4-тоқсан бойынша жиын



бет1/2
Дата24.04.2022
өлшемі20,53 Kb.
#32081
  1   2
Байланысты:
БЖБ-1


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

9-сынып қазақ тілі І нұсқа
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау

9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану

Білім алушы

 Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді

 Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады Қолдану

20 минут



Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз.



Бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.

ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға кетуін, табиғат анамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз бен елбасымыз өте жақсы біледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі «бейбітшілік пен келісімде» жатқанын тілге тиек етеді. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз!

1. Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналып жазылған? _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________

2. Кестені толтырыңыз.




Көркемдегіш құралдар

Мәтіннен мысал

Қолданылу мақсаты

Эпитет







Метафора







Метонимия







3. «Татулық әлемді құтқарады» деген ойды дамытып айтуда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет