3 модуль – Тарих философиясы Дәріс



Дата07.01.2022
өлшемі16,06 Kb.
#18961
Байланысты:
лекция 13-3


13 модуль – Тарих философиясы

3 Дәріс. Қазіргі өркениет, оның өзгешелігі және қайшылықтары
Жер бетіндегі ұлттар мен ұлыстардың бір-бірімен жақындасуына бұқаралық ақпарат тарату мекемелері (БАҚ) өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда бірде-бір алыс-жақындағы ел, тіпті сонау Тынық мұхитында орналасқан аралдардағы халықтарға дейін адамзаттың назарынан тыс қалмайды. Жұмыстан кейін үйге келіп, телевизор, я болмаса радио, интернет арқылы сол күні тек өз еліңде ғана емес, бүкіл жер бетінде қандай маңызды оқиға болғаны жөнінде ақпарат алып, соны өзімізше сараптаймыз, өйткені, біз оларға немқұрайлы қарай алмаймыз. Адамзат жетістіктеріне сүйсіне қараймыз да, қателіктеріне – бірге өкінеміз. Бүгінгі адамзат - "Ғарыш кеңістігінде Жер деген "кемемен" ұшып бара жатқан біртұтас астронавтар командасы" ,- дер едік.

Өркениет үрдісі шеңберіндегі қайшылықтар:

Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақтың жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы – барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке орай, ядролық мемлекеттердің "өзімшіл пиғылы" бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда.

Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, жағалай ортаны ластау – адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі.

Үшінші – демографиялық мәселелер, яғни, жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен қатар, дамыған елдердегі халықтың құрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір ұзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан, ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мәселеге айналуда.

Енді келесі мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де "функционалдық надандықта" болуы мүмкін. Яғни, ол компьютерлік технологияларды игеріп, жұмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесі де жаһандану үрдісінің негізгі проблемаларының біріне айналып отыр.

Бесіншіден, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мәселесін атауда. Өйткені, бүгінгі таңда адамзаттың жағалай ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы төмендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр.

Жаһандану мәселелерін шешу жолдарын зерттеуде негізінен екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және технопессимизм (болашақ қасіретті).

Технооптитмистік көзқарастар өз мәресіне ХХғ. 60 жж. жетті. Ол кезде ғылыми-техникалық революция (ҒТР) жетістіктерін кеңінен өндірісте пайдалану қарқын алған болатын. Дж.Гелбрайт, Р.Арон т.б. ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы "бұқаралық нарықты" тудырып болашақта Жер бетіндегі барлық халықтарға тамаша өмір әкеледі деген ой тастады. 80ж.ж. Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер сияқты ғалымдар "ғылымның негізгі өндіргіш күшке" айналуына байланысты барлық жер бетінде қорланған мәселелерді компьютерлік технологияларды өмірге еңгізу арқылы шешуге болатынын айтты. Алайда, жақын арада-ақ, ҒТР-дің теріс салдарлары да айқындала басталды. Көп елдер экологиялық дағдарысқа ұшырады. Шикізат қорлары шексіз еместігі анықтала басталды. Дамыған елдер мен артта қалған елдердің арасында қайшылық өсе бастады т.с.с. Әрине, бұл теріс өзгерістер технопессимистік көзқарастарды тудырды.

Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен т.б.) қазіргі қоғам адамдарды ғылым мен техниканың құлына айналдырады,- деген пікір айтты. К.Лоренц ҒТР адамдарды мыңдаған жылдар бойы бейімделген табиғи жағалай ортадан жұлып алып "тастан жасалған джунглиге" қамады. Кейбір адамдар жылдар бойы табиғатқа шыға алмайды. Автоматтар адамдарды ауыр қара жұмыстан босатқанмен, оның жүйкесін анағұрлым тез тоздырады. Қиындығы жоқ жеңіл өмір адамның күшті сезімдерін, өмірге деген жігерін әлсіретіп, зерігуе әкеледі. Технопессимистер тәндәк-сезімдік өмір бағдарламасынан бас тарту, тойымсыздық пиғылды жою, қанағатқа келу мәселелерін көтерді.



Батыста, Рим қаласында 1968ж. көрнекті ғалымдар "Рим клубын" құрып, адамзат алдында тұрған орасан-зор қиын мәселелерді зерттеуге кірісті. Нәтижесінде, "жарылған бомбадай" дүниежүзілік қауымға әсерін тигізген "Өсудің шегі" (The Lіmіt of Growth) деген баяндама 1972ж. дүниеге келді. Бұл баяндамада Табиғат байлықтарының шектелгені жөнінде, әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салу экологиялық теңдікті жойып, адамзатты апатқа әкелу мүмкіндігі баса айтылды. Осы клубтың бірінші президенті А.Печчеи адамзатқа ең керекті нәрсе – руханияттылық, әсірсесе – адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады деген пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев "ХХғ. адамзатқа ескерту жасады. Егер ХХ1 ғ. ол оған мойын сұқпаса, құрып кетуі мүмкін",- деген ой тастайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мырзалы С.Қ. «Философия» - Алматы: Бастау, 2010.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет