31.Қазақстанда ұжымдастыруды жүргізудің мақсаты, әдістері және салдары (ХХ ғ. 20-30 жж.) Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып.
1927ж партияның 15 съезінде ұжымдастыруға бағыт алынды.
1928ж 27 тамызда «бай шаруашылығын тәркілеу туралы» декрет қабылданды. Тәркілеуге 696 шаруашылықтар ұшырады. Оның 609 округында тұрудан аластатылды.
1929ж 2 жартысында елдегі жағдай (РКФСР) сияқты Қазақстанда да колхоз құру қозғалысы басталды.
1925ж бастап Қазақ өлкесінің партия комитетінің 1 хатшысы – Голощекин болды. Ол «Кіші Қазан идеясын» ұсынды.
Ерекшеліктері мен нәтижесі:
• 80мыңнан астам адамды қамтыған 372 көтеріліс болды. Ірі көтерілістер: Созақ, Бұқтырма, Қармақшы, Абралы, Қастек, Балқаш, Маңғыстау, Шұбартау.
• 100мыңнан астам адам құғынға ұшыралы, қазақ ауылынан жаппай көшу болды.
• 2,1 млн қазақ каза болды.
• 1929-1930ж жұт
• 1931-1932 ашаршылық
• Қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне келеңсіз көзқарас
• 4,5 млн мал болды (ұжымдастыру қарсаңында 40,5 млн мал болды)
• 1 млн 700 мың қазақ Қытай, Моңғолия, Иран мен Ауғанстан жеріне көшті.
Қолдан жасалған ашаршылық нәтижесінде қазақ халықының демографиясына үлкен зардабын тигізді. Ел жағдайы күннен күнге нашарлады. Ұжымдастыру науқанының келеңсіз сипатқа ие болуына байланысты қазақ зиялылары үкіметке хат жолдаған.
1923ж «бесеудің хаты»: Ғ. Мүсірепов, М. Ғатауллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев Голощекинге жазды. 1933 ж Т. Рысқұлов Сталинге жазды. 31 мамыр – ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2012 ж 31 мамыр ашаршылық құрбандарына арнап монумент қойылды.