41. Сури (Буйчик)



бет1/2
Дата21.02.2023
өлшемі17,19 Kb.
#69795
  1   2
Байланысты:
Тест Тарих


41. Сури (Буйчик) — Ресейдегі өзен. Липецк облысы, Тула облысы, Рязань облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді. Өзен сағасы Непрядва өзенінің сол жағалауынан 15 км қашықтықта орналасқан. Өзен ұзындығы 13 км-ді құрайды
42.ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы киелі жерлердің бірі - Үкаша ата қабірі орналасқан кесене. Оның мазары Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде Бабайқорған ауылының солтүстігінде орналасқан. Кереметке толы құдық пен сахабаның қабірі жатқан кесене жайлы аңыз-әфсана қазір көптеген туристерді қызықтырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халық арасындағы аңыз бойынша Үкаша ата Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) сахабасы ретінде белгілі. Мұcылмандардың әскери қолбасшысы ретінде кеңінен тараған. Аңыз бойынша, Үкаша ата шапса қылыш, атса оқ өтпейтін қасиет дарыған алып денелі, батыр болған екен. Үкаша сахаба сондай-ақ қазақ даласына ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға ретінде айтылады. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сенімді серіктерінің қатарында болған. Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады. Ал кеңестік дәуірде халықтың тарихи санасында Ғакаша сахаба есімі ұмытылып, Үкаша ата, Үкаша әулие есімімен сақталып отыр.
43. Жылаған ата үңгірі, Жылаған ата бұлағы – Қаратау жотасының Жылаған ата шатқалында, Абай елді мекенінен солтүстікке қарай Жылаған ата өзені бойында орналасқан үңгір.
44. Бір кісі бай болғанымен перзенті болмапты. Әулие-әнбиелердің басына әйелі екеуі түнеп жүріп, бір күні әйелі құрсақ көтереді. Айы-күніне жетіп, толғатып, әйел іркілдеген мес туыпты. Мұнан соң әйел түн ішінде: «Құдайдан күндіз-түні тілегенім бұл емес еді ғой!» - деп жылап-еңіреп месті құшақтап үйден шығып кетеді. Тау-тастың арасында месті көтеріп, он екі жыл бойы көзінің жасы көл болып, қаңғып жүре береді.
Күндердің күнінде әйелдің қолындағы мес жерге түсіп кетіп, жарылып, ішінен бала жылап шығып, жартастар арасымен қаша жөнеледі. Анасы да: «Балам, тоқташы!» - деп жалынып соңынан жүгіре береді. Бала: «Артымдағы анам шөлдеп келе жатыр ғой» деп асасын жерге бір ұрып бұлақ ашып кетеді. Сол қашқан бойы бір үңгірге кіріп кетеді. Анасы ары шақырады, бері шақырады, бала тек үңгірдің ішінен: «Ана, мені іздеме, үйге қайта ғой», - деп үн береді, бірақ өзі шықпайды. Анасы оны қимай, сол үңгірдің жанынан кетпей жүре береді. Бір кезде бала үңгірден шығып: «Ана, мен ақыреттік баламын, бұл жерде жүре бермей, еліңе қайт, мен бәрібір енді жоқпын, менің мекенім - осы жер, осы үңгір», - дейді. Анасы жалынғанмен, бала көнбеді. Анасы: «Құдайдың жазғаны осы шығар» деп ойлап, баласына: «Жарайды, мен кетейін», - дейді жүрегі қан жылап тұрып. Бала айтты: «Тек артыңа қарама, жалғыз тілегім сол», - дейді. Анасы ақыры күдер үзіп, таудан шыққан соң, әлі де қимай, артына жалт қарайды. Артына қараса, қызыл су оны өкшелей басып келе жатыр екен. Әйел артына қараған заматта қызыл су жерге сіңіп кетеді. Егер әйел артына қарамағанда, сол құла түз дала жайқалған жасыл желек болады екен.
45. Түркістан қаласынан солт.батысқа қарай 44 шақырым жерде Кентау қаласына қарасты Жібек жолы ауылдық округі аумағы, көне Қаратөбе археологиялық ескерткішінің оңтүстік-шығыс бетінде 300 метр жерде орналасқан. Заманында қандай болғаны белгісіз, ал қазір тек құлпытасы ғана сақталған. Құлпытасы күйген кірпіштен қаланған. Айналасы темір шарбақпен қоршалған, құдығы бар, күтімді жер. Құлпытасының ұзындығы – 10,2 метр, ені – 1,6 метр, биіктігі – 1,5 метр. Қабірінің ұзындығы 10,2 метр, ені 1,7 метр. Маңында көне шикі кірпіштен сақталынып қалған дуалдар бар. Сәдуақас ата жайлы деректер өте аз, дегенмен, Әмір Темірдің вакуфтық қолхатында «Хазрати Сағди Уаққас» деген атпен кездеседі. Сәдуақас ата жайында екі түрлі аңыз бар. Бірінде ол Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың сахабасы, яғни көзін көрген сенімді әскер басы делінсе, екіншісінде Әзірет Сұлтанның ұрпағы деп көрсетілген.
Сәдуақас ата туралы деректер аз. О.Дастановтың «Әулиелі жерлер туралы шындық» атты кітабында ғана кішігірім мәлімет кездеседі. Сәдуақас ата туралы екінші деректі «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің археологы, ғалым, т.ғ.к М.Тұяқбаевтың «Ұмыт қалған әулиелер» атты мақаласынан кездестіреміз. Мақала да Әмір Темірдің Түркістан өңіріндегі жерлерді өзі құрған үш қорға мәңгілікке бөліп бергендігі, түсетін түсімді қалай бөлу керек екендігі және бұл қорларды кім басқаратыны жайлы айтылады. Жоғарыда айтылған қордың үшіншісі Алла жарылқағыр ұлы Әзірет Сағди Уаққас қорына тиесілі болғандығын көрсетеді.
46.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет