§43-44. ХІХ – ХХ ғасырдың Қазақстандағы оқу орындарының қызметі «Қырғыз-қайсақтар мәдениетті халық. Сондықтан олардың болашағы жақсы болмақ»



Дата15.04.2023
өлшемі22,15 Kb.
#82674

§43-44. ХІХ – ХХ ғасырдың Қазақстандағы оқу орындарының қызметі

1. «Қырғыз-қайсақтар мәдениетті халық. Сондықтан олардың болашағы жақсы болмақ» , - деп жазған белгілі орыс тарихшысы:



  1. А.Седельников

  2. А.И. Левшин

  3. В.Радлов

  4. Ф.Собысевич

  5. М.В.Ломоносов

2. 1789 ж. Азия мектебі ашылған қала:

  1. Ақмола

  2. Семей

  3. Омбы

  4. Торғай

  5. Верный

3. 1883 ж. тұңғыш рет қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі ашылды

  1. Астрахань губерниясында

  2. Қазан губерниясында

  3. Орынбор губерниясында

  4. Иркутск губерниясында

  5. Новокузнецк губерниясында

4. 1883 ж. Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебінің ашылуына үлес қосты:

  1. Қ. Өскенбайұлы

  2. М.Шорманов

  3. Ы.Алтынсарин

  4. М.Ж.Көпейұлы

  5. Ш.Уәлиханов

5. 1850 ж. Орынбор ашылған оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектепте негізінен даярланды:

  1. хатшылар мен аудармашылар

  2. дәрігерлер мен мұғалімдер

  3. агрономдар

  4. архитекторлар мен құрылысшылар

  5. саудагерлер

6. 1813 ж. Омбыда, 1825 ж. Орынборда ашылған оқу орындарының түрі

  1. мұғалімдер семинариясы

  2. техникалық училище

  3. ғылыми институт

  4. әскери училище

  5. халықаралық университет

7. 1901 ж. Ақмола және Семей облыстарының әскери губернаторларына орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс жасаған Дала генерал-губернаторы:

  1. Н.Сухотин

  2. А.Алекторов

  3. М. Гагарин

  4. С.Броневский

  5. Обручев

8. 1900 ж. Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдісті мектеп ашылған қала:

  1. Әулиеата

  2. Шымкент

  3. Түркістан

  4. Тараз

  5. Қызылорда

9. Қазақ балалары үшін көшпелі ауыл мектептері ұйымдастырылды

  1. 1829 ж. бастап

  2. 1892 ж. бастап

  3. 1852 ж. бастап

  4. 1868 ж. бастап

  5. 1881 ж. бастап

10. ХІХ ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары білім алған оқу орындары

  1. мұсылман мектептері мен медреселері

  2. орыс-қазақ мектептері

  3. университеттер

  4. обсерваториялар

  5. академиялар

11. 1870 ж. патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде енгізілген міндетті пән

  1. орыс тілі

  2. арифметика

  3. география

  4. жаратылыстану

  5. тарих

12. Мектептегі оқуын аяқтаған баласын ата-аналар білімін жалғастыру үшін жіберген жаңа әдіспен оқытатын Уфадағы медресе

  1. «Ғалия»

  2. «Расулия»

  3. «Хусайния»

  4. «Ахмет Риза»

  5. «Амина»

13. Мектептегі оқуын аяқтаған баласын ата-аналар білімін жалғастыру үшін жіберген жаңа әдіспен оқытатын Орынбор қаласындағы медресе

  1. «Ғалия»

  2. «Расулия»

  3. «Хусайния»

  4. «Ахмет Риза»

  5. «Амина»

14. Мектептегі оқуын аяқтаған баласын ата-аналар білімін жалғастыру үшін жіберген жаңа әдіспен оқытатын Троицкідегі медресе

  1. «Ғалия»

  2. «Расулия»

  3. «Хусайния»

  4. «Ахмет Риза»

  5. «Амина»

15. ХХ ғасырдың басында мұсылман мектептерін реформалау қозғалысын ұйымдастырушылар

  1. жәдитшілдер

  2. батысшылдар

  3. славяншылдар

  4. түркішілдер

  5. ұлтшылдар

16. Мұсылман балаларына хат танытуда дыбыстық жүйеге негізделген әдістің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері

  1. И. Гаспринский

  2. М.Красовский

  3. Л.Мейер

  4. Л.Костенко

  5. А.Добромыслов

17. Оқу үрдісіне жәдитшілдер енгізген жаңалықтар арасынан артығын табыңыз

  1. арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты зайырлы пәндер енгізілді

  2. мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді

  3. мұғалімдер жасы 40-тан асты

  4. қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті

  5. оқыту әдістемесі әлдеқайда тиімді болды

18. Патша үкіметінің жаңа әдісті мектептердің ашылуына қарсылық көрсету себебі

  1. орыс халқының «мұсылмануынан» қорықты

  2. қазақ халқының «шоқынуынан» қауіптенді

  3. орыс-қазақ байланыстарына нұқсан келтіреді деп қауіптенді

  4. қазақтарды отырықшылануына кедергі келтіреді деп санады

  5. панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп санады

19. 1917 жылы Қазақстан аумағында ашылған жаңа әдісті мектеп саны

  1. 500-ге тарта

  2. 400-ге тарта

  3. 300-ге тарта

  4. 200-ге тарта

  5. 100-ге тарта

20.1825 жылы әскери училище ашылған қала

  1. Орынбор

  2. Омбы

  3. Семей

  4. Ақмола

  5. Түркістан

21. 1813 жылы әскери училище ашылған қала

  1. Омбы

  2. Семей

  3. Ақмола

  4. Түркістан

  5. Шымкент

22. Омбы кадет корпусын тамамдаған белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы

  1. Шоқан Уәлиханов

  2. Әлихан Бөкейхан

  3. Ахмет Байтұрсынұлы

  4. Айдархан Тұрлыбаев

  5. Отыншы Әлжанов

23. 1850 жылы оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылған қала

  1. Верный

  2. Орынбор

  3. Өскемен

  4. Омбы

  5. Семей

24. 1857 жылы оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылған қала

  1. Верный

  2. Орынбор

  3. Өскемен

  4. Омбы

  5. Семей

25. 1861 жылы орыс-қазақ мектебі ашылған қала

  1. Троицк

  2. Семей

  3. Ақмола

  4. Түркістан

  5. Шымкент

26. ХІХ ғ. соңында қазақ өлкесінде зайырлы мектептердің қатарының көбею себептерін анықтаңыз
І. 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформалар
ІІ. Қазан революциясының іске асуы
ІІІ. батысшылдар қатарының өсуі
ІV. қоныс аударушы шаруалардың арта түсуі

  1. І, ІІI

  2. І, ІV

  3. ІІ, ІІІ

  4. ІІ, ІV

  5. ІІІ, ІV

27. Қазақ өлкесінің барлық уездерінде ауылшаруашылық мектептері ашылды

  1. 1885 жылдан бастап

  2. 1815 жылдан бастап

  3. 1827 жылдан бастап

  4. 1830 жылдан бастап

  5. 1858 жылдан бастап

28. ХІХ–ХХ ғғ. тоғысында Қазан қаласында оқыған қазақ жастарының саны

  1. 100-ге жуық

  2. 200-ге жуық

  3. 300-ге жуық

  4. 400-ге жуық

  5. 500-ге жуық

29. 1892 жылы Қазақ балалары үшін білім беру жүйесіне енгізілген жаңалық

  1. фельдшерлік мектептері ашылды

  2. ауылшаруашылық мектептері ашылды

  3. жетіжылдық мектеп ашылды

  4. көшпелі ауыл мектептері ұйымдастырылды

  5. орыс-қазақ мектептері ашылды

30. Қазақ өлкесінде ел арасында орыс-қызық мектептерін ашудың мақсат-міндеттерін түсіндірген Ақмола облысындағы Халық училищесінің директоры

  1. А.Е. Алекторов

  2. Ф. Собысевич

  3. М.Красовский

  4. Л.Мейер

  5. Л.Костенко

31. 1885 жылы қазақ балалары үшін барлық уездерінде білім беру жүйесіне енгізілген жаңалық

  1. фельдшерлік мектептері ашылды

  2. ауылшаруашылық мектептері ашылды

  3. жетіжылдық мектеп ашылды

  4. көшпелі ауыл мектептері ұйымдастырылды

  5. орыс-қазақ мектептері ашылды

32. «Қырғыз (қазақ – авт.) балалары өздерінің мінез-құлқы, оқуға ыждағатты ықыласы, білімді тез әрі жетік меңгеруге қабілеті жағынан қалай мақтауға да әбден лайық», – деп қазақ балаларының оқуға деген ынтасы мен қабілеті туралы тебірене жазды

  1. Ф. Собысевич

  2. А.Е. Алекторов

  3. М.Красовский

  4. Л.Мейер

  5. Л.Костенко

33. С. Сәдуақасовтың пікірінше, Қазақстанның ең ірі ағартушы аймақтарының бірі

  1. Омбы

  2. Орынбор

  3. Баянауыл

  4. Қапал

  5. Сырдария

34. 1872 жылы Омбыда ашылған оқу орны

  1. мұғалімдер семинариясы

  2. техникалық училище

  3. әскери училище

  4. дәрігерлер институты

  5. заң институты

35. 1882 жылы Омбыда ашылған оқу орны

  1. заң институты

  2. мұғалімдер семинариясы

  3. техникалық училище

  4. әскери училище

  5. дәрігерлер институты

36. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірді

  1. М. Шоқай, А. Тұрлыбаев

  2. Е.Рахмадиев , Ғ.Жұбанова

  3. К.Күмісбеков, Н.Есқалиева

  4. Н.Тілендиев, С.Торайғыров

  5. Ш.Құдайбердиев, А.Құнанбаев

37. Санкт-Петербург Орман институтын аяқтаған қазақ зиялысы

  1. Ә. Бөкейхан

  2. А.Тұрлыбаев

  3. О.Әлжанов

  4. Р.Мәрсеков

  5. С.Жанайдаров

38. Санкт-Петербург әскери медицина факультетін аяқтаған қазақ зиялысы

  1. С. Асфендиаров

  2. М.Жұмабаев

  3. С.Сейфуллин

  4. Қ.Кемеңгеров

  5. С.Сәдуақасов

39. Томск университетінің медицина факультетін аяқтаған қазақ зиялысы

  1. А. Сейітов

  2. Б.Айбасұлы

  3. Ә.Исин

  4. М.Әйтпенов

  5. Н.Нұрмақов

40. Тарту университетінің заң факультетін аяқтаған қазақ зиялысы

  1. Ж. Досмұхамедов В) А.Тұрлыбаев С) О.Әлжанов Д) Р.Мәрсеков Е) С.Жанайдаров


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет