4-модуль 14- дәріс. Жабайхан Мүбәрәкүлы Әбділдин шығармашылығы



Дата06.01.2022
өлшемі21,36 Kb.
#16822

4-модуль

14- дәріс. Жабайхан Мүбәрәкүлы Әбділдин шығармашылығы

(16 ақпан 1933 жылы Павлодар облысы Май ауданы Майтүбек ауылында туған) — қоғам және мемлекеттік ірі қайраткер тұлға, ғалым. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1992). ҚР тұңғыш парезидентінің мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері (1994). Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін салушы. Майтүбек ауылының Құрметті азаматы. Бі

1954 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін бітірген.]

1954-1955 жж. – Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасы. 1958 жылы - М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың философия факультетінің аспирантурасы. «Нақты ғылымның гносеологиялық рөлі» атты тақырыбында философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған. 1968 жылы ҒА КСРО философия институтында «Теоретикалық таным проблемаларының бастауы» атты тақырыбында философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғаған.

Әбділдиннің ғылыми еңбектері негізінен диалектикалық логиканың өзекті мәселелерін зерттеуге арналған. Соның ішінде, әсіресе, нақты ұғым, бастама мәселелерін терең зерттей отырып, олардың филос. тарихы тұрғысынан негізделген диалект. анықтамасын жасады, логикалық және гносеологиялық функцияларына сипаттама берді, қазіргі ғылым мен практикадағы логико-методологиялық рөлін айқындады. Оның басқаруымен диалектикалық логиканың категорияларын, заңдарын, принциптерін жан-жақты зерттеуге арналған ұжымдық монографияларларжарық көрді. Осы зерттеулердің нәтижесінде “Диалектикалық логика” аталатын 4 томдық іргелі еңбек дүниеге келді. Мұнда диалектаның логикалық функциясы анық дәлелденіп, категорияларының ғылыми жүйесі жасалды, әрі олар қазіргі жаратылыстану ғылымдарының методологиялық мәселелерімен ұштастырылды. Әбділдиннің ғылыми басшылығымен 10 ғылым докторы, 40-қа тарта ғылым кандидаты дайындалды.Еңбек жолы

1958-1965 жж. – Қазақ КСР ғылым Академиясының философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері.

1965 жылы - Қазақстан Республикасының ҰҒА философия институтының диалектикалық материализм, теориясы мен тарихы бөлімінің меңгерушісі.

1973-1984 жж. – Философия және құқық институтының директоры.

1984 — 86 ж. Қазақстан ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің акад.-хатшысы.

1986 — 1995 ж. ғылым академиясының вице-президенті болды.

Ол 1987 — 1989 ж. Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеп, оларды ақтау мәселесімен айналысқан арнаулы комиссияларды басқарған.

1987 ж. ғылым мен техника саласындағы Лениндік және КСРО Мемл. сыйлықтары жөніндегі комитеттің мүшесі болды.

1986 — 1991 ж. Кеңес-қытай достығы қоғамы Қазақбөлімшесі басқармасының төрағасы.

1981 — 1990 ж. КСРО филос. қоғамы Қазақстан бөлімшесінің төрағасы міндетін атқарды. 1990 жылдан бастап Қазақфилос. қоғамының Президенті, ҚР Мәдениет қорының төрағасы.

2005 жылдың желтоқсанынан 2007 жылға дейін — Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2006 жылдың желтоқсанынан бастап Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.

1990 ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды.

1994 ж. ҚР-ның тұңғыш Парламентіне депутат болды.

1995 жылдан қазірге дейін ҚР Парламентінің сенаторы, Сенаттың Халықар. істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2005 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары.

Қазақ философия қоғамының президенті (1981 жылдан бастап).

1998-2007 жж. – ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комитет төрағасы.

1995-1999 жж. - Қазақстанның Демократиялық партиясы орталық комитетінің мүшесі.

1995-2005 жж. – ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

ҚР мәдениет Қорының президенті.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңесі комиссиясының мүшесі.



Марапаттары

Қоғамдық ғылымдар саласы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың (1974) иегері. Әбділдин белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының (1984), ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани татулық сыйлығының (1994), Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. 2008 жылы «БҰҰ-ның принциптеріне адалдығы және соңғы 15 жылда Қазақстанда БҰҰ-ның жұмысына өлшеусіз үлес қосқаны үшін» марапатталған, Халықаралық «Өмір ағашы» сыйлығын «Шығармашылық ұзақ жасаушы» аталымы бойынша иеленген (2010 ж.). «Барыс» ІІ дәрежесімен (2000 ж.), ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен марапатталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет