3 дәріс. Сауықтық фольклордың кіші жанрлары Дәрістің мақсаты



Дата23.09.2022
өлшемі14,85 Kb.
#40016

3 дәріс. Сауықтық фольклордың кіші жанрлары


Дәрістің мақсаты: Сауықтық фольклордың басты қызметі эстетикалық талғамға құрылғандығын, сондықтан оның поэтикасы осы құндылықты ашуға құрылған. Сауықтық фольклордың атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінетінін түсіндіру.
Жоспары:

  • Жұмбақ, жаңылтпаш – сауық түрлері;

  • Мақал-мәтелдер – халық эстетикасының көрiгi;

  • Шешендiк сөз – афоризмдер үлгiсi;

  • Қазақтың атақты би шешендерiнiң (Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Айтеке би) үлгiлi сөздерi.

Жұмбақ- өмірдегі реалдық зат және құбылысты танытудың құралы. Оның айналатын қазығы ұғым(сөз). Бірақ сол ұғымға төтелей емес, түрліше салыстыру, ұқсастыру арқылы келтірілген. Оның өзі көбіне ұйқасқан өлең түрінде айтылатын болған. Жұмбақтың объектілері - табиғат құбылыстары, жер-су, жан-жануар, жәндіктер, адам мұшелері,түрліше өлі заттар,тіршілік құралдары болып келеді. Жұмбақта, оның шешуі де өлеңмен айтылады. Жаңылтпаш - баланы дұрыс сөйлеуге үйретеді. Кекеш, быдық балалар ел арасында аз болмаған.
“Сөз асылы-мақал” дейді халық. Мақалдың логикалық, образдық ойдың қосқанаттасқан ғажап ғажап табысы, тәжірбиеден туған философиялық сөздер. Онда этикалық, философиялық, ұжымдық мазмұны бар,мақалдың қортындыларын халық еш уақытта теріске шығармайды. Қазақ мақалдарын бір кезде Плотников, Васильев, Катанов, Пантусов, Алектаров, Диваев сияқты көптеген ғалымдар жинап, бастырған. Мақал-мәтел ойды қысқа да ұтымды өмір тәжірбиесінен туғыза айтатын сөздер. Онда ел, халық, ерлік, өнер-білім, еңбек, отбасы, бала тәрбиесі, жан-жануарлар, жақсы - жаман, адамгершілік парыз жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Мақал-мәтел қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды, адам мінезі, табиғат пен тіршілік сырын, оның қайшылығын көрсете отырып, адамға терең ғибат берген. Мақал осындай құбылыстарға берілген баға, ойдың тобықтай түйіні ғана емес, өзінше бір ереже.
Қазақ мақал-мәтелдерінің екінші бір ерекшелігі – оларда халықтың мал баққан тұрмысына байланысты образдар мен сарындардың мол ұшырасатындығы. Үй хайуанаттарының қылығын айту арқылы адам мінезіне ишара, тұспал жасау соншалықты әсерлі де мәнді болып шығады. Мақал-мәтел бұрын тек ауызекі тілде ғана қолданылса, жазу-сызу шыққан соң публицистика, тарих, әдебиет жанрларында да қолданыста болды.
Қазақ фольклорының бай мазмұнды саласының бірі – шешендік сөздер. Мұндай сөздер образдап ойлау және логикалық ойға бірдей ортақ тілдің күрделенген драмалық материалы болып саналады. Оған “аузымен орақ орып, айдарымен жел есіп” деген идиомалық фразаларды, қанатты сөздерді қосар болсақ, бұл үлгілердің тіл және ойдың аса кең дамығандығын көрсететін өзінше бір саласы екендігін байқаймыз. Шешендік сөздер заңдық, нақылдық, философиялық, сатиралық болып жіктеледі. Қазақ шешендік сөздерді Асан қайғы және Жиреншеден басталады. Асан сөздері ойлы, Жиренше сөздері күлджіргі болып келеді.
Халық қай кезде болса да аталы сөзді биік қадірлеген, өйткені олардың этикалық-тәрбиелік мәні болған. Фольклорда Майқы би, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би айтқан сөздер бар. Оларды даудың мәні бар нақыл сөздер деуге болады. Қазақтың атақты би шешендерінің үлгілі сөздері (Майқы би, Төле би, Қазбек би , Әйтеке би) әдет-ғұрып заңы болған. Халық: “Тура биде туған жоқ, туғанды биде имам жоқ” деп бекер айтпаған.
Бақылау сұрақтары:
1 Ғұрыптық фольклор мен сауықтық фольклордың айырмашылығын атаңыз?
2 Сауықтық фольклордың түрлерін атаңыз?
3 Сауықтық фольклордағы халық эстетикасын анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет