5-тақырып: Академиялық мәтіннің құрылымы. Ақпаратты, мәліметті жеткізудің бірнеше жолы бар. Олар: баяндау, хабарлау, сипаттау, пайымдау. Баяндауда



Дата25.02.2022
өлшемі46,1 Kb.
#26430

5-тақырып: Академиялық мәтіннің құрылымы.
Ақпаратты, мәліметті жеткізудің бірнеше жолы бар. Олар: баяндау, хабарлау, сипаттау, пайымдау.

Баяндауда оқиғаның, іс-әрекеттің жайы және оның дамуы, оқиғаның ары қарай өрбуі туралы айтылады. Басты белгісі - оқиға, іс-әрекеттің даму, өрбу, шегіне жету қарқынын қадағалау.

Ал хабарлаудың мақсаты - неғұрлым жаңа оқиға, іс-әрекет, жағдай туралы нақты фактілер негізінде уақыты мен оқиға болған жерге шынайы сілтеме жасай отырып ақпарат беру.

Зат пен құбылыстың әр түрлі қасиеттері мен белгілері, олардың нақты статистикалық көрсеткіштері сипаттау арқылы беріледі.



Пайымдау - автордың құбылыс, процесс, ғылыми түсінік, белгілі бір ғылым саласындағы заңдылықтар мен категорияларды ой елегінен өткізіп, тұжырым жасауы, жаңа қорытындыға келуі. Ғылыми мәселеге байланысты пайда болған жаңа ойды негіздеу, қорыту. Ғылыми мәтін пайымдау мен сипаттаудан тұрады; кейде бір мәтінде екеуі кезектесіп келуі де мүмкін.
Тапсырма : Шағын мәтіндердің ақпаратты жеткізудің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Сипаттау І. Фотосинтез - өсімдіктердің қоректенуінің негізгі әдісі. Фотосинтез барысында күн энергиясының әсерімен көмірқышқыл газы көмірсуларға дейін тотықсызданады. Жасыл өсімдіктерде электрондар доноры су болып табылады, сол себепті фотосинтез нәтижесінде оттегі пайда болады. Фотосинтез кезінде күн энергиясы хлоропластар арқылы тұтылып, ең ақырында көмірсулардың химиялық байланыстар энегиясына айналады: сіңірілген көміртегінің 1 грамм-атомына шаққанда, 144 ккал. энергия жинақталады.

БаяндауІІ. АҚШ. Калифорния штаты. Лос-Анджелес қаласы. Дүниежүзінің жасырын фармакология өнеркәсібін ашумен шұғылданатын әйгілі мамандар осы елдің Нью-Йорк қаласында халықаралық деңгейде жұмыс істеген фармакологиялық картельді тауып, олардың «шошқа тұмауы» Пандемиялық вирусының дүниежүзіне таралуын қамтамасыз ететін және сол вирусты дайындаумен, сондай-ақ оны жоюға қарсы егілетін вакцинаны таратумен айналысып келгенін әшкереледі.
Тапсырма: Ақпаратты, мәліметті жеткізудің

Баяндау- Биыл жазғы демалысым басталысымен мен жылдағы әдетім бойынша атам мен әжемнің қасына ауылға кеттім. Жаздыгүні ауыл ерекше ғой, шіркін. Таңертең  ерте тұрып, атама малдарды өріске жіберуге көмектесемін. Қазір әжеме көмектесетін жеңгем бар. Жеңгем ерте тұрып барлығымызға таңғы ас әзірлейді. Үйдің еркесі болғандықтан күні бойы балалармен доп қуып, көлге түсіп, бүлдірген теріп жейміз.  Тек кешке ғана ойыннан қолым босап, үйге қайтамын. Ауылда демалған маған өте ұнайды!

Хабарлау- Қазақстанның жаңа ішкі істер министрі болып бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысы Марат Ахметжанов тағайындалды. 

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын " деп жазылған ҚР Президенті қол қойған Жарлықта. 

Бұдан бұрын әлеуметтік желіде Ерлан Тұрғымбаевтың Ішкі істер министрлігінен кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарған. 

сипаттау- Ұшақ - көгілдір аспан көлігі. Бүгінгі күні ұшақтың бірнеше түрлері бар: алыс қашықтыққа ұшатын, жақын қашықтыққа ұшатын, жолаушылар ұшағы, әскери ұшақ, жүк тасымалдайтын ұшақ т.б.

Ұшақтың басқа көлік түрлерінен айырмашылығы мен артықшылығы - бір жерден екінші жерге өте тез уақыт ішінде жеткізу.



Пайымдау- Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет