3 Дәріс Қазақстан Республикасының казіргі мектептеріндегі білім мазмұны



Дата09.10.2024
өлшемі38,57 Kb.
#147333
түріОқулық
Байланысты:
3 дарис


3 Дәріс
Қазақстан Республикасының казіргі мектептеріндегі білім мазмұны

  1. ҚР «Білім туралы» заңы қашан шықты?

Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге арналған заң.
1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.

2.Оқулық дегеніміз не?Оқу құралы дегеніміз не?
Оқулық – оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап. Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-техникум, жоғары оқу орындары) жасалады.[1] Әр түрлі ұлт мектептері үшін нақты ұлттың ана тілі мен әдебиетінің ерекшеліктерін ескере отырып оқытылатын ағылшын, орыс тілі, т.б. оқулықтар шығарылады. Оқулыққа мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен технологияның дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарлама мазмұнына сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың болуы; сыртқы пішінінің (қағаз, шрифт, мұқабасының) ретті сәндендірілуі. Негізгі оқу пәндерінің оқулықтарына қосымша хрестоматия, есеп жинақтары, жазбаша жаттығу кітаптары, анықтама, сөздік, оқу кітаптары, тарихи және географиялық карталар, т.б. қолданылады.
3.Оқулыққа қойылатын талаптарды атаңыз?
Оқулық әзірлеуші авторлар мен оның бағасын беретін сарапшылар жұмыс барысында негізге алатын құжаттың бірі – Мектеп оқулықтары және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған ОӘК-тің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар (ҚР БҒМ 05.04.2022 ж. № 132 бұйрығы). 

Тұңғыш рет нормативтік құқықтық акт ретінде қабылданған құжаттың айтулы ерекшеліктері осы постқа тіркелген көрнекілікте сипатталды. Олардың қатарында: 


• қазақ мектептері үшін оқу әдебиетін әуелден қазақ тілінде әзірлеу;
• қазақстандық контентке басымдық беру;
• қазіргі заман сын-қатерлерді (суицид, лаңкестік, зорлық-зомбылық, т.б.) ескеру;
• пән мазмұнында жас ерекшелігінің ескерілуі мен тәрбиелік мәнін күшейту, т.б. бар.

Айта кетейік, осы талаптар тек оқулықтарды ғана емес, сонымен қатар орта және мектепке дейінгі білім беруге арналған ОӘК-ті, сондай-ақ электронды оқу басылымдарын да қамтиды. Заманауи трендтер мен пандемия сабақтарына сүйене отырып, сыртқы ақпарат тасығыш пен веб-платформада қолжетімді бағдарламалық IT-өнім түріндегі электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар нақтыланды.


4.Тұрақты және жылжымалы оқу жүктемесі деген не?
Құжат мазмұнында оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптар айқындалады.
Негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі: 5-ші сыныпта - 30 сағаттан, 6-шы сыныпта - 30 сағаттан, 7-ші сыныпта - 33 сағаттан, 8-ші сыныпта - 34 сағаттан, 9-шы сыныпта - 35 сағаттан аспайтыны белгіленеді.
Сонымен қатар, орта білімнің қол жетімділігіндегі теңсіздікті азайту аясында ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру жүктемесі азаяды, ол үшін сыныпты ауыл оқушыларының топтарына бөлу енгізіледі.
Қалалық оқушылар үшін де топтарға бөлу қарастырылған.
Мәселен, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты қалалық жалпы білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп адамға, ауылдық жерлерде 20 және одан да көп оқушыға толтырған кезде сыныптарды екі топқа бөлуді көздейді:
Бұл ретте сыныпты екі топқа бөлуге қалалық жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында сыныптарды 24 және одан да көп білім алушылар, ауылдық жерлерде – 20 және одан да көп білім алушылар орыс тілінде оқытпайтын сыныптарда орыс тілі бойынша толтырған кезде жол беріледі.Сондай-ақ құжатта шектеу іс-шаралары, карантин енгізу, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыны толтыра отырып, барлық оқу пәндері бойынша жүргізілетіні көрсетіледі.Негізгі орта білім беру мен жалпы орта білім беру үшін де осындай жалпыға міндетті стандарттар енгізіледі.Білім министрлігінің мәліметінше, республикада 6942 күндізгі мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, оның 5159-ы (74%) ауылдық жерлерде орналасқан.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет