3 Тапсырма Сұрақтар: Көрініс түрлерін атаңдар?



Дата29.03.2023
өлшемі14,82 Kb.
#77326
Байланысты:
графика3 (копия)


3 Тапсырма
Сұрақтар:
1.Көрініс түрлерін атаңдар?

Көрініс деп, кеңістіктегі заттың бақылаушыға көрінетін бетін айтады
Негізгі көріністердің төмендегідей алты түрі тағайындалған: алдыңғы көрініс; үстіңгі көрініс; сол жақ көрініс; оң жақ көрініс; артқы көрініс; астыңғы көрініс.
Қосымша көрініс деп, негізгі проекция жазықтықтарына параллель емес қосымша жазықтыққа проекциялау арқылы алынған, заттың немесе оның бөлігінің көрінісін айтады.
Жергілікті көрініс деп, зат бетінің шектелген бөлігінің бөлек көрінісін айтады.
2.Тіліктердің түрлерін ата?
Жай тілік – бір ғана қиюшы жазықтықпен орындалады. Қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасса, оны тік тілік деп атайды.
Қиюшы жазықтық фронталь проекция жазықтығына параллель орналасса, фронталь тілік деп аталады
Қиюшы жазықтық профиль проекция жазықтығына параллель орналасса, профиль тілік деп аталады.
Қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына параллель орналасса, горизонталь тілік деп аталады.
Қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына көлбеу орналасса, көлбеу тілік деп аталады.
Бойлық тілік деп, нәрсенің биіктігіне немесе ұзына бойына бағытталған қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
Көлденең тілік деп, заттың биіктігіне немесе ұзындығына перпендикуляр бағытталған қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
Көлбеу тілік деп, горизонталь проекция жазықтығына көлбеу бұрыш жасап орналасқан қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады. Жергілікті тілік деп, заттың айқындауды қажет ететін шектеулі бөлігінің ішкі құрылысын көрсету үшін қолданылатын шартты қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.
3.Қима, қиманың түрлері?
Қима деп, затты бір немесе бірнеше жазықтықтармен ойша қиғанда шыққан фигура кескінін айтады. Қимада тек қана қиюшы жазықтықтың бетінде алынған фигура кескіні көрсетіледі.
Тіліктен бөлек жеке орындалған жағдайда қима екіге бөлінеді. 1.Оңашаланған.
2.Қабаттасқан
.
Оңашаланған қиманы зат кескінінен тысқары орналастырады. Қабаттасқан қимасына қарағанда заттың оңашаланған қимасын орындаған тиімді.
4.Тілік пен қиманың айырмашылығын ата?
Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетіледі. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек.
5.Бөлшек сызбасы деген не?
Дайындауға, бақылауға қажетті мәліметтерден тұратын бөлшек кескінін
бөлшектің сызбасы деп атайды.
6. Сызбадағы шарттылықтар мен ықшамдауларды атаңдар?
Сызбаларды тез әрі ықшамдап орындау үшін шарттылықтар мен
ықшамдаулар қолданылады. Ол тіліктер мен қималарды қолдану арқылы
көріністердің санын азайту арқылы, сонымен қатар бұйымдардың
қайталанатын элементтерін шартты көрсетумен іске асады.
7. Бөлшектің эскизі деген не?
Қолмен, сызба құралдарынсыз, көз мөлшерімен, өндірісте бір жолы ғана пайдалануға арналған стандарт талаптарын қолдана отырып сызылатын конструкторлық құжатты эскиз деп атаймыз.
8. Техникалық сурет деген не?
Аксонометрия ережелері бойынша, масштабты көз мөлшерімен сақтай
отырып қолмен орындалатын кескінді техникалық сурет дейміз.
9. Бөлшектің жұмыс сызбасы және соған қойылатын талаптарды атаңдар?
Бөлшектің жұмыс сызбасын салу үшін біріншіден бөлшекті мұқият қарап шығу керек. Форматты таңдап алғаннан кейін сызбаны орналастырады.Сызба стандарт талаптарын орындай отырып сызба құрал жабдықтарымен орындалады. Соңында сызбада өлшемдер қойылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет