Ы.Дүйсебаевтың «Қазақтың лиро-эпосы» атты еңбегі. Оның дастандардағы кейіпкерлердің психологиялық кескіндемесіне, образ жасаудағы монологтардың қызметіне және қиссалардың композициялық құрылымына назар аударуы. Қисса-дастан жанрының Р.Бердібаевтың «Қазақ эпосы» атты монографиясында қаралуы ғалымның шығыс сюжеттеріне негізделген дастандардың көркемдік бейнелеу амалдарына, идеялық мазмұнына нақты талдау жасауы.
Қазақ дастандары мен шығыс сюжетіне негізделген қиссалардың Қ.Жұмалиев, М.Ғабдулин, Ә.Қоңыратбаев сынды ғалымдардың еңбектерінде қарастырылуы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет