5. Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамаларын атап көрсетіңіз



бет1/2
Дата18.12.2023
өлшемі39 Kb.
#140754
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
био ағылшын сессия (1)


1-деңгей
5.Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамаларын атап көрсетіңіз
Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамалары:
1) көпжақтылығық қыры:
– тілді оқыту пән және тілмен қолдау табады; – пән мазмұнын меңгеру тіл сабақтарында қолдау табады;
– пәндерді кіріктіру жүзеге асырылады;
– оқытуға рефлексия жасау жүргізіледі;
2) қауіпсіздікті болдыратын (сапаландыру) оқу ортасы:
– жаңалыққа қарсы шығатын іс-әрекеттер және тілдік орам қолданылады; – зерделенетін пәндік мазмұн және тілдік құрылымдар көрнекі бейнеленеді;
– тілдік қателер түзетілмейді, бірақ мұғалім тілдік құрылымның дұрыс қолданылу моделін береді;
– тілді саналы меңгертуге арналған оқу материалдардың түпнұсқасы қолданылады;
– оқушының бойында тілді меңгеру туралы сана-сезім дамиды;
3) түпнұсқалық және дереккөзге жақындық:
– оқушылар сөйлеу, жазу, сонымен қатар өздерінің ауызша және жазбаша тілдік дағдыларына рефлексия жасау мүмкіндіктерін қолданады;
– оқушы өз қызығушылығын есепке ала алады;
– оқу материалы оқушының күнделікті өмірімен байланыстырылады;
– бұқаралық ақпараттық құралдарының және басқа да дереккөздердің өзекті материалдары қолданылады;
4) белсенді оқыту:
– сабақта мұғалімге қарағанда оқушылар көп сөйлейді;
– пәндік мазмұнды меңгеру және тілдік, сонымен бірге оқу дағдыларын дамыту үшін оқушылар мақсаттар мен тапсырмаларды өздері тұжырымдайды;
– оқушылар оқудың нәтижелерін және оларға қол жеткізу жолдарын сипаттайды; – сабақ барысында жұпта және топта жұмыс істеудің тиімді болуы үшін жағдай жасалады;
– оқушылар мен мұғалім әңгімелесу және түрлі тапсырмаларды орындаудың көмегімен пәндік және тілдік материалдың мәнін түсінеді;
– мұғалімнің рөлі – сыныптағы үш процесті басқару мен мүмкіндік туғызуға жағдай жасау (оқу процесі, ынтымақтастыққа әкелетін топтағы қарым- қатынасты дамыту процесі, тұлғаның даму процесі);
5) тірек құрылым:
– білім беру процесінде мұғалім оқушының тәжірибесіне, біліміне, білігіне, пікіріне және қызығушылықтарына сүйенеді;
– сабақты жоспарлау және өткізу барысында оқушыларды оқытудың түрлері есепке алынады;
– шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамытуға көңіл аударылады;
– оқушыға қиын жағдайларда болуына мүмкіндік беріледі және оған сол қиындықтарды жеңу үшін эмоционалдық тұрғыдан көмек көрсетіледі;
6) ынтымақтастық:
– пән сабақтары, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар – пәндік сабақтар, тіл бойынша сабақтар және тақырыптар мұғалімдердің жұмыс барысындағы қарым-қатынасы және ынтымақтастығы арқылы жоспарланады;
– ата-аналар оқу процесіне оқушылардың ана тілін және мәдениетін меңгерулеріне көмектесу үшін, сонымен бірге мақсатты тілді пайдалану үшін де қатысады;
–жергілікті жердің қоғамдастығы, лауазымдық ведомстволар, жұмыс берушілер және басқа да мақсатты топтар білім беру процесіне қатыстырылады.
26.Биология пәнін ағылшын тілімен кіріктіре сабақ жоспарлауда тиімді әдістерді тізбектеңіз.
Ағылшын тілінде кіріктіре сабақ беру әдістерін зерттей келе CLIL ең тиімді әдіс болып табылады. CLIL өз мәнінде Content and Language Integrated Learning білдіреді бұл дегеніміз шет тілдің басқа оқу пәндерімен кіріктіріліп оқытылуын көздейді.
CLIL-дің негізгі қағидаларын анықтауда түрлі еуропалық елдерде мәдени және тілдік ортасын қамтитын, пәндік және білімділік міндеттерді шешуге бағытталған оның 4 негізгі қыры бөліп көрсетіледі. Осы 4 қырының әрбіреуі білім алушылардың жасына, әлеуметтік-лингвистикалық ортасы мен CLIL ену дәрежесіне қарай түрліше жүзеге асырылады.
Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және өткізудің бірнеше кезеңдері бар:
1. Пәндерді оқу кезінде жалпы ұғымдарды түсіндіруде пәндер бойынша оқу бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсыну барысында мұғалімдермен оны зерделеу, пысықтау, жинақтау және бақылау кезінде оқушылар білімін кіріктіруді талап ететін материалдар іріктеп алынады. Бұл үдерісте терминологиялардағы, түрлі оқу пәндеріндегі сол бір шамаларға арналған бірліктердегі келіспеушіліктер жойылады. Тақырыпты өту мерзімдері, қалыптасатын ұғымдар, пәнаралық байланыстардың түрі және т.б. көрсетілген кестені құру осы жұмыстың нәтижесі болуы мүмкін.
2. Көрсетілген пәндер бойынша өзара байланысқан тақырыптардың кіріктірілген мазмұнын қарастыру, пәнаралық байланысы бар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таңдау.
3. Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, бақылау әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалауды анықтау. Оқыту мазмұнының өзара әрекеттесуіне.
Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Тілдік мақсаттарды белгілегенде, пән мұғалімі көмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне жүгіне алады. Мұғалімдердің мұндай серіктестігі сыныпта қолайлы білім беру ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады.
Пәнді-тілдік кіріктірілген сабакта пәнді-тілдік кіріктіре оқытудың түбегейлі амалдарның бірі мәтінмен жұмыс істеу болсада, сабақта сөйлеу іс-әрекеттерінің барлық түрлері болуы керек. Оку материалын таңдап алғанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне жауап беретіндей, стилі жағынан алуан түрлі түпнұсқалық мәтіндерді таңдау қажет.
4. Мәтіннің пәндік бағдарлануы, яғни ағылшын тіліндегі мәтіндер пәндік және тілдік құзыреттіліктің дамуы пайда болады.
Сонымен қатар сабақтарда аудио- және бейнематериалдарды пайдалануға болады. Мұғалім сабақты материалдың бір бөлігі аудиомәтін түрінде ұсынылатындай, ал оқытудың ізденіс әдістерін қолданумен материалдың диалог пен сұхбат арқылы келетіндей етіп жоспарлауына болады. Оған қоса, тыңдалым жазбаша тапсырмаларымен де үйлестіре алады (кестелерді толтыру, сызбаларды кұру, өткізген жерлерін қалпына келтіру).
CLIL әдістерін пайдалануда мұғалім келесілерді ескеруі тиіс:
-білімділік ортасы үш тілдің зерттелуіне және жетілуіне ықпал етуі тиіс;
-тілдік ортаны құру үшін мектептегі тәрбие жұмысының жоспарына мақсатты тілдердегі сыныптан тыс іс-шараларды қосу қажет.
Нақты әдістемені қолданудың негізінде келесі ой жатыр: тілді және пәнді біріктіріп оқыту, ен алдымен, толық және ішінара үңілу шарттарымен мақсатты тілдерде тілдік құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған.
Нақты терминдердің ағылшын тіліндегі түсіндірмесі оқыту тілінде беріледі.
Ондай сызбаны көрнекі көрсету үшін оқу-әдістемелік құралдың осы тарауында келесілер ұсынылады:
-пән мен сынып бойынша терминдер тізімі;
-сабақтардың жоспары, немесе қысқа мерзімді жоспарлар.
Кіріктіріп оқытудың көрнекілігі ретінде оқу-әдістемелік құралдарының осы бөлімінде:
Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер:
Өз бетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сөздікпен жұмыс, сызба-нұсқалар құрастыру, топтастыру, сәйкестендіру, семантикалық карта, мәтін аудару әдістерін сабақ барысында қолданып, барлық тапсырмалар биологияның терминдерін ағылшын тілінде жазу жаттау, сәйкестігін табу, шағын мәтіндерді аудару болып табылады. Мұғалімдер өз тәжірибелерінде оқушылардың интеллектуалдық кабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор екендігіне көз жеткізді. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: "Полиглот", "Кім тапқыр?", "Кел сайысаық!" сынды тағы баска ойындар өткізудің үштілді меңгерудегі маңызы ерекше. Оқушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөз жұмбақ ребус олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болады. Bilimland.kz сайты жақсы көмекші құрал оқушылардың қызығушылығын оятып уақыттарын үнемдеуге, қосымша дерктерді тиімді қолдануға түрткі болды.
2- деңгей
5.Кіріктіріп сабақ өткізу барысында негізгі мақсаттардың орындалуын тұжырымдаңыз.
1) оқытылатын пән арқылы шет ел тілін зерделеу;
2) пәнді шет тілі арқылы зерделеу.
Осылайша, оқушыларды ана тілінде және оқып үйренетін тілде оқыту бір тұтасты құрайды. Ағылшын тілі арқылы жаратылыстану, биология, химия, информатика, география және тағы бірқатар басқа пәндер оқытыла алады. Осы пәндерді ағылшын тілінде оқыту үшін таңдап алынуы толық негізделген. Ол үшін бұл пәндер білім беру мазмұнының ұлттық емес құрамдасын құрайтыны туралы тұжырымды еске алғанның өзі жеткілікті, өйткені француз физикасынан өзгеше неміс физикасы (химиясы, математикасы және т.б.) жоқ және т.с.с. Бұл тұжырымды тілдік немесе әлеуметтік-гуманитарлық циклдағы пәндерге 24 қатысты айтуға болмайды: олар әрдайым этникалық тұрғысында шығады, сондықтан да өзінің жиынтық мәнінде білім берудің ұлттық мазмұнын құраайды.
Жалпы білім беретін мектептерде CLIL әдістемесінің негізін келесідей постулаттар құрайды:
− тілді білу пән мазмұнын оқып білу құралы болып табылады;
− сабақтар еліктіргіш түрде өткізіліп, оқушылар ғылыми тәжірибелерді орындайды және түрлі эксперименттерді іске асырады;
− тіл жалпы білім беру бағдарламасына кіріктірілген;
− тілді қызықты тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретіндей етіп пайдалануға үйренудің мотивациясы арта түседі;
− сабақтар тілдік ортаға енуге негізделеді;
− мәтіндерді шет ел тілінде оқу қажетті дағдылар болып табылады.
Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және өткізудің бірнеше кезеңдері бар:
1. Пәндерді (біздің жағдайда олардың төртеуі тілдік емес және біреуі тілдік пән) оқу кезінде жалпы ұғымдарды түсіндіруде пәндер бойынша оқу бағдарламаларын қиыстыру. Оқу бағдарламаларын талдау, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді ұсыну барысында мұғалімдермен оны зерделеу, пысықтау, жинақтау және бақылау кезінде оқушылар білімін кіріктіруді талап ететін материалдар іріктеп алынады. Бұл үдерісте терминологиялардағы, түрлі оқу пәндеріндегі сол бір шамаларға арналған бірліктердегі келіспеушіліктер жойылады. Тақырыпты өту мерзімдері, қалыптасатын ұғымдар, пәнаралық байланыстардың түрі және т.б. көрсетілген кестені құру осы жұмыстың нәтижесі болуы мүмкін.
2. Көрсетілген пәндер бойынша өзара байланысқан тақырыптардың кіріктірілген мазмұнын қарастыру, пәнаралық байланысы бар сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таңдау.
3. Кіріктірілген сабақтың түрін таңдау. Сабақтың жоспарын құру, бақылау әдістері және мектеп оқушыларының оқыту әдістері мен тәсілдерін бағалауды анықтау. Оқыту мазмұнының өзара әрекеттесуіне (өзара байланысуына), болашақ сабақтың уақытына алдын ала хронометражын өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.
Сабақты жоспарлаған кезінде пән мұғалімі сабақтың оқу мақсаттарын да, тілдік мақсаттарын да тұжырымдай алуы керек. Тілдік мақсаттарды белгілегенде, пән мұғалімі көмек алу үшін тілдік пәндер мұғалімдеріне жүгіне алады. Мұғалімдердің мұндай серіктестігі сыныпта қолайлы білім беру ортасының құрылуына мүмкіндік туғызады.
Бірақ ең бастысы – сабақты жоспарлау барысында мұғалімдер «барлық мұғалімдер тілді үйретеді» деген жаһандық тұжырымды ұстануы тиіс .
Пәндік-тілдік кіріктірілген сабақта пәндік-тілдік кіріктіре оқытудың түбегейлі амалдарның бірі мәтінмен жұмыс істеу болсада, сабақта сөйлеу іс- әрекеттерінің барлық түрлері болуы керек. Оқу материалын таңдап алғанда оқушылардың жас ерекшеліктеріне және тілдік дайындық деңгейіне жауап беретіндей, стилі жағынан алуан түрлі түпнұсқалық мәтіндерді таңдау қажет. Егер мәтіндер шағын бөлімдерге бөлінсе және иллюстрациялармен, сызбалармен, суреттермен және т.б. сүйемелденетін болса, жақсырақ қабылданады.
26. CLIL сыныбындағы скафолдинг екі негізгі кезеңін салыстырып көрсетіңіз.
Оқушының өзі жасай алатын және біреудің көмегімен жасай алатын нәрсенің арасындағы айырмашылық проксимальды даму аймағы деп аталады (Каммарата, 2015; Выготский, 1978). Ол көбінесе ағылшын тілінде « Zone of proximal development - ZPD» деп қысқартылып айтылады. Выготский - бұл терминді алғаш бастаған ойшыл. Выготскийдің жұмысы балаларға бағытталған болса да, ауқымды зерттеулер ересек оқушылар үшін де оқытудың осы моделін қолдады (Лефранко, 2000). Тапсырманы басқаның көмегімен орындағаннан кейін, оқушы келесі жолы тапсырманы өз бетінше орындай алады. Мүмкіндіктердегі бұл олқылықты азайту және студенттерге мазмұнды игеру және L2-ді өз бетінше пайдалану үшін барлық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу үшін CLIL мұғалімі скафолдинг – (scaffolding) - оқыту әдісін керектенеді. (Донато, 1994; Өрістер, 2017). Тіл және оқытуда скафолдинг – (scaffolding) - оқыту әдісі өте тиімді. Скафолдингтің негізігі аудармасы құрылыс әлеміндегі тіректер(подмости) - бұл жұмысшыларға физикалық қолдау көрсететін және оларға өздері жасай алмайтын жұмыс орындарына баруға көмектесетін уақытша құрылымдар. Бұл терминді «скафолдинг – (scaffolding)» мұғалім білім беруде қабілеттіліктің кемістігін азайту және оқушыларға L2 мазмұнын өз бетінше игеру және өз бетінше пайдалану үшін барлық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу үшін (CLIL) қолданады. Қажет болған жағдайда, ол қосымша көмексіз тапсырманы орындай алмайтын жағдайда, оқудың олқылықтарын жою үшін қолданылады. Cкафолдинг оқушыларға тапсырманы орындауға немесе жаңа ұғымдарды меңгеруге көмектесетін, қолдау көрсетуді қарастыратын оқыту әдісі. Тілдік скафолдингті мысал сөйлемдер беру арқылы жасауға болады.
Скафолдингті оқуды алға қойылған тапсырма бойынша қадамдық нұсқаулық беру арқылы жасауға болады.
Скафолдинг, яғни қолдау әрі қарай қажет болмаған кезде ақырын алынып тасталуы керек (Ланге, 2011). Скафолдинг – бұл оқытудың қуатты құралы, өйткені ол студенттерге өз бетінше жасай алатын нәрселерден арылуға көмектеседі.
CLIL сыныбында скафолдинг қызметі қандай болады?
CLIL сыныбындағы скафолдинг екі негізгі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең - сабақтың құрылымын құру үшін сабақ жоспарларын әзірлеу, ол оқушылардың бұрыннан білетіндерінен жаңа ұғымдарды меңгеруге ауысады. (Ланге, 2011)
Екінші кезеңде сабақ жоспарының орындалуы орын алады және әр қадам мұғалімнің қолдауын қамтиды. Нұсқаулық мұғалімнің тапсырманы модельдеуден және оны орындаған студенттерден басталады.
Содан кейін ол басшылыққа алынған тәжірибеге көшеді, онда студенттер тапсырмалардың бір бөлігін өз бетінше орындайды, ал мұғалім басшылық етеді. Бірте-бірте, студенттер тәжірибе жинақтаған сайын, тапсырманың күрделілігі артып, қолдау азаяды. Процесс студенттер барлық тапсырманы мұғалімнің қолдауымен немесе ешқандай қолдаусыз орындамайынша жалғасады (Ланге, 2011).
3-деңгей
5.БЖБ,ТЖБ-ның құрылымы мен қолдану талаптарының орындалу мәселесін шешіңіз
БЖБ — бөлім бойынша жиынтық бағалау. Бір тоқсанда бірнеше бөлім болуы мүмкін. Оқушының әр бөлім бойынша білімі мен біліктілігін тексеру үшін осы БЖБ алынады. Тапсырманы орындауға 15-25 минут беріледі. Оған шамамен 10-18 балл қойылады.
ТЖБ — тоқсандық жиынтық бағалау, яғни әр тоқсан аяғында алынады. Оқушыларға оны орындау үшін 40 минут беріледі. Жұмысы 30 баллға дейін бағаланады.
Тапсырманы әзірлеудің 1-кезеңі Оқу бағдарламасын, нақтырақ айтқанда пәннің ұзақ мерзімді жоспарын талдаудан басталады. Тақырыптар аясындағы оқу мақсаттарына талдау жасап, қандай пәндік білім-біліктер мен пәнүсті дағдылар күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылғаны және бағаланатыны анықталады.
Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы бойынша жіктеу Танымдық процесс «Білім» деңгейінде «Оқушы ақпаратты есіне түсіре ала ма?» денег сұраққа жауап береді. Мысалы, тізім құру; терминдерді, оқиға мерзімдерін, формулаларды анықтау; ұғымдарды актау; тізімді белгілеу, теореманы айту. «Түсіну» деңгейінде «Оқушы идея мен мазмұнды түсіндіре ала ма?» денег сұраққа жауап береді. Мысалы, ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды қорытындылау; әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды, сипаттамаларды салыстыру.
«Қолдану» деңгейінде «Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана ала ма?» денег сұраққа жауап береді. Мысалы, қағидатты қолдану; процедураларды орындау немесе енгізу.
«Талдау» деңгейінде «Оқушы берілген көлемді ақпаратты бөліктерге жіктеп, олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен байланысын анықтай ала ма?» денег сұраққа жауап береді. Мысалы, реттілігін зерттеу, нәтижені болжау. «Бағалау» деңгейінде «Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?» денег сұраққа жауап береді. Мысалы, өз таңдауын, жасаған қорытындысын сипаттау; бағаны, әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін, ерекшесін таңдау. «Жинақтау» деңгейінде «Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?» денег сұраққа жауап береді. Мысалы, зерттеу жұмысын немесе жаңа идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндіктер ұсыну; тың идеялар ойлап шығару.
Тапсырма әзірлеудің 2-кезеңі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарының негізінде бағалау критерийлерін құрастыру. Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі. Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес анықталған болуы тиіс және оқу мақсаттарының аясынан шықпауы керек.
Оқу мақсатына сәйкес қанша бағалау критерийі болуы тиіс? Бағалау критерийлерінің санин көбейтпеген жөн. Оқу мақсатының маңызды тұстарын бағалау орынды болып табылады. Бағалау критерийлерінің санин азайтыңыз, барлығын қамтуға тырыспаңыз. Оқу мақсаттарының деңгейі мен көлемін есепке алыңыз.
Тапсырма әзірлеудің 3-кезеңі Тапсырмаларды саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру қажет. Ойлау дағдыларының деңгейлері неліктен маңызды? Дағдыларды дәл анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Критериалды бағалау жүйесінде ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың аясында қарастырылады: - білу және түсіну; - қолдану; - жоғары деңгей дағдылары: талдау, жинақтау, бағалау.
Тапсырма әзірлеудің 4-кезеңі Бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды әзірлеу. Тапсырмалар бірқатар талаптарға сәйкес құрылуы тиіс: - тапсырма оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес болуы керек; - тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сайт келуі керек; - тапсырмалар сараланған болуы керек, яғни оқушылардың жеке ерекшеліктерін, нақты айтқанда қабылдау мен ойлау, жұмыс істеу қарқыны, пәндік және пәнүсті дағдыларының қалыптасу деңгейінің ерекшелік- терін ескеру маңызды. - тапсырмалар оқушыларды танымдық әрекетке ынталан- дыратындай алуан түрлі, нақты және түсінікті болуы тиіс.
Тапсырма әзірлеудің 5 кезеңінде әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырылады. Дескриптор - тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама. Дескриптор анық және нақты болуы қажет. Жалпы дескрипторлар тапсырманы орындауда оқушыға нақты қай жерде қиын болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға тиімді кері байланыс берегу және қайталап оқуға арналған бағдарламалық материалдың қажетті көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Дескриптор денегіміз не және оны әзірлеу барысында нені ескеру керек?
Тапсырманы құрастыру қандай кезеңдерден тұрады? 1. Жоспарлау 2. Құрастыру 3. Сараптау 4. Қолдану 5. Талдау тапсырманың әзірлеу мақсаты мен міндеттері, қажетті құжаттар анықталады. оқу бағдарламасын, спецификация на қолдану арқылы тапсырма әзірленеді тапсырманың запасы талданып, қайта қаралады, қажет болған жағдайда тиісті өзгертулер енгізіледі. белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес тапсырма қолданысқа енеді. тапсырманы қолдану нәтижесі талданып, қажет болған жағдайда өзгерту жасалады.
26.8-сыныптың«Молекулалық биология мен биохимия» тарауларындағы жаңа терминдерді қазақша –ағылшынша жазып көрсетіңіз
Жалпы сабақ барысында ағылшынша терминдерді төрт дағды бойынша қалыптастыруға болады. Оқылым дағдысы.
Тірі ағзалар бір бірімен өзара әрекеттесіп, біртұтасты құрайтын биологиялық жүйелер. Өсімдіктер мен жануарлардың мысалында тірі табиғаттың құрылымдық деңгейлерін қарастыруға болады. Жасуша cell - тірі ағза құрылымының құрылымдық және функционалдық бірлігі. Ұлпа tissue – құрылымы, шығу тегі мен қызметі жағынан ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар тобы. Мүше member дегеніміз- ағзаның бөлігі, оның белгілі бір формасымен құрылымы бар, ол белгілі бір орында орналасып, белгілі бір функцияны атқарады. Мысалы: жүрек, бүйрек, өкпе, өсімдік жапырағы т.б. Мүшелер жүйесі member system – құрылымы, шығу тегі және бір функцияны атқаратын ұқсас мүшелер жиынтығы. Мысалы: тыныс алу жүйесі, асқорыту жүйесі, өсімдіктің тамыр жүйесі. Ағза organism- бұл біртұтас тірі жүйе, ол бір бүтін ретінде қызмет атқаратын өзара байланысты элементтерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет