5 Дәріс тақырыбы



бет1/2
Дата04.12.2022
өлшемі24,07 Kb.
#54704
  1   2
Байланысты:
AFCNYLZLXNWL28112022170106


5 Дәріс тақырыбы: Медициналық биотехнология.
Медицинаға арналған препараттарды биотехнологиялық жолдармен өндіру технологиясы.
Дәрістің оқыту нәтижелері:
1. медициналық биотехнология ғылымының зерттеу нысандарын анықтайды.
2. медициналық биотехнологияның жетістіктерін түсіндіреді
3. Медициналық биотехнология саласынының басқа ғылымдармен байланысын көрсетіп береді.
Дәріс мазмұны:
1. жасуша биологиясы
2. қоректік орталар оның түрлері
3. каллус алу және өсіру технологиясы
Медициналық биотехнология – бұл адамның аурулар диагностикасында, емдеуіне және профилактикасында тірі жүйелер (организм, тіндер, клеткалар, олардың компоненттері мен метаболиттері) қолдануына негізделген технологиялар.
Қазіргі заманғы медицинаның арсеналында адам ауруларына қарсы нəтижелі емдік қасиеті бар көптеген заттар белгілі.
Биохимия, генетика, молекулалық биология, иммунология, микробиология жəне вирусология сияқты биологиялық ғылымдардың қарқынды дамуына байланысты адам бұрын қиын жолмен жазылатын ауруларының терапиясы үшін пайдаланылатын жаңа фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды өндіруді жүйелі түрде өсіру мақсатында медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның мүмкіндіктері кеңеюде.
Осы жөнінде инфекцияға, қатерлі ісік жəне басқа да ауруларға қарсы адам организмінің қорғаныштық күштерінің деңгейін бақылайтын табиғи қосылыстар зерттелуде. Дамыған мемлекеттерде антибиотиктер, инсулин, интерферондар жəне интерлейкиндер, вакциналар мен моноклональды антиденелерді өндіру тұрақты жолға қойылған. Қазақстанда медициналық биотехнологияның даму тенденциясы нығаю үстінде.
Медицинанық биотехнология саласында ғылыми-техникалық прогрестің өзекті бағытының қазіргі заманғы жағдайын зерттей отырып медициналық биотехнологияның әдістерінің көмегімен диагностикалық және дәрілік препараттрады жасаудың медико-биологиялық және ветеринарлық биологиялқ тәсілдерінің стратегиясын, антибиотиктер, антиденелер, вакциналар сияқты қазіргі дәрілік заттардың өндірістік деңгейді өндірілуінің негізін көрсету.
Биотехнологиялық әдістерімен алынатын дәрі-дәрмектердің сапасын және идентификациясын бақылау әдістерінің фундаменталды негіздерін, генетикалық инженерия және инженерлік энзимологияның әдістері арқылы өндірісті жетілдіру негіздері;
- биотехнологиялық дәрілік заттарды дайындау дағдылары мен тәжірибе жүргізгенде жүзеге асыруды, шикізаттың, қоректік орталар, жартылай өнімдер мен соңғы өнімдердің сапасын бағалау жөнініде қалыптастыру;
- биотехнологиялық өндірістің сәйкестігін, өдірісте қолданылатын биообъект продуценттер және соңғы өнімдерінің экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін дұрыс бағалау қабілетін, сонымен бірге дәрілік препараттар ретінде рекомбинантты белоктардың сапасын бағалау кезінде дұрыс бағдарды қалыптастыру.
Гендік инженерия, микроорганизмдер биотехнологиясы, биохимия, генетика, молекулалық биология, иммунология, микробиология жəне вирусология пәндерінен алатын білімдерін игеруі үшін қажет жәнеде «медициналық және ветеринарлық биотехнология» пәні дәрітанудың әртүрлі сұрақтарды, оның ішінде өсімдік, жануар және минерал тектес табиғи шикізат материалдарды дәрілік препараттарға өңдеу, дәрілік заттардың синтезін, дәріханалық және өнеркәсіптік жағдайларда дәрілерді дайындау, дайындалған дәрілер мен дәрілік препараттарға жан-жақты анализ жүргізу, сонымен бірге фармацевтикалық өндірістің биотехнологиясын ұйымдастыру сұрақтарын қарастырады.
Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның əдістерінің көмегімен диагностикалық жəне дəрілік препараттарды жасаудың медико-биологиялық жəне ветеринарлық-биологиялық тəсілдерінің стратегиясын; практикалық денсаулықты сақтау жəне ветеринарияда пайдаланылатын,олардың ішінде гормондар, интерферондар, интерлейкиндер, антибиотиктер,антиденелер, вакциналар сияқты қазіргі дəрілік заттардың өндірістік деңгейдегі өндірілуінің негізін алу қажет.
Микробтық клеткалар және олардың метаболиттері, фитопрепараттар, жануар текті клеткалар мен тіндер медициналық практикада, оның дамуы мен жетілдірілуіне аса маңызды орын алады. Егер бұрын медициналық препараттар толық микробтық клеткалар (вакциналар, диагностикумдар, пробиотиктер) және олардың туындылары (антибиотиктер, ферменттер, аминқышқылдар, дәрумендер) негізінде жасалған болса, ал бүгін, рекомбинантты ДНҚ технология жетістіктерімен микроорганизмдер адамның гормондары мен цитокиндерін түзеді (инсулин, интерлейкиндер, интерферондар және т.б.), ДНҚ-вакциналар өнделуде.
Медициналық практикада келесі биотехнологиялық процестер қолданылады:
- ферментациялық – антибиотиктер, дәрумендер, ферменттер, аминқышқылдар және т.б. өндіру; биосинтез және биотрансформация;
- иммунобиотехнология – вакциналар, диагностикумдар, аллергендер, антиденелер, соның ішінде моноклонды антиденелер (гибридомды технология);
- клеткалық технологиялар – клеткалы терапия, тіндік инженерия, in vitro-да ұрықтандыру;
- рекомбинантты ДНҚ технологиясы – гендік терапия, адамның рекомбинантты нәруыздар өнімі;
- нанобиотехнологиялар, аналитикалық биотехнологиялар – биочиптер мен биосенсорлар;
- фармбиотехнологиялар – дәрілік өсімдіктер негізіндегі биопрепараттар.


Биотехнология зерттеулері мен алынған нәтижелерінің 70%-тен астам фармацевтикалық және биомедициналық препараттарын алумен байланысады. Биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған медицинада пайдаланатын заттардың түрлері жыл сайын қарқынды кенейеді
Бірінші генді-инженериялық дәрі, генді-инженериялық әдіспен алынған рекомбинанты инсулин. Адам инсулинді кодтайтын генді бактерияға енгізіп ақуыздық дәрі препаратты өндірісте 1982 жылдан бастап көп мөлшерде алу мүмкіндік туды. Бірінші рекомбинанты вакцина В гепатитке қарсы жасалды. Қазірге күнде 100 астам рекомбинанты дәрі препараттар мен вакциналарды медицина пайдаланады. Бұл препараттардың тиімділігі жоғары, қаупсіздігі мен бағасы төмен.
Медициналық биотехнологияның негізгі мақсаты
- биотехнологиялық әдістерді қолданып тиімді жаңа дәрі препараттарды алу;
- аурудың түрін анықтау мен ауруды емдеу үшін жаңа тәсілдерді жасау;
- адамдың барлық жұқпалы аурулардың профилактикасын іске асырту үшін жаңа тиімді вакциналарды құру және иммуномодуляторларды шығару;
- әр түрлі заттарға қарсы моноклоналды антиденелерді алу; - генотерапияға қажет векторларды жасап алу;
- түқым қуалайтын және вирустық аурулардың генодиагностикасын іске асырту, халықты генетикалық паспорттандыру;
- ауруларды емдеу үшін жаңа әдістерді шығару, соның ішінде бағаналы клеткаларды қолданатын әдістерді;
- жаңа диагностикалық жүйелерді шығару (биосенсорларды, биочиптерді).
Медицинадағы биотехнология. Вакциналар – арнайы өсірілген ауру тудыратын
микроағзалар, вирустар мен олардың құрамдас бөліктері арнайы өңдеуден кейін
əлсіздетілген немесе жансыздандырылған күйінде адам ағзасына енгізіледі, осының есесінен берілген ауруға қарсы иммунитет қалыптастырады. Осыдан бастап Луи Пастер кезеңі басталды.
Антибиотиктер – ауру тудыратын микроағзаларға қарсы əсер ететін заттар. Зеңнен
(плесень) синтезделіп зат алынды, оны пенициллин деп атады. Пенициллин өндірісі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басталды жəне жарақаттарды емдеуде кең қолданыс тапты. Əсері жоғары нəтижелерге ие болды.
Дəрумендер. Дəрумендерді өсімдіктерге қарағанда жылдам синтездейтін микроағзалар
табылды. Қазіргі таңда В2 жəне В12 дəрумендерінің, сондай-ақ химия өндірісінің жетістігі
болып табылатын С дəруменінің өндірісі биотехнологияның қоржынында.
Инсулин. Жаңа биотехнология көмегімен адам инсулинін шапшаң жылдамдықпен синтездей алатын микроағзалар «құрастырылған». Дəрі АҚШ-та «Хьюмулин» сауда белгісімен сатылады.
Өсу гормоны. Соматотропты гормонды қымбат жəне жағымсыз тəсілмен - өлген адамның
ми гипофизінен алуға болады. Жаңа биотехнология осы соматотропты гормонды синтездей алатын микроағзаны «құрастырды» жəне адамзат мұқтаждығын қамтамасыз ететін гормон өндірісін жолға қойды.
Ферментті препараттар өндірісі заманауи Биотехнологиядағы жетекші орындардың бірін алады және өнім көлемі үнемі өсіп келе жатқан салаларға жатады, ал қолдану аясы үнемі кеңейіп келеді.
Тез даму мыналармен байланысты:
- ферменттер ақуыз текті жоғары белсенді, уытты емес биокатализаторлар болып табылады,
- табиғатта кең таралған,
- онсыз көптеген биохимиялық процестерді жүзеге асыру мүмкін емес.
Ферментті препараттарды алу көздері:
Өсімдік шикізаты,
Ферменттердің көзі әр түрлі дәнді дақылдардың (уыт) өсірілген астығы болуы мүмкін:
- тікелей техникалық ферментті препарат ретінде пайдаланылуы мүмкін,
- тазартылған ферментті препараттарды алу үшін бастапқы материал болып табылады.
Тропикалық және субтропикалық елдерде өнеркәсіптік өндіріс үшін шикізат протеиназ ретінде қауын ағашының латексін, фикус өсімдіктерінің латексін (мысалы, жапырақтары, інжір өркендері, ананас жасыл массасының шырыны және т. б.) пайдаланады. )


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет