4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»



Дата02.03.2023
өлшемі69,87 Kb.
#71178
түріПрограмма

Тексерілді _________________
«Әл-Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ
Қысқа мерзімді жоспар


Бөлімі:

4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»

Педагогтің аты-жөні:

Абдулдаева Ж.Т

Күні: 06.02.23




Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.
Оқушылардың көбі үшін: Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.

Бағалау критерийлері

  • Тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.

  • Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажыратады.

  • Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.



(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, психологиялық жағымды ахуал туғызу.
«Гүлмен тілек тілеу» әдісі арқылы (сергіту және топқа біріктіру).
Мақсаты: Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
І топ – «Білімділер»
ІІ топ – «Дарындылар»

Қағаздан жасалған ГҮЛ



5 мин.





Ұжымдық жұмыс Миға шабуыл әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.



  • Тармақталу алгоритмі қандай алгоритм?

  • Тармақталу алгоритміне күнделікті өзің орындайтын іс әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?

  • Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білесің?

  • Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін түсіндір.

Бағалау: Оқушылар бір-бірін «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.







Сабақтың ортасы
31 мин



Практикалық жұмыстар
(Ж) 1-тапсырма
К саны берілген. Осы санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрастыр. Егер сан тақ болса экранға «1», әйтпесе «0» шықсын.

Мысалы

Нәтиже

17

1

62

0




Дескриптор:

  • Берілген санның жұп екенін анықтайтын программа құрады.

  • Берілген санның тақ екенін анықтайтын программа құрады.

  • Берілген санның жұп немесе тақ екенін анықтайтын программа құрып, экранға сан тақ болса «1» әйтпесе «0» шығарады.

Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.



7-сынып оқулығы.
Компьютер







(Ж) 2-тапсырма
В елосипедші v м/с жылдамдықпен қозғалса, s жолды t секундта жүріп өтеме, анықта. Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірі экранға шықсын. Деректедің енгізілу реті: v-жылдамдық, s-жол және t-уақыт.

Мысалы

Нәтиже

5 100 15

joq

10 800 90

ia




Дескриптор:
- Велосипедшінің жүріп өткен жолының жылдамдығын және уақытын анықтайды.
- Егер жүріп өтсе «ia», әйтпесе «joq» жауаптарының бірі экранға шығарады.



Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.












( Ж) 3-тапсырма
Қыста күн жылы болса, мұз үстінде хоккей ойнау мүмкін емес. 7-сынып оқушылары бүгін сабақтан соң хоккей ойнауды жоспарлауда. Мұғалім оқушыларға хоккей ойнау үшін соңғы үш күнгі тіркелген ауа райы температурасының ең кіші мәні t температурадан төмен болса ғана ойнаулары мүмкін екенін ескертті. Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай ала ма, соны анықта. Деректердің енгізілу реті: соңғы үш күндегі ауа-райының мәндері: a, b, c және t температура.

Мысалы

Нәтиже

-8 -10 -6 -5

ia




Дескриптор:

  • Деректердің енгізілу ретін дұрыс жазады.

  • Берілген деректерді пайдаланып оқушылар бүгін хоккей ойнай алатынын немесе ойнай алмайтынын анықтайды.




Бағалау: Оқушылар өзін-өзі «Бағдаршам» әдісі
арқылы бағалайды.

7-сынып оқулығы.
Компьютер






Сабақтың соңы



7 мин.
Рефлексия



Сабақты бекіту



Мақсаты:
Сабақты қорытындылау.

1. «Басбармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек» - көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?



Бағалау: Мұғалімнің қорытынды бағасы. «Бағдаршам» әдісі арқылы жүзеге асады.











Үй тапсырмасы
Шарт тексеру операторының программалаудағы маңызын бағала.
Мақсаты: Өткен сабақты пысықтау.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет