«6М021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6М021400»



бет1/4
Дата02.06.2023
өлшемі40,49 Kb.
#98240
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

«6М021400 – ӘДЕБИЕТТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
1. «Әдебиеттану – 6М021400» мамандығы бойынша қабылданатын емтиханның мақсаты мен міндеттері

«6М021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы әдебиеттануға кіріспе, әдебиет теориясы, әдебиет поэтикасы, халық ауыз әдебиеті, әдебиет тарихы, әдебиет сыны тарихы, текстология сияқты бакалавриаттағы әдебиеттанушылық алғы реквизиттік пәндермен сәйкес дайындалды.


Бағдарлама сұрақтары магистратураға түсетіндердің әдебиеттану, сондай-ақ эстетика, историография, мәдениеттану, тіл білімі, философия тәрізді аралас гуманитарлық ғылымдар саласындағы білімі мен білігін машық-дағдыларын айқындау мақсатымен қойылған.
Бағдарламада әдебиеттанудың көркем сөз шығармашылығының ерекшелігі, шығу тегі мен дамуы, әдеби туындының идеялық-эстетикалық құндылығы мен құрылымы, сонымен қатар бұрынғы және бүгінгі әдеби үдерістің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретіндегі категориялық және ұғымдық аппаратына тән ең негізгі қағидалары қамтылады.
Қабылдау емтиханы жазбаша үлгіде алынады. Емтихан тапсырушы емтихан билеттерінің сұрақтарына қайтаратын жауабын тиісті жауап парақтарына жазады, аппелляция жағдайында жауап парағында жазылған мәтіндер негізге алынады.


2. Магистратураға қабылданатын үміткерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқуға қабылданушылар әдебиеттану пәнін әдеби құбылыстардың жиынтығы, олардың әр алуандығы мен дара сипаты және әдеби шығармашылық, әдеби шығарма, әдеби үдеріс туралы ілімінің теориялық негіздері түрінде түсініп білетіндігін көрсетуі қажет.


Оқуға түсуші әдебиеттанудың іргелі қағидаларын, тарихын, негізгі ұғымдарын, заңдарын, теориялық әдебиеттану бағыттарын, оның басқа ғылымдармен байланысын, әдебиеттанушылық еңбектің әдістері мен тәсілдерін, әдебиеттанудың қазіргі жағдайы мен дамуының өзекті үрдістерін жақсы білетінін танытуы қажет. Бұған қоса ол әдебиеттану саласында зерттеу жүргізу қабілетін байқатып, әлемнің бүгінгі ғылыми кескіні, қоғамдық өмір жайлы тұтас түсінігі болуы керек, аталған мамандық бойынша магистратурада дайындау бағдарламасына сәйкес деңгейде ғылыми таным әдістерін, мәтінді саралау әдістемесін, негізгі әдебиеттанушылық талдау әдістерін меңгеруі шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет