№4032. Жүректің қызметі Жүрек циклі және оның реттелуі туралы негізгі ақпарат



Дата19.04.2022
өлшемі275,67 Kb.
#31475
түріҚұрамы

№4032. Жүректің қызметі

Жүрек циклі және оның реттелуі туралы негізгі ақпарат

Жүрек циклы – жүректің бір жиырылу және кейіннен босаңсу кезінде жүретін үдерістердің реттілігін сипаттайтын түсінік. Әрбір цикл үш кезеңнен тұрады: жүрекше систоласы, қарынша систоласы және жалпы диастола.Систола дегеніміз бұлшық еттің жиырылуын, ал диастола бұлшық еттің босаңсуын білдіреді. Жүректің жұмысы жүйке және эндокринді жүйемен және қан құрамындағы Ca2+ , K+ иондарымен реттеледі. Жүрек жұмысын реттейтін негізгі эндокринді без адреналин және ацетилхолин гормонын бөлетін бүйрек үсті безі болып саналады.

Адреналиннің қызметі

Адреналин – күйзеліс жағдайларында бүйрек үсті безінің милы заттарынан бөлінетін гормон. Оның қарқынды күшейткіш белсенділігі бар: жүрек соғысын жиілету, қандағы глюкозаның деңгейін жоғарылату, және қаңқа бұлшық еттеріндегі қан тамырларын кеңейту.

Тамыр соғысы

Салатамыр қабырғаларының ырғақты диастоласы мен систоласы жүректен қанның айдалуына байланысты. Жүрек соғысы қылтамырлары жанындағы ең кіші салатамырларға дейінгі барлық жол бойына секундына 2-4 метр жылдамдықта көтеріліп, қолқадан артериальдық толқын түрінде басқа салатамырларға тармақталады.

Жүрек автоматизмі



Жүрек автоматизмі дегеніміз – сыртқы тітіркендіргіштерсіз жүрек миоциттерінде импульстардың әсерінен жүректің қозу қабілеттілігі.







Қан қысымы

Қан қысымы – бұл қанның қан тамырларына келтіретін қысым күші. Оның мәні жүрек соғысының күшіне, қан айналым жүйесіндегі қанның көлеміне және қан тамырларының кедергі күшіне байланысты болады.

Қалыпты қан қысымы



Қалыпты қан қысымының жоғарғы шегінің мәні систолалық қысым үшін 140 мм сынап бағанасы және диастолалық қысым үшін 90 мм сынап бағанасын құрайды. Қан қысымының осы тұрақты шамадан көтерілуі салатамырлы гипертензия деп аталады.





Тест


Төменде көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс жауабын таңдаңыз.

1.Ересек адамда бір минутта бір қарыншадан шығатын қанның көлемі шамамен ________.

70 мл

80 мл


4 л

5 л


2.Жүрек циклының фазалары қандай?

Жиырылу және босаңсу

Босаңсуы, жүрекшенің жиырылуы, қарыншаның жиырылуы

Жүрекше жиырылуы және қарынша жиырылуы

Босаңсуы және жиырылуы

3.Адам жүрегі қашан соға бастайды?

Адам ұрығына 12 сағат болғанда

Адам ұрығына 25 күн болғанда

Адам ұрығына 30 апта болғанда

Туғаннан кейін

4.Кардиостимулятор – дегеніміз ________.

синустық-жүрекшелік түйін

жүрекшелік-қарыншалық түйін

Жүрекше-қарынша шоғы

Миоциттер тізбегі

5.Жүрек циклының қай фазасында жүрекше бір мезгілде жиырылып, қанды қарыншаға апарады?

Миоциттер тізбегі

Жүрекше жиырылуы



Қарынша жиырылуы

Босаңсуы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет