№3(39)/2005 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет25/28
Дата31.03.2017
өлшемі3,2 Mb.
#10763
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

ЭТНОПЕДАГОГИКА 
ƏОЖ 37.130 
А.Г.Қазмағамбетов
1
, Ұ.О.Исабекова
2
, Г.Н.Нұрбекова
3
 
1
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы; 
2
М.О.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент; 
3
Еуразия гуманитарлық институты, Астана 
ҚЫЗ  ЖƏНЕ  ЕР  БАЛАЛАРДЫҢ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ  —   
ЖАНҰЯЛЫҚ  ӨМІРГЕ  ДАЙЫНДАУДЫҢ  НЕГІЗГІ  ЖОЛЫ 
В статье рассматриваются национальные особенности воспитания девушек и парней казах-
ского народа и роль традиционных обрядов в подготовке к будущей семейной жизни. 
In this article is considered national features of upbringing of the youth of the Kazakh nation and 
problems of preparation to family life. 
 
Біздің елімізде жанұя дегеніміз — махаббат, достық, өзара құрмет сезімін біріктірген, ортақ ша-
руашылық ұстап, бір-біріне материалдық жəне моральдік сүйеу бола білетін ер адам мен əйел адам-
ның  одағы.  Бала  тəрбиелеу,  олардың  дене  тəрбиесі  мен  рухани  күшін  Отанға  берілгендік,  демокра-
тиялық мемлекет құрылысына белсене араласу рухына байланысты дамыту жанұяның маңызды мін-
деті болып табылады. Жанұя — күнделікті тіршілігіне қалыпты жағдай тудыру, денсаулықты сақтау, 
бала туып, тəрбиелеу, өмір тəжірибелерін алға апару, ұрпақтар жалғастылығын жүзеге асыру мақса-
тында еркек жəне əйел баласының бірге тұруының ғасырлар бойы қалыптасқан формасы. Жанұялы 
адамдардын жанұясыз жандарға қарағанда, түрлі ауруға ұшырау деңгейі төменірек те, ал ғұмырының 
ұзақтығы жоғарырақ екені белгілі. Жанұяның қоғам жəне жеке бас үшін мəні зор, сондықтан оны қо-
ғам мүддесі үшін нығайтады. 
Адамзат пайда болғаннан бері жұптасып өмір сүру дағдыға айналған. Кейде көп əйел алушылық 
белең алса, тарихтың бір дəуірлерінде əйелдер үстемдік етіп, көп еркекке иелік еткені де мəлім. Бірақ 
бұл матриархат өзін ақтамағандықтан, бүгінде жалғасын таппаған. Ал қоғам дамуына қарай жұпта-
сып өмір сүру əр кезеңде əйелдің жұптасудағы орнын əрқалай өзгертіп отырған. Оған сол ұлттың ді-
ни сенімі, қалыптасқан дəстүрі үлкен əсер еткен. Тіпті аталған халықтың тарихи өмір белестерінің қа-
лыптасуы да үлкен роль атқарған десе де болады. Мысалға, отырықшы мəдениетте əйел затын төмен 
санап күң ретінде қарауға дейін алып барса, кейде тіпті құдайларына құрбандық ретінде шалып отыр-
ғанын білеміз. Есесіне көшпенді өмір мəдениеті əйелге деген өзіндік көзқарасымен ерекшеленеді. Бұ-
ны  өзіміздің  ата-бабаларымыздың  көшпенділік  мəдениетінен  қалыптасқан  əйел  затына  деген  көзқа-
растан байқауға болады. 
Көшпенді қазақ халқы тарихында талай-талай тарих тағлымын бастан өткерген. Жан-жақтан жау 
анталап тұрған кезде ұлт болып сақталып қалу үшін жерін, елін найзаның ұшымен, білектің күшімен, 
азаттық-рухтық  биіктігімен,  патриоттық  сезімнің  жоғарылығымен  ғана  сақтап  қалуға  болатынын 
жақсы сезінген. Ал ондай əрбір сəті қиындыкқа толы халық адамның жартысы, еркектің жарын төмен 
етек күл-күң етіп қойып, одан туған ұлдан да, қыздан да жоғарғы деңгейдегі рух пен патриоттық күте 
алмас еді. Сондықтан да көпшенді қазақ халқы ананы қастерлеген. Жарын сүйген. Қызын кырық үй-
ден тия отырып, алақанына салып еркелеткен. Қызды қашанда жат-жұрттық деп, жас күйінен отбасы-
ның  сенімді  серігі, қара қазанның  иесі,  үйдің  ұйытқысы  ретінде  ұзатқанға  дейін  тек  тəрбие  берген. 
Сол дəстүрдің арқасында билік Анасы атанған талай əйелдердің есімі бізге жетті. Ал қыздарымыз Тұ-
мар ханшаның ерлігі Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі 
Бопайдың,  күні  кеше  Əлия  мен  Мəншүктің  ерлігіне  ұласты.  Кеңес  Үкіметі  күндердегі  желтоқсанда 

178 
ұлы ерліктің туын жықпаған қыздарымыз қаншама. Бұның бəрі ата салт-дəстүріміздің тəрбие жолы-
ның дұрыстығын көрсетсе керек. 
Қай қоғамда болса да, əйелдің ерік құқы қаншалықты болғанына қарамастан, əйел еркектің мен-
шігі ретінде қаралып келген. Ал еркек оған өз тарапынан меншігіне қарағандай қатынаспен сипаттал-
ған. Бірақ қоғамның алға дамуы барысында əйелмен де санасу қажеттілігі арта түсіп, уақыт өте ерлі-
зайыптылардың  арақатынасын,  мүліктік  қатынасын,  мұрагерлік  құқықтық  нормаларын  анықтайтын 
заң актілері дүниеге келе бастады. Мұның ең бастысы еркек пен əйелдің жыныстық қатынасына рұқ-
сат  беретін  некелесу,  яғни  жұп  болып  табысқанын  рəсімдейтін,  əдет-ғұрып  іс-шараларының  жүзеге 
асырыла бастауын айтуға болады. Əрине, бұл іс-əрекеттің заңдастырылуы əйел затына белгілі жаңа 
құқықтар  мен  міндеттемелер  жүктейді.  Расын  айтқанда,  əйел  құқығы  ерінің,  тұрмысқа  шыққан  ел-
жұртының алдында қандай дəрежеде болмасын оның балалары алдыңдағы (сол əулеттің мүшесі бола-
тындықтан) анасының табиғи тылсым күші арқылы (баланы құрсағында жетілдіріп, емшек сүтін бе-
ріп өсіргендіктен) балаларымен ең жақын адам боларын ескерсек, онда əйелді қанша жерден құқық-
тан айырғанмен, балаларының жетілуімен, жасының егделенуі əсерінен əйел де қоғамдық процестер-
ге үлкен əсер ете алу мүмкіндігіне ие бола алатынын байқауға болады. Мұны небір патшалар, хандар 
тарихынан оларға аналарының ықпалын қаншалықты өтімді болғаны жөнінде айтылған тарихи дерек-
терден  білуге болады.  Жалпы  алғанда,  бұл  психологиялық  фактор.  Яғни  қанша жерден  əйел  құқын 
жерге таптағанмен, оның Ана ретіндегі құқын таптап басып өтіп, санаспау мүмкін емес. Осы фактор 
қоғамдағы əйел затының табиғи өз орнын, соған сай құқықтарға иеленуіне жол ашады. 
Сонымен, қоғамдық қатынастың дамуының өзі-ақ əйелдің құкын өз дəрежесіне көтеруге мəжбүр 
екен. Алғашқы қауым кезінде қалыптасқан жұптық өмір дағдысы уақыт өте арнайы некелік рəсім жа-
сау салты мен сол арқылы туындайтын міндеттер мен құқықтарға алып келді. 
Əрбір мемлекеттің уығы жеке отбасылар десек, шаңырақтың мықты болуы сол уық тектес əрбір 
отбасының  жарасымды  ынтымақты  болуына  тікелей  бағынышты  болатынын  байқаймыз.  Ұлттың 
адаспай ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі — бəрі-бəрі соңында ке-
ліп əйелге, келешек ана болар қыздардың қалай тəрбиеленетініне байланысты болмақ. Яғни мемле-
кеттік-қоғамдық басқару жойылмай, некелік жұптасу арқылы жүзеге асатын отбасылық өмірге қойы-
латын талаптың əлсіреуі мүмкін емес. Есесіне бұл талап босаңсыған мемлекет ел болудан қалып ба-
рады, ыдырау, іріктелу алдында деп айтуға болады. Сонымен бірге қазіргі кезде қоғам ажырасу саны 
көбейген кезеңді бастан кешіп отыр. Тарихта ажырасу санының күрт өсуі кезеңдері белгілі болғанмен 
де, олар ұзаққа созылмай, ажырасу саны төмен кезеңдерімен алмасып отырды. Бірақ осы бағыттар-
дың ешқайсысына қарамай, жанұя жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандыратын еркек жəне əйел 
баласы өкілдерінің бірге тұруын жүзеге асыратын бірден-бір тəсіл болып табылады. 
Ажырасуды  əлеуметтік  құбылыс  ретінде  талдаған  кезде, біріншіден,  ерлі-зайыптылар  психика-
сына  ауыр  жарақат  салып  жанұяның  ыдырауына  алып  келетін  келіспеушілікті,  екіншіден,  олардың 
əлеуметтік  қағидаларды  бұрмалап,  үйреншікті  өмірді  бұзуы,  ажырасудан  кейін  əдеттенген  рөлінен 
айрылуы жəне тағы басқаларды ескеру керек. Ажырасудың өзі — жанұяның ыдырауын заңмен тия-
нақтайтын заңға сəйкес жасалған акті. Ажырасушы адамдардың өмір ұзақтығы орта көрсеткіштен тө-
мен, ал жалпы ауруға ұшырауы мен өлім-жітім деңгейі жоғары екені кездейсоқ емес: бұларда күйзе-
ліске бой ұру, ішімдікке салыну, сондай-ақ өзін-өзі өлтіру жиі кездеседі. Жесір қалған жəне жеке бас-
ты адамдарда бұл көрсеткіш, жанұялы адамдарға қарағанда, жоғарырақ болғанмен, ажырасып кеткен-
дерге қарағанда айтарлықтай төмен болуы кездейсоқ жағдай емес, тіпті жолдасының ауыр науқасына 
немесе қазасына байланысты туындаған күйзелістің өзі ажырасудан оңайырақ тиеді екен. 
Ажырасқаннан кейінгі адамдар күйзелісі ерекше болады. Олардың көпшілігі мазасызданып, кей-
біреуі томағатұйық күй кешсе, енді біреуінің əлеуметтік құлшынысы күрт арта түсіп, өз деңгейіне ба-
рабар бола бермейтін адаммен жолығуға ұмтылады. Бұл жағдай адамның қызметінің кез келген істе 
табысты болу-болмауына да əсер ететіні түсінікті. Тағы бір маңызды сəтті ұмытпау керек. Ажырасу-
дың 80 проценті үш жылдан астам бірге тұрған некелесушілердің үлесіне тиетіндіктен, сондай-ақ сə-
бидің алғашқы екі жылда дүниеге келетіні белгілі болғандықтан, көптеген балалардың қалыпты жағ-
дайда өмір сүріп тəрбиеленуіне мүмкіндік болмай қалады. Ажырасып кеткендердің балалары өзгелер-
ден өзін төмен санайтындықтан, қияли ауруларға жиі ұшырайтыны байқалады. Оның үстіне ата-ана-
ның сəтсіз некесі болашақта балаларының ажырасу мүмкіндігін арттырады. 
Бұрынғы  кездерде  қоғамды  жанұя  іс  жүзінде  өз  мəніне  сəйкес  келмесе  де  заңға  сəйкес  ыды-
рауына кедергі келтіретін көптеген факторлар болды. Үйленуге күйеу мен қалыңдықтың келісімі қа-
жет етілмейтін кезде некенің неғұрлым «тұрақты» болуы кездейсоқ жағдай емес: мұнда бəрін де ата-
аналар шешетін. Алайда ол кезде жанұя бақыты туралы сөз болмайтын. Ал бүгінгі күнде неке тек өза-

179 
ра сүйіспеншілік пен ілтипатқа негізделеді. Социолог В.И.Зацепин атап өткеніндей, «махаббат заңда-
ры өте нашар зерттелген бүгінгі таңда қоғамымыз махаббат пен некенің жаппай сəйкес келу қиынды-
ғын бастан кешіп отыр... Еліміздегі ғашықтардың некеге тұруына каста да, тек те, ұлтта, экономика-
лық жағдай  да кедергі жасамайды.  Сонымен  бірге  махаббаттың  шынайы, нақтылы жоғалуы  немесе 
жойылып кеткендей болуынан қазір көбінесе неке бұзылады». 
Қазіргі кезде неке сүйіспеншілікке негізделетін болғандықтан, бірлесіп өмір сүру барысында осы 
сезімді сақтап, дамытудың маңызы зор. Алайда бұған ең алдымен бойжеткендердің болашақ күйеудің 
бірге өмір сүруге қажетті қасиеттерімен топ ішінде уакыт өткізе алатын жағымды қасиеттерін ажыра-
та алмай қалуы кедергі жасайды. Олардың мінез-құлық сипатын, адамгершілік қасиеттерін ажырата 
алмайды, өйткені оларға мұны ешкім де үйретпейді, тіпті оның қажеттілігі туралы мəселе ескертіл-
мейді. Екінші бір кемшілік — жанұяны дұрыс түсіне білмеу: бойжеткендер жанұяның жай ғана еркек 
пен əйелдің бірге тұруы емес, шын мəніндегі қоғамдық ұя екенін түсіне бермейді. 
Əйел адам табиғатынан нəзік, сезімтал əрі əлсіз. Сол себепті жанұялық өмірде оларға еркектер-
мен бірдей міндет артуға, еркектерден талап еткендей талап қоюға болмайды. Оның күш-қабілеті мен 
ақыл-ойының мүмкіндіктерін ескеріп, одан осы шамада ғана талап ету керек. 
Аңыздарға үңіліп көрсек, əйел қисық қабырғадан жаратылған деген. Əрине, бүгінгі жас қыздар-
дың көбі бұның мəнісін түсінбей басы қатуы мүмкін. Алғаш жерде Адам ата жаратылған соң ол жара-
тушыдан өзіне серік керектігін айтып өтініш жасапты дейді. Адам атаның өтінішін қабыл еткен жара-
тушы Адам атаның қабырғасынан алып Хауа (Ауа, Ева, Ұмай) ананы жаратқан екен. Барша адамзат 
Адам ата мен Хауа анадан тараған дер болсақ, онда барша əйел затының түп анасы Хауа ана еркектің 
қисық қабырғасынан жаратылған екен. Əрине, адамзат баласының қабырғасы қисық бітіп, ол сол қал-
пында қалады. Табиғаты солай нəрсені күштеп өзгертем деп əрекет ету оны сындыру, бүлдіруге алып 
келмек. Яғни еркек екенмін, əйелді түзеймін, жолға саламын деп шектен тыс қыспаққа алу араздыққа, 
ажырасып отбасының бұзылуына соқтыруы мүмкін. Бір жағынан, əрдайым тізгіндей берме, оның жа-
ратылысы солай дегенді түсіндіргісі келеді. Болмысынан сезімтал əйел заты барынша қиялға беріліп, 
тұспалды ой жетегінде болса, еркек заттық тұрғыдан нақты шешімдер жасауға бейім. Ал қоғамдағы 
өмірде тұрмыстық қиыншылықтар аз болмасы анық. Ондайда тез шешім ету еркектің болмысына тəн. 
Отбасының иесі ретінде сезімдерге берілмей жасаған еркектің шешімі əрқашан жанұяны қиындықтан 
алып шықпақ. 
Өмірде жақсы мен жаман қатар жүреді. Жақсы болу да, жаман болу да адамның өзінен. Өз бол-
мысы жөнінен əйел заты кеңістіктегі ғарыштық түрлі энергетикалық толқындарды тез қабылдап ала-
тыны туралы түрлі ғылым саласында айтылып жүр. Ал келіп түскен көп ақпараттың бəрі сезім арқы-
лы адамның жүйкесіне əсер етіп, мінез-құлықтан көрініс береді. Бұл жөнінен қыз балаларға көп сақ-
тануы керек. Өзін тежей алатын тыйым тəрбиесі кем болса, ондай қыздар ойнақы алдамшы сезімдер-
дің буына елігіп кетуі əбден мүмкін. 
Уақыт сəті келгенде қыздар тұрмысқа шығып, келіншек болады. Бұл тұста қыз күніндегі білгені 
мен ұстанғанына қоса, тағы да ерімен қалай болу жөніндегі талаптарды білу қажет болады. Көбінде 
өмір тəжірибесі аз қыздар келін болғанда да қателіктер жасап, уақыт өте онысына өкініп жататыны 
бар. Оның бір себебі əйел мен еркек тең деген кеңес дəуірінен санаға сіңірілген ұғымға елтіп, орын-
ды, орынсыз отағасына тиісті мəселелерге араласып, өзінің «правосын» оқып жататыны бар. Əркім-
нің тəндік болмыс ерекшелігіне қарай атқаратын міндеттері мен соған сай орны болмақ. 
Америка мен батыс қоғамы əйел теңдігі деген мəселені бетімен жіберген. Бүгінде ондағы шексіз 
ерікке ие болған əйелдер өздерінің болмысындағы əйелдік қасиеттен айрылып, кім боларын білмей 
жүр. Еркекпен тайталасамын деп əйел затына деген еркек тарапынан болатын сыйлаудан мүлде ада 
болуда. Əйел қанша теңмін дегенмен еркек болып қайта тумақ емес. Орынсыз іс қылып өз болмысын 
қор еткен, уақыт өте өкінген əйел заты қаншама. 
Сүйіспеншілікті əуестіктен, елігуден ажырата алмау, өз сезімін талдап түсіне алмау үшінші бір 
елеулі  кемшілік  болып  табылады.  Мəселен,  ажырасып  кеткен  мың  ерлі-зайыптыларға  сұрақ  қойған 
социолог  Д.М.Чечоттың  деректеріне  қарағанда,  олардың 27,3 проценті  бұрынғы  жарының  дегеніне 
ешқашан көнбесе, 59,7 проценті ара-тұра ғана көнген екен. Сөз əр адам өз көздегеніне жетуді дəлел-
деуге тырысатын көзқарас айырмашылығы туралы емес, күнделікті өмірдегі мəселелерге байланысты 
болғандықтан, мұндай көнбеушілік шынайы махаббаттың жоқтығынан деп қана түсіндіріледі. «Шы-
найы махаббат адамды сол қалпында қабылдап қана коймайды, тап сондай болғанын тілейді» деп бе-
кер айтылмаған ғой. 
Күйеу мен қалындықтың өте жас кезінде ерте некелесуі онша берік болмайтыны кеңінен мəлім. 
Адамды тану, өз сезімін талдау ұлғая келе қалыптасатын қасиет екені түсінікті. Қазіргі кезде жас ұр-

180 
пақтың биологиялық əлеуметтік сəйкессіздігі туралы қайтадан сөз қозғалып жатыр; бұл сəйкессіздікті 
адам дамуының маңызды ерекшеліктерінің бірі ретінде И.И.Мечников та кезінде бөліп көрсеткен бо-
латын. Махаббат болмысын зерттеу бұл сəйкессіздіктің сипатын неғұрлым дұрыс түсінуге мүмкіндік 
жасар деп ойлаймыз. Егер махаббат тек қана құштарлық белгісі болса, онда бозбалалар мен бойжет-
кендерді жанұялық өмірге барынша дайын деп ойлап некелердің беріктігі арта түсер еді. Алайда қа-
зіргі некелердің əлсіздігі некелесушілердің дерексіз «əлеуметтік кемелденуінен» емес, олардың шын 
мəнінде  сүю  қабілетінің  əлі де жетілмегендігін  айғақтайтын  нақты  фактілерге байланысты.  Бозбала 
махаббаты  (дұрысын  айтсақ,  бозбалалық  елітушілік)  қиялға  негізделетіні  белгілі  ғой:  оның  сүйген 
адамының бейнесі — шын мəнінде ондай қасиет жоқ болса да, өзі ойлаған ерекшеліктермен байыты-
лып елестейтін бейне. Бозбалалық махаббаттың берік болмайтыны табиғи нəрсе, көп жағдайда түкке 
тұрғысыз  бір  себептерден  аңсары  ауған  адамнан  жирініп,  ғашық  адам  аяқ  астынан  шындыққа  бас 
иеді. Көптеген əйелдердің ажырасуы күйеуінің аңсаған аңсарына, шын мəніндегі немесе өзі көксеген 
қасиеттерге сəйкес келмеуіне негізделуі кездейсоқ жағдай болмаса керек. Мұның бəрі махаббаттың 
əлеуметтік болмысы мен əлеуметтік мəнін тағы да айқындай түседі. Кезінде неміс ғалымы Шульцер: 
«Махаббат дегеніміз — тамыры тəн əлемімен қоректеніп, бұтағы бірте-бірте аспанға өрлеп, тəн əле-
мінен əлдеқайда биік рухани саланы қамтитын ағаш», — деп бейнелі түрде орынды атап өткен. Міне, 
махаббатқа осылай ерекше сезіммен, жай-күй тұрғысынан қарау неке мен жанұядағы адамның əлеу-
меттік кемелдену деңгейін анықтайды. 
Некеде  көптеген  əйелдер  күйеуінің əдеттеріне  шыдамсыздық  танытып,  оны  өзіне  бағындыруға 
ұмтылғаннан, махаббатқа деген тұтынушылық қатынасынан жəне өзінің осындай талпыныстарының 
сəтсіздігінің нəтижесі ретінде немесе өз күйеуінің мұндай талпыныстарына қарсылық ретінде де одан 
көңілі қалады. Мұндай талпыныстар мен мақсаттың жалпы басқа адамдарға деген қате көзқарастар-
дан белгілі бір жанұя жағдайында көрініс беретін бейнесі екені түсінікті. 
Жанұялық өмірде əйелдер ұсақ-түйектердің мəнін орынсыз ұлғайтып, шектен тыс көңіл бөледі, 
тым жалпылама түрде түсіндіреді. Шын мəнінде адамдар арасында келіспеушіліктердің болуы əбден 
мүмкін, адамның жан дүние қасиеттерінің маңызды өлшемі ретінде оның осы келіспеушілікке деген 
көзқарасы, оны басқа адамға зардабы тимейтіндей етіп шешуге болатынын көпшілігі түсіне бермейді. 
Кез  келген  келіспеушілікте  жеңіске  ешкім  жетпейтінін,  келіспеушілікке  қатысушылардың  екеуі  де 
бұдан ұтылыс табатынын да түсінушілер аз. Күйеуін ырқына көндіруге талпынушылық адамға деген 
сенімнің жеткіліксіздігінен туындайды. Қай адамда болса да аздаған кемшілік болатынын түсіне оты-
рып, оған төзе білген орынды болады. Егер кемшілік көбейіп кетсе, оған дер кезінде назар аудара бі-
лу керек. 
Бойжеткеннің қандай күйеуге шығуы осы заманда көбінесе өзіне байланысты: оның өзі ұнатқан 
адамына тұрмысқа шығуына мүмкіндік болмаса да, өзіне ұнамаған адамға ешкім де зорлап күйеуге 
бере алмайды. Мұндайда күйеубаланы болашақта түзеледі деп ойлап, оны «қайта тəрбиелеуге» үміт-
тенудің жөні жоқ. Көп жағдайда шектен тыс сенгіштік те осыған əкеп соғады: əдетте бойжеткен үйле-
ну соңынан «түзеліп» кетеді, мысалы, ішімдіктен тыйылады деген уəдеге сенгіш келеді. Алайда мұ-
ның бəрі керісінше болатыны өмірде сансыз рет дəлелденді: үйленгенге дейін ішімдікке салынғандар-
дың кейін бұл əдетті қойғандары тым сирек, оның есесіне көбінесе үйлену əсерінен болмаса да еркек-
тердің жанұялық өмір басталған соң іше бастайтындары көп. Күйеуін «қайта тəрбиелеуге» ұмтылу — 
өзін-өзі алдау. Күйеуді əйел өз талғамына қарай «қайта тəрбиелеуге» мəжбүр етпейтіндей етіп таңдап 
алмаса, көп жағдайда нəтижеге қол жете бермейді. Тіпті, нақты келіспеушіліктер болмаған күнде де 
мұндай жанұялық өмірден жақсылық күтуге болмайды. 
Кейбіреулер  ер  адамның  ықылас  қойып,  көңіл  білдіріп  жүргендегі  мінез-құлқын  болашақта  да 
өзгермейді деп ойлап, кейіннен оған қатты өкінеді. Болашақ күйеуді басқа адамдармен қарым-қаты-
наста жалпы адам тұрғысынан бағалауды, ал содан кейін осы ерекшеленеді өзіне балап, оның сүйіс-
пеншілігіне дəлел іздеу керектігін бойжеткендердің санасына сіңіру қажет. 
Көптеген əйелдер бұрынғы күйеу жігіттің той өткен соң күрт өзгеруінен азап шексе де, кей кезде 
оның өзіне бұрынғыдай қарым-қатынаста болуына олардың өздері жағдай жасамайды. Тұрмыс құр-
ғаннан кейін, көп жағдайда дүниеге сəби келгеннен кейін, көптеген əйелдер салақсып кетеді. Келіс-
пеушілік соңы ажырасумен аяқталады. Мұнда кез келген келіспеушілік — бір-біріне деген қарым-қа-
тынасының төмендеуі арқылы жіберілген кемшіліктердің нəтижесі. Ерлі-зайыптылардың сексуалдық 
бой  үйретуін  қамтамасыз  ететін  маңызды  нəрсе  олардың  жас  қатынастары  болып  табылады.  Еркек 
организмі əйелдердікіне қарағанда кешірек жетілетін болғандықтан, күйеуі əйелінен үлкен болуы ке-
рек. Əйелі күйеуінен үлкен болған жағдайда некенің көбінесе онша берік болмайтынын тəжірибе жү-
зінде дəлелденуде. Медицина тұрғысынан қарағанда некелесуге ер адамдар үшін неғүрлым қолайлы 

181 
уақыт — 23–28, ал əйелдер үшін 20–22 жас болып саналады. Некелесушілердің жасы неғұрлым ұл-
ғайған сайын, күйеу əйелінен соғұрлым үлкен болуы керек. Мысалы, егер некелесер кезде əйел 22–24 
жаста болса, ер адам 24–26 жаста болып, егер əйел 25 болса, ер адам 30 жас шамасында... осылай-
осылай  болып  жалғаса  береді,  дегенмен,  ерлі-зайыптылардың  жас  айырмашылығы 8–12 жастан  ас-
пауы  керек.  Статистикалық  көрсеткіштердің  мəліметіне  сүйенсек,  осы  күні  бойжеткендердің  шама-
мен жартысы 20–24 жасар кезінде, шамамен 20 процентіне жуығы 20 жаска дейін тұрмысқа шығады. 
Ер адамдардың 20–24 жас арасында үйленетіндері 60 процентке жуық, ал 20 жасқа дейін үйленетін-
дері 4 % қана; мұндай əр үш жігіттің біреуінің қалындығы өзінен үлкен болады. 
Кейбір  бойжеткендер  өзіне  лайық сыңар  табылмаған күнде,  əйтеуір  «кешігіп қалмау»  үшін,  ал 
екіншілері туған қаласынан немесе оқып жүргенде бауыр басып қалған қаладан кетпеу үшін, үшінші-
лері — құрбысының  үлгісімен,  төртіншілері — өзіне  көңіл  бөлмеген  адамға  «ерегісіп»,  бесіншіле-
рі — ата-анасына өз бетінше өмір сүре алатынын көрсету үшін күйеуге шығады. 
Неке беріктігі тағы неге байланысты болуы мүмкін? Күйеуін де бойжеткендердің өзі жете түсіне 
алмаған, алайда ата-аналарының тəрбиесіне немесе саналы қарым-қатынасына көндігетін қасиеттері-
нің болуы айтарлықтай роль атқарады. Ол əйелге тəн нəзіктік. Ол некенің берік болу проблемаларына 
тікелей  қатысты.  Журналист  Ада  Баскина,  Вильнюстегі  жанұялық  қарым-қатынастар  кабинеті  қыз-
меткерлерінің  бақылауларына  қарағанда, «пациенттердің  ішінде  семьялық  өмірде  көбіне-көп  жолы 
болмайтын бақытсыздары қасақана əйелге тəн нəзіктігін жасыруға тырысатындар. Езуіне темекі қыс-
тырып, даусы дөрекіленген, өзін-өзі шектен тыс еркін ұстайтын, əдейі ер адамдарға тəн сөз орамда-
рын қолданатын жандар...» Керісінше, «шынайы нəзік жанды бойжеткенге үйлену ер адамға екі жақ-
ты əсер етеді. Бір жағынан, ол қорғау, қамқорлық жасау қажеттілігінен неғұрлым батыл, ержүрек бо-
лады, екінші жағынан — мінезінің тік, қатал жақтары жұмсарып, бірте-бірте өзі де мейірімді, нəзік 
жанды бола бастайды…», — деп атап өтеді. 
Шындығында «əйел əлсіздігінде» үлкен күш бар. Темекі тарту, шектен тыс «еркін» болу сияқты 
«сəнді»  əдетке  еліктеушілер  де  əйелдің  əлсіздігі.  Олар  өздеріне  алдыңғы  қатарлы,  заман  талабына 
лайық жандар боп көрінгенімен ер адамға əйелге тəн құдіретімен ықпал ету мүмкіндігінен өздері ай-
рылады.  Бұл,  біріншіден,  еркектер  психологиясын  түсінбеушіліктен,  əйелдің  тап  қандай  қасиеттері 
еркекті  қызықтыратынын,  екіншіден,  еркек  жынысты  өкілдер  арасында  өздерін  емін-еркін  ұстауға 
мүмкіндік беретін қасиеттердің некеге тұрғанда жəне ерлі-зайыптық өмірде еш қажеті жоқ, тіпті зи-
янды  екенін  білмегендіктен  туындайды.  Еркектерге  ұқсас  əдет-қылықтар  кейде  əйелдің  еркекпен 
емін-еркін араласуына, олармен достық қарым-қатынаста болуына жағдай жасайды, бірақ бұл қарым-
қатынастардан ешқашан да нағыз махаббат пайда болмайды. Мəселе мынада, егер əйелдің сол ортада 
болғаны еркекке əсер ететін болса, оның мінез-құлқы еркінен тыс, аз да болса өзгергенде ғана əйел ер 
адамға тартымды болады. Басқаша айтсақ, əйел ер адам үшін еріксіз жете түсінуге тұрарлық немесе 
қол жетпес арман болуы керек. Ал еркектердің əдет-қылықтарына бойы үйренген əйелдер бұл мүм-
кіндіктен айрылып, оның орнын ешқашан да толтыра алмайды. 
Əдетте, тап осындай əйелдер психологиялық жағынан икемсіз, бұларға кəдімгі əйелге тəн ина-
баттылық, мейірімділік, əйелге тəн нəзіктік жетіспейді. Əрине, əйелге тəн нəзіктік дегеніміз — таби-
ғат тарту еткен сый, дегенмен мұны да жетілдіре түсуге немесе басып тастауға болады. 
Қыз баласын тəрбиелеу мəселесінің бірі ретінде əйелге тəн нəзіктікке мəн берген жөн. Əйелдік 
нəзіктік дегеніміз — оның өзіне тəн қасиеті, ерекшелігі жағынан ер адаммен салыстырғандағы айыр-
ма белгілері. Қай дəуірде болмасын əйелдің эмоционалдық сезімталдығы, жаратылысының психоло-
гиялық нəзіктігі, еркектерді қызықтыратын өзіндік тартымдылығы, кез келген дəуірде əйелдің ең жо-
ғары бағаланатын қасиеті — аналық қасиеті болмақ. 
Қоғамның  даму  барысында  еркек  пен  əйел  баласы  өкілдері  өзіндік  ерекшеліктерін,  қасиеттері 
мен  айырмашылықтарын  көрсетіп,  одан əрі дамытуы  үшін  мүмкіндіктері арта  түседі,  сондықтан  да 
нағыз əйелдік қасиетіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда олардың мінез-құлқындағы тарих-
тан белгілі ерекшеліктердің бəрі бірдей əйелдік нəзіктікке жата бермейді. 
Əл  Фараби,  ұлы  педагог,  энциклопедист-ғалым,  тəрбие  мəселесіне  жан-жақты  мəн  беріп,  əр 
адамның  дербес  ерекшеліктері  мен  имандылық  əдеп-дағдыларын  жетілдіру  барысында  дамитынды-
ғына ерекше назар аударды. «Қайрымды қала» атты шығармасында əртүрлі көзқарастар мен пікірлер-
ді талдап, «Келісім жасаушы топ əйелдерден» екендігін, олардың жарастырушылық орнымен қатар, 
«… адамдар  жөніндегі  байланыстырушы  дəнекер — адамгершілік,  сондықтан  адам  санатына  жата-
тындар бір-бірімен тату тұруға тиіс» дейді. Адамдар өзін-өзі тежеп, сабырлық пен көмпістік көрсетіп, 
нəпсісін тыя білуі адамшылық парызы деген тұжырым жасайды. Сондай-ақ ар-намысты сақтап, еш-
кімді  жəбірлемей  қарым-қатынас  жасау — əділет  жолы,  шынайы  адамгершілікке  тəн  қасиет.  Оның 

182 
өркендеуі туыстасу дəстүріне де байланысты, «… бір тайпаның ерлері екінші тайпаның əйелдерімен 
некелеседі,  ал  екінші  тайпаның  ерлері  бірінші  тайпаның  əйелдерімен  неке  қиысады,  ал  мұның  аты 
«өзара туыстасу» деген сөз дей келіп, адам біреуінің көмегін біреуі қажет етпей қоймайды, сондықтан 
адамгершілікке негізделген татулық, жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді. 
Адамгершілік жайлы тарихи тағылымдары заманнан заман өтсе де ұмытылмай болашақ ұрпағы-
мен үндесе толысып, өркен жаюын тоқтатқан емес. Кешегі Кеңес өкіметі кезінде ерлермен тең бола-
мыз деп, дəстүрлі əйел нəзіктігінің күрт алға басуы, мейлі бұл киім жөнінде немесе шашқа қатысты 
болсын, қашанда бізді таңдандырып, қайран қалдырған. Əйелдердің шаштарын қысқартып, тар, қыс-
қа юбкаға көшіп, шалбар киіп, темекі тартқаны, тағы басқа толып жатқан еске түсе бермейтін əрекет-
тері бүкіл адамзат баласын қатты толқытып, əйел нəзіктігіне кедергісін тигізді. Мұндайда əйелдердің, 
оның ең басты міндеті — аналық борышын орындай алу қабілеті, еркектерді қызықтыратын тартым-
дылығы, адам баласы атқаратын жұмыстың барлық саласында бірлесе еңбек етіп толықтыра алатын 
ерекшеліктері пайда болды. 
Осыған орай, Кеңес өкіметі кезінде ерлермен тең боламыз деп, жас қыздарды тракторға да отыр-
ғыздық, қой соңына да салдық. Қазақтың ең кедейі əйелге мал бақтырмаған. Осындай жағдайда нəзік-
тікті сақтау былай тұрсын, əйел дүниеге дені сау ұрпақ əкелу екіталай нəрсе. 
Бүгінгі таңда Отанымыз Қазақстан үшін де, бүкіл адамзат үшін де көкейтесті мəселеге айнальш 
келе жатқан демографиялық өсімге қатысты бала туу проблемасы. Олай дейтініміз бүгінде кері Еуро-
па елдерінің өркениеттік үлгісінің кереғар тұсы бала тумай, тек қара басының қызығы үшін өмір сүру 
үрдісі біздің жастардың, соның ішінде қыз-келіншектердің де, арасында белең алып, қыздарымызды 
қызықтырып жүрген жағдайы бар. 
Осы заман түсінігімен туу мəселесін қарастырар болсақ, адам өсімі адамзат баласының жер бе-
тінде сақталып қалуы үшін өте қажет. Адам санының мол болуы — мемлекеттердің басты байлығы. 
Əр ұлтта адам санының мол болуы сан ғасырлар бойы сол ұлт өкілдерінің жинаған тəжірибесін, өне-
гесін,  мəдениетін,  тілін,  пəлсапасын,  дүниетанымын  т.б.  адамзат  өркениетіне  қосқан  қайталанбас 
ерекшеліктерін аман-есен болашаққа жоғалтпай жеткізу кепілі болмақ. Əр əулетте нəрестелердің көп 
туылуы — əулет шежіресінің, психологиялық болмыс ерекшеліктерінің үзілмеуінің кепілі. 
Адами тұрғыдан қарастырар болсақ жаратылыс заңына қарай пісіп-жетілген қыздың организмі 
ерлі-зайыпты тұрмысты қажет етіп, жыныстық болмысы жетілген кезден бастап бала көтеруді қажет-
сінеді екен. Келіншектер бала көтерген кезде оның организмінде тұтастай толығымен жаңғыру, жаңа-
ру процесі жүретінін медицина əлдеқашан дəлелдеген. Қай нəрсені болмасын өз қажетіне қарай пай-
даланбаса,  оның  тез  тозып  жоғалатыны  секілді  мұндай  құбылыс осы  жағдайда  қайталанатыны  бай-
қалған.  Яғни  жаратылысынан  жынысы  бала  көтеріп  тууға  бейімделген  əйел  болмысы  сол  мақсатта 
пайдаланылмаса,  оларда  түрлі  аурулардың  белең  алып  əйел  затын  көп  мазалайтыны  айқындалған. 
Олардың баршасы əйелдің ерекшелік мүшелеріне, яғни жыныс мүшесіне, ішкі жыныс мүшесіне, бала 
табу  органдарына,  баланы  қоректендіру  көздеріне  қатысты  аурулар  екенін  дəрігерлердің  көбісі 
мойындайды. Ал енді бала көтермеген немесе бала көтеруді ерте тоқтатқан əйелдерде аталған ауру-
лармен қоса жүйке тозуының жылдам əрі қауіпті түрде белең алатыны да байқалған. Баланың шуын 
көтере  алмаймын  дейтін,  тумайтын  əйелдер  балаларды  көп  тауып  бала  өсіруге  қатысты  орасан  зор 
қиыншылықтарды бастан өткерген аналарға қарағанда мол зиян шегеді. Көп бала тəрбиелеген аналар-
дың жүйкесі бекем болады. Яғни, аналық мейірім жүйкелік төзімділіктен басым түсіп, жеңіп шығады 
да, бұл жолдағы күрес жүйкенің шынығуы болып, əйелге болашақтағы басқа да жүйкеге салмақ түсі-
ретін жағдайларға барынша төзімді болуына жол ашады. 
Табиғат заңымен бала өсіріп, ұрпақ өндірген Ана өз ортасында беделді əрі сыйлы болмақ. Бала-
лы жас келіншектер бала бағу мен оның тəрбиесі секілді пайдалы тірліктермен уақытын өткізгендік-
тен, оларда жағымсыз қылық пен іс-əрекетке баруға уақыт та бола бермейді. Тіпті басына жаман ой 
да келмейді. Сондықтан болар олар бала таппаған кісілерге қарағанда мейірімді, өмір қиыншылығына 
төзімді, тəубəшіл келеді. Мұндай мінез əйел кісіні көптеген əзəзіл, еліктіргіш, бір сəттік желікке ер-
мей, уақытша алданыштарға бой алдырмауына мүмкіншілік береді. Əрине, түрлі жағдайлармен бала 
көтере  алмаған  əйелдің  баршасы жаман  деуге  болмайды. Бала  тумады  екен  деп əйел  затын  өмірдің 
қиындығына  жалғыз  қалдырып  қоюға  болмайтындығы.  Əрине,  əйел  заты  өздігінен  туып  өне  алмақ 
емес, ол үшін еркекпен отау құрып, отбасы болып некелесуі қажет. 
Ғылым  мен  техниканың,  мəдениеттің,  қоғамдық  сананың  жетістіктері  жаңа  ұрпакқа  өздігінен 
емес, ана тəрбиесінің нəтижесінде беріледі. Ал кейбір əйелдердің темекі тартуы, өткенде олардың на-
шар ана болғанын, тек бұрын басқа сипатта көрінгенін дəлелдейді. Жүкті əйелдің темекі тартуы бола-
шақ  баласының  денсаулығына  зиян  келтіретіндіктен,  балаға  жаны  ашымағандық  деп  танылады.  Ал 

183 
сəн қуып, өзінің айналасындағы адамдардың ұнатпағанына қарамай, бала мен жанұядағы кейбір «па-
рыз» міндеттерін орындамайтын əйелдерімізге айып тақсақ та болады. 
Əйел затының əуел бастағы табиғаты алдындағы ұлы миссиясы бесігінен ажырап, соның кесірі-
нен  тастанды  бала,  жетім  қарттар  көбейе  бастағанының  негізгі  себебі — қазақ  халқының  ғасырлар 
бойы жинақталған, жүйелі, ешкімге ұқсамайтын төл тəрбиесін жоғалтқанымыз. 
Барлық ұлттардан құралған жаңа сипатты қауым-кеңес пайда болды деп, ұлттық болмысымыз-
дан айырылып, жасанды, өгей тəрбиеден өткен қыздарымыз бен ұлдарымыз дүбəрə күйге түсті. Өкі-
нішке орай, əдепсіз қыз, шайпау келін, жүгенсіз жеңгелер, мейірімсіз шешелер етек жайған құбылыс 
болып барады. Оң жақта отырып сəбилі болуға, тəнін сатып, ада болған қаракөздерге, өз сəбиін өзі 
буындырып өлтіргендерге, маскүнемдікке салынып кеткен əйелдерге, жалпы қазақ əйелінің табиғаты-
на жат қылықтарға ешкім таңданбайтын болды. 
Əйелдің ең үлкен қаруы — инабаттылығы мен нəзіктігінің азаюы ер адамдардың ірілігінен, мі-
нез-құлық кесектігінен айырылуына əкеп соқты. Бұл əйел табиғатының өзгеруінің əлеуметтік себеп-
тері болып табылады. 
Некенің тұрақты болуы үшін ерлі-зайыптылардың өзара түсінісушілігі, бір-бірін толықтыра тү-
суі маңызды рөл атқарады, бірақ өзара түсінісушілік дегеніміз — өздерін қоршаған ортаның сыртқы 
əлемнің əлде бір оқиғасына көзқарастарының сəйкес келуі емес. Мұнда ең əуелі жанұядағы əдетте бо-
лып жататын тəртіпті, өте қарапайым; болар болмас іс-əрекетті өздігінен өзара түсінісіп, қабылдай бі-
лу керек. Себебі, жанұя дегеніміз — əрқайсысының түрлі ерекшеліктері, қасиеттері бар адамдар ара-
ласуының  барлық  түрлерінің  ішіндегі  неғұрлым  тығыз  байланыс  қой.  Негізгі  үндестік  некелесуге 
дейін танып-білінеді, бірақ бұған дейін көп нəрсені нақтылы білу мүмкін емес. 
Бірге өмір сүріп, күнбе-күн, жылма-жыл, тіпті бүкіл ғұмыр бойы өзара қарым-қатынаста бола-
тын ерлі-зайыптыларға қойылатын талаптардың қаншалықты жоғары екенін түсіну қажет. 
Отбасы құру екі кісінің ерікті түрде келісімі арқылы жүзеге асып, өмірдің қызығы мен қайғысын 
бірлесе бөлісіп, барша туындайтын мəселелерді ортақ мүдде тұрғысынан қарап шешуге міндеттейді. 
Бұл жағдайлардың ынтымақты түрде келісіммен шешілуі отбасы шаңырағының берік те мықты бо-
луының кепілі болмақ. Тату-тəтті жарасымдағы отбасында қашанда береке болып, өңі бал-бұл жанған 
нəрестелер өсіп жетілмек. Ал ол өз кезегінде болашақ жақсы отбасы құра алатын жастың тəрбиеле-
нуінің алғышарты болса, екінші жағынан — жақсы тəрбие көрген балалар қоғамның ырғақты дамуы-
ның кепілі болмақ. Сонда мінезі шытымыр, өзімбілер ананың тəрбиесін көрген ұл мен қыздан жақсы-
лық күтуге болмайды. Əрі ол отбасында тыныштық та болмақ емес. Міне осындай үлкен қатер төңді-
ретін шатақ мінез-қылық өте жағымсыз деп танылған. Бүгінгі қыз — ертеңгі жар, болашақ ана, отба-
сының ұйытқысы болар жандар өз болмысын қатаң қадағалап, өзін-өзі жарасымды тəрбиеге баули бі-
луі керек. Кейде бір бетпақ қыздар өз тəрбиесін, мінезін тыймай, маған лайық бір ынжық, айтқаныма 
көніп, айдауыма жүретін кісі табылар деп көкитіні де бар. Олар қоғамға, ұрпағына, еріне, елімізге де, 
жоғарыда аталғандай, теріс əсер беріп қана қоймай, ерін де азапқа салады. Егер əйелге жақсы тəрбие 
берілмесе, ол отбасының, бүкіл қоғамның күйреуіне себепкер болады. 
Ерлі-зайыптылық сəттіліктің маңызды бір шарты күнделікті тұрмыстағы өте қарапайым əрекет-
терде өзара түсінісушілік, бірін-бірі ұғынып, қабылдай білу екенін жоғарыда сөз еттік. Мұнда əлде-
бір оқиғаға, құбылысқа ортақ көзқараста болу жеткіліксіздік етеді. 
Белгілі бір жағдайда ұқсас сезім-күй кешу де аз. Бұл сезімдерді білдіру тəсілдерінің сəйкес келуі 
қажет жəне рухани үйлесушіліктің мынадай тағы бір ерекше маңызды қасиеті бар: əйел əрекетін өз 
мүддеңдей  сезініп,  мінез-қылығын  еркін  түсіне  отырып,  оның  ойын  жалғастыра  білу  керек.  Бұл — 
əйелдің психологиялық икемділігін кұрайтын маңызды ерекшеліктердің бірі болып табылады. 
Жанұялық өмірге дайындық дұрысында тұрмыс құрғанға дейінгі жылдарда өтеді, алайда, шын-
дығына келсек, оны ешкім де ұйымдастырмайды. Сондықтан қыз, жасөспірім, бойжеткендерді бола-
шақ жанұя өміріне дайындаудағы маңызды практикалық міндет жанұя өмірінің психологиясын одан 
əрі зерттеу негізінде сол процесті дəл ұйымдастыру болып табылады. 
Бұл мақалада қарастырылып өтілген жайлар қыз, жасөспірім, бойжеткендердің дұрыс жанұялық 
ұлттық тəрбие ала алмауына, соған орай олардың жанұя кұрудағы сəтсіздігіне, шаңырағының шайқа-
луына, жанұя құрамы толық болмағандықтан, балаларына қажетті тəрбие бере алмауына əкеп соқты-
ратын  ересектердің  қате көзқарастарының  бəрі  қамтылған  жоқ.  Егер дұрыс  жанұялық  тəрбие  алып, 
өмірге дайындығы мол болса, əйелдер көптеген қателіктерге ұрынбаған болар еді. 
Ендігі  жерде  айтатынымыз,  ғасырлар  бойы  ар-намысын  жоғары  ұстап,  адамгершілікті  қастер 
тұтқан  қазақ  елінің  аруларының  бойындағы  нəзіктік,  биязылық,  иманжүзділік  азайып,  азаматтары-
мыздың ой-парасаты ұсақталып бара жатқаны бəрімізге де белгілі жай. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таң-

184 
да ел дəстүрін, ата салтын білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Осындай күйге түсуіміздің басты себебінің бі-
рі —  ұлттық  тəлім-тəрбиеге  мəн  берілмегендік.  Сондықтан  да  ұлттық  тəрбие  беру  мəселесін  қолға 
алатын уақыт келді деп білеміз. 
 
 
 
 
 
Ж.Х.Ахметов  
Высшее военное училище ВВ МВД Республики Казахстан, Астана 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет