№4 тaқырып. Тұлғалық ресурстар ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторы ретінде.
Мақсаты: тұлға, ұлттық бірегейлік, тұлғаның рухани әлеуметтенуі түсініктерінің мәнін ашу, тұлғалық ресурстар мен ұлттық сана және оны дамыту факторларын қарастыру.
Міндеттері:
«ББТЗО кестесі»бойынша мына тақырып аясын түсіндіріңіз:
«Адам өміріндегі құндылықтар».
Б
Ол туралы мен не білемін?
Б
Нені білгім келеді?
Т
Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?
З
Нені зерделеу керек?
О
Одан әрі не істеу керек?
«ББТЗО кестесі» бойынша мына тақырып аясын түсіндіріңіз:
«Тұлғаның рухани әлеуметтенуі».
Б
Ол туралы мен не білемін?
Б
Нені білгім келеді?
Т
Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?
З
Нені зерделеу керек?
О
Одан әрі не істеу керек?
«Т» кестесі
Темперамент
Мінез
ара қатынасы туралы не білесіз?
1
2
3
4
5
«БББ» кестесі. Үйге берілген семинар тапсырмалары негізінде толтырыңыз:
Білемін
Білдім
Білгім келеді
«Себет» әдісі (ауызша әртүрлі сұрақтарға жауап беріңіз).
Темперамент дегеніміз не және оның түрлері?
Мінез акцентуациясы дегенді қалай түсінесіз?
Дүниетаным анықтамасы?
Әдістемелік ұсыныс Берілген семинар тапсырмаларын орындауда жалпы психология ғылымы салалары мен басқа да ғылымдар жүйесіндегі осы тақырыптарды ашу жолдарымен танысып, талдау жасай отырып, өз ойыңызбен бөлісіңіз. Түрлі сипаттағы тапсырмаларға өз бетінше ізденіс жұмыстарын жүргізіңіз.
Тексеру сұрaқтaры Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде дегенді қалай түсінесіз?
«Ұлттық мінез» ұғымына сипаттама беріңіз?
Тұлғаның қабілеті және нышандары арасындағы байланыс қандай?
Кейде «мінезсіз адам» деп айтылады. Бұл қандай адамдарға тән?
Халқымызда кездесетін «малды үйрету», «малға бас білдіру» деген ұғымдарды қалай түсіндіресіз?
«Сана, астар сана» тақырыбына әңгіме құрастырыңыз. Әңгіме құрастыру барысында Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Не үшін? Немен? деген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз.
Санаға негізделген жұмыс нәтижелі ме, дағды арқылы орындалған іс нәтижелі ме?