№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013


Екі  санына  байланысты  наным-түсініктер



Pdf көрінісі
бет34/44
Дата27.01.2017
өлшемі7,69 Mb.
#2837
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44

Екі  санына  байланысты  наным-түсініктер.  Күні-түні  дем  алмайтын  екеу  – 
ол Ай мен Күн. Осы күні басталған істің бəрі де сəтті болады. 
Ал енді өзіміздің қазақ халқында үш санының киелілігі мынадай болып келеді: 
Үш қуат: 1. Ақыл. 2. Жүрек. 3. Тіл. Үш жүз: 1. Ұлы жүз. 2. Орта жүз. 3. Кіші жүз. 
Үш қасиет: 1. Ақыл. 2. Ұят. 3. Сабыр. Үш би: Төле би, Қазбек би, Əйтеке би. 
Қазақта «Төрт құбылысы сай», яғни «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу 
түгел болса, төбедегі келеді» деген мəтелдердің мағынасы бір болып келеді. Ертеде 
бұл  сан  тұрақтылық  пен  беріктілік,  əділдіктің  белгісі  болған.  Ол  шаршы 
болғандықтан,  əлемнің  төрт  бұрышын,  жылдың  төрт  мезгілін,  табиғаттағы  төрт 
құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. 
Төрт  аяғы  тең  жорға,  төрт  тұрманы  түгел  сай  деген  сандық  мəндер  арқылы 
айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт санына байланысты ұғымдар мынадай: төрт 
түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір 
күн  көріс  көзі  болып  табылған.  Қазақ  халқының  өмірін  төрт  түлік  малсыз  елестету 
мүмкін емес. 
Төрт асыл: 1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-шапағат. 
Төрт ұры: 1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тəкаппарлық. 4. Мейірімсіздік. 
Сонымен  бірге  төрт  саны  қытайлардың  үрейін  ұшыратын  сан.  Олар  төрт  саны  бар 
жерге  жоламауға  тырысады,  өйткені  қытайларда  төрт  –  «өлім»  сөзінің  омонимі. 
Шынымен  де  қытайлар  осы  санды  көп  қолдана  бермейді.  Тіпті  биік  ғимараттарда 
төрт жəне он төрт нөмерлі қабаттарды таба алмайсың. Бес саны жоғарыда айтылған 
төрт  бастаманың  ортасында  орналасып,  жан-жағын  басқарып  тұрады.  Абай 
атамыздың өлеңінде де: «Талап, еңбек, терең ой. Қанағат, рақым ойлап қой. Бес асыл 
іс  көнсеңіз,  Өсек,  өтірік,  мақтаншақ.  Еріншек,  бекер  мал  шашпақ.  Бес  дұшпанды 
білсеңіз», - деп бес саны жайлы айтып кеткен. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
97
Айналадағы  болатын  барлық  құбылыстар  мен  өзгерістерді  қадағалайды  деп 
саналатын негізгі бес планета бар – Меркурий, Венера, Марс, Юпитер жəне Сатурн. 
Адамда бес негізгі сезім мүшесі бар. Олар: көру, есту, иіс сезу, дəм сезу жəне сипап 
сезу мүшелері. Бес саны күшті, белсенді де сабырлы жəне биіктен көрінер сан болып 
есептелінеді. Сондықтан оны белеске теңейді. 
Бес санына байланысты төмендегідей наным-сенімдер бар: 
Исламдағы бес парыз: 1. Иман. 2. Намаз. 3. Ораза. 4. Зекет. 5. Қажылық. 
Бес қару: 1. Сойыл. 2. Дойыр. 3. Шоқпар. 4. Найза. 5. Садақ. 
Пифагор алты санын ерекше сан деп білген, басқа сандардың өзгешелігі оның 
өзіне  тəн  ерекше  қасиеті  бар.  Ол  өзі  бөлінетін  сандардың  қосындысы  мен 
көбейтіндісінен тұрады. Яғни, 6 саны 1-ге, 2-ге, 3-ке бөлінеді. Оларды қосып немесе 
көбейтсек,  қайтадан  алты  саны  шығады  (1+2+3х2х3).  Мұндай  қасиет  басқа  ешбір 
санда қайталанбайды. Алты саны – жетістіктің еркіндіктің белгісі. 
Қазақ халқының алты санына байланысты ұғым-түсініктері мыналар: 
Алты  парыз:  1.  Бір-біріне  сəлем  беру.  2.  Шақырса  –  бару.  3.  Кеңес  сұраса  – 
ақыл қосу. 4. Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса – көңіл сұрау. 6. Қайтыс болса 
– жерлеуге қатысу. 
Қазақтардың  таным-түсінігінеде  жеті  санының  алар  орны  ерекше.  Жердің 
жүзін  мекендеген  халықтардың  көбісі,  соның  ішінде  қазақтар  ерте  кезден  жеті 
санында  сиқырлық  күні  бар  деп  санаған.  Біздің  ата-бабаларымыз  жеті  санын 
қастерлеп,  бірқатар  таным-түсінігі  мен  табиғат  құбылыстарын,  аспан  денелері  мен 
заң жүйелерін жеті санымен сəйкестендірген. 
Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сəрсенбі, дүйсенбі, жұма, сенбі, 
жексенбі.  Құдай  бірінші  күні  жарықты,  екінші  күні  аспанды,  үшінші  күні  жерді, 
төртінші  күні.  Күн,  Ай  жəне  жұлдыздарды,  бесінші  күні  балықтар  мен  құстарды, 
алтыншы  күні  аңдар  мен  адамдарды  жаратқан,  жетінші  күні  демалған  деген  діни 
аңыздар бар. Аңыз əңгімелерге сүйенсек, бұл əлемді жаратуға арналған жеті күн деп 
аталады. 
Жеті ата: 1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Əке. 7. Бала. 
Табиғаттың  керемет  туындыларының  бірі  –  кемпірқосақ.  Ол  да  жеті 
түстен  тұрады.  Олар  қызыл,  қызғылт-сары,  сары  жасыл,  көгілдір  көк  жəне  күлгін. 
Кемпірқосақ  күн  сəулесі  жаңыр  тамшысына  түскенде,  жарықтың  жеті  түсі  сынып, 
тамшы арасында пайда болады. 
Жеті  қат  көк  –  қазақ  халқының  көне  заманнан  келе  жатқан  мифологиялық 
түсініктерінің  бірі.  Мұсылмандық  мифологияда  аспанның  жеті  қабаты  болып 
түсіндірілетіндігі. 
Жеті  жұт:  құрғақшылық,  жұт  (мал  қырылу),  өрт,  оба  (ауру),  соғыс,  топан  су, 
зілзала (жер сілкіну). 
Жеті жоқ: жерде өлшеу жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада 
талап жоқ, аққуда сүт жоқ, Аллаһта бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ. 
Көне  заман  адамдары  сегіз  санын  сенімділіктің,  шыңдалудың  шыңы  деп 
есептеген.  Сегіз  саны  –  мəңгілік  символы.  Сегіз  санының  омонимі  –  гүлдену.  Бұл 
қытайлардың  ең  сүйікті  саны.  Сондықтан  «Арты  гүлденуге  əкелсін»  деген  8-ден  8 
минут  8  секунд  өткен  мезгілден  ниетпен  2008  жылғы  Бейжің  Олимпиадасының 
ашылу уақыты 8-ші айдың 8-ші жұлдызы сағат 8-ге белгіленді. 
Сегіз санына байланысты ұғым-түсініктер. Сегіз түрлі жақсылық жасаған 
адамға  жұмақ  лайық:  1.  Ораза  ұстағандарға.  2.  Жаман  сөзден  сақтағандарға.  3. 
Құран  оқығандарға.  4.  Аш  адамдарға  тамақ  бергендерге.  5.  Жас  уақытында  намаз 
оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақсылық болсын дегендерге. 
8. Өзгеге де жақсылық болсын дегендерге. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
98
Халықтар түсінігі бойынша тоғыз саны қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 
Тоғыз  санының  қасиетіне  тоқталсақ,  ана  құрсағында  нəресте  тоғыз  ай,  тоғыз  күн 
өсіп-жетіледі.  Бұл  сан  адамның  ғүмырында  пайда  болып,  жарық  дүниеге  келетінге 
дейінгі уақыт өлшемі. Тоғыз саны өмірге адам əкеледі. Ол үш үштіктен құралған. 
Тоғыз  санының  омонимі  –  «ұзақ  өмір».  Тоғызқұмалақ  –  қазақтың  ұлттық, 
дəстүрі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу 
тарихы  4  мың  жылдық  кезеңді  қамтиды.  Ал  кейбір  мамандардың  айтуынша,  оның 
пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы əбден мүмкін. 
Он саны үйлесімділік пен рухани толығудың бейнесі болып саналады. Ол орта 
ғасырлық Еуропада 1+2+3+4 сандарының қосындысы ретінде философиялық тастың 
символы  болып  есептелінген.  Он  саны  ондық  санау  жүйесінің  негізі  болып 
қалыптасып, барлық əлем халықтарында қолданылады. 
Он  түрлі  жаман.  Тəуке  хан  «Не  жаман?»  деген  сұраққа  бір  жауап  берсе,  үш 
жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды 
жазып,  үш  биге  жіберіпті.  «Сізден  рұхсат  болса,  жауап  береміз»,  -  деп  қағазды 
Қазыбек  биге  жіберіпті.  1.  Бірлігі  кеткен  ел  жаман.  2.  Ерегесіп  өткен  ер  жаман.  3. 
Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідірден шошыған ат жаман. 5. Білік адамның белгілі 
бала  тумаған  жаман.  6.  Аймағын  билей  алмаған  адам  жаман.  7.  Жетім  деген 
мақсатына  жете  алмаған  жаман.  8.  Серкесіз  бастаған  қой  жаман.  9.  Төскейге  шыға 
алмаған  кəрілік  жаман.  10.  60-та  қыздай  қосылған  бəйбішеден  айырылған  тіпті 
жаман. 
Тек қазақ халқында ғана емес, барлық халықтар үшін он екі саны қасиетті сан. 
Қазақтар он екі жылды бір мүшел дейді. Алғашқы мүшел жас қана он үш жыл, оған 
он екі жастан қосып отырсаң, келесі мүшел шығады. Қазақтар мүшел жасты өмірдің 
қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсінген. Қазақ жыл санауында он екі жылдың 
əрқайсысына он екі жануар аты берілген. Он екі саны көптеген циклды таңбалайды – 
он  екі  ай,  он  екі  жыл  он  екі  қарақшы,  он  екі сағат.  Он  екі  саны  «табыс»,  «тоқтық» 
ұғымдарын білдірген. Санның омонимі – «оңай ұтыс». 
Қазақ халқы үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сəтті. Тек, ниетің оң, ісің адал 
болсын. Алайда, өте халықтардың наным-сенімі бойынша, қазақтар да кейінгі кезде 
он үш санын сəтсіз санға балайтынды шығарды. Біздіңше, бұл наным-сенім қазақтар 
үшін  емес.  Қазақта  алғашқы  мүшел  жас  осы  он  үшке  тура  келеді.  Сол  себепті 
халқымыз: «Он үште отау иесі», - деп ұлын ардақ тұтады. 
Зерттеу  жұмысы.  1  жұмыс  –  «Сандар  болжамы»  тақырыбында  сауалнама 
жүргіздім. Сауалнама: 1. Аты-жөнің кім? 2. Қай айда дүниеге келдің? 
Барлығы – 22. Қаңтар айында туғандар – 1 оқушы (1 саны). Ақпанда туғандар – 
жоқ. Наурызда туғандар – 2 оқушы (3 саны). Сəуірде туғандар – 2 оқушы (3 саны). 
Мамырда  туғандар  –  2  оқушы  (5  саны).  Маусымда  туғандар  –  2  оқушы  (6  саны). 
Шілдеде  туғандар  –  1  оқушы  (7  саны).  Тамызда  туғандар  –  2  оқушы  (8  саны). 
Қыркүйекте  туғандар  –  1  оқушы  (9  саны).  Қазан  айында  туғандар  –  2  оқушы  (1 
саны).  Қараша  айында  туғандар  –  (5  оқушы).  Желтоқсанда  туғандар  –  1  оқушы  (3 
саны). 
Қорытынды.  Сан  есімдер  сырын  зерттей  келіп,  ғалымдық  даму  үздіксіз  өсіп 
отырса  да,  əрбір  адам  баласының  белгілі  бір  жағдайларда  сандар  құдіретіне  сеніп, 
өзінің жоспарлаған жұмысын белгілі бір сандар жүйесінің өзіне тəн құпиясын сақтай 
орындауды  əдетке  айналдырған  деген  пікір  қалыптасқан.  Зерттеу  жұмысы 
барысында  танысқан  болжамдар,  ғылыми  көзқарастар,  жүргізілген  сауалнамалар 
нəтижесі  кез  келген  адамның  белгілі  бір  санды  сəтті  немесе  сəтсіз  деп  қарап,  сол 
сандар жайындағы ғылым тоқтамақ емес, үнемі дамып, толығып отырады. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
99
Ұсыныстар:  1.  Сандар  сыры  жайлы  ғылыми  еңбектер  кітап  болып  басылып, 
көпшіліке ұсынылса; 2. Сандар жайлы киелі ұғым бар екені баршаға аян, олай болса, 
олар  жайлы  жорамал  жасау  қолға  алынса;  3.  Қазақстан  Республикасында 
«нумерология»  ғылыми  дамымаған,  осы  ғылымды  біздің  елімізде  дамытуды  қолға 
алса. 
 
МАХАНБЕТОВА Мөлдір, 
№40 орта мектебінің 6 сынып оқушысы, 
Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ҚАРАҚҰЛОВА Фарида Сəбитқызы, 
№40 орта мектебінің мұғалімі, Шиелі ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ – ҚҰРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА 
ПАЙДАСЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл  жоба  қазақ  халқының  байырғы  тағамы  –  құрттың  пайдасын  зерттеуге  
арналған.  Құрт  –  сүттен  жасалған  ұлттық  тағам.  Құрт  –  сөзінің  мағынасы  да 
құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, 
адам  денсаулығына  өте  пайдалы.  Жобамда  құрттың  дайындалу  технологиясы  мен 
түрлеріне жəне адам ағзасына пайдасы жайында тоқталдым. 
 
Кіріспе. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған əрі қастерлей білген. Ел-жұрт 
жадында мəңгі жатталып қалған «Ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең 
ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың 
орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бəрінен де жоғары қойған. Бұған «Астан 
үлкен емессің» немесе «Арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «Асты қорлама 
– құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мəтелдер де куə бола алады. 
Қалай айтылса да, қай заманда айтса да, халық асты құрметтеу мен бағалаудың 
жолын да, жөн-жосығын да, оны дəмді етіп əзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. 
Ел  мен  елді  татуластыру  да,  жақсылар  мен  жайсаңдарды  құрметтеу  де,  өздерінің 
мырзалық,  мəрттік  үлгілі,  өнегелі  қасиеттері  мен  артықшылықтарын  білдіру  де,  ел 
дəулеті  мен  қарым-қабілетін,  түсінігін  танытуды  да,  қазақ  кең  дастарқан  арқылы, 
яғни  ас,  қонақасы  арқылы  көрсеткен.  Осы  жолда  тұшымды  сөз  айтып,  дəмді  тағам 
берумен  бірге  оның  таза,  бүтін  ыдыстарына  дейін  ерекше  назарда  болған.  Сырттан 
келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын 
берген. 
Демек,  ұлт  мəдениетінде  тамақ,  дəм  татыру  –  экономикалық,  дипломатиялық 
жəне  тəлім-тəрбиелік  қызмет  атқарған.  Бұл  істе,  əрине,  қазақ  халқының 
қонақжайлық  дəстүрі  шетелерде  ерте  заманнан-ақ  аңыз  болып  тараған.  Қазақ 
қонақасы  беруде  қонақ  таңдауды,  басқа  ұлт,  дін  өкілдері  деп  бөлуді  де  білмеген, 
төрге шығарып, ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, 
мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген. 
Ас,  тамақ  дайындауды  қазақ  əйелдерге  жүктеген.  Қазақ  əйелдері  тағамның 
алуан  түрлерін  дайындауымен  бірге  қыста  да,  жазда  да  оның  таза  əрі  бұзылмай 
сақталуының əдіс-тəсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл қағидаларды əйелдер 
ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп,  кейінгілерге  үйретіп  отырған.  Мысалы,  олар  етті  ыстап 
сақтауды,  қымызды  жазда  салқын  ұстауды,  майды  көгертпей  күтуді,  басқа 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
100
тамақтарды  да  бұзылмай  сақталуының  ғасырлар  бойы  ұмытылмай  келе  жатқан 
байырғы халықтық əдістері мен амалдарын, əсіресе, ауылдық жерлерде күні бүгінге 
дейін  жеткізді  жəне  оны  əлі  де  қолданып  келеді.  Əсіресе,  қымыз  бен  шұбатты 
баптаудың,  құрт,  ірімшік,  ежігей,  сары  май  сияқты  жеңсік  тағамдарды  дайындауда 
қазақ əйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық. 
Қазақ  халқы  асты  үш  түрге  бөледі.  Олар  ақ  (сүт  тағамдары),  қызыл  (ет 
тағамдары) жəне көк (жеміс тағамдары). 
Мал  жəне  онан  алынатын  өнімдер  –  қазақтың  басты  байлық  қоры.  Соның 
ішінде  ұлт тағамдарының  негізгі  көзі  болып  табылатын  сүттің  орны бір  бөлек.  Сүт 
тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған 
жылдар  бойы  халық  аса  бай  тəжірибе  жинақтай  жүре,  одан  жүзден  астам  тамақ 
түрлері мен дайындау əдістерін жасаған. Жəне олардың көптеген қызықты атаулары 
мен  орны  жəне  алуан  түрлі  ерекше  жасау,  пісіру  жолдары  тағы  бар.  Сөйтіп  бір 
сүттен  сұйық,  қою,  қоймалжың,  ащы,  тұщы,  жұмсақ,  қатты,  ұнтақ  тағамдар  жасап 
шығарған.  Олардың  көпшілігі  қазіргі  кезде  қазақ  дастарқанынан  сирек  көрінетін 
жеңсік ас қатарына жатады. 
Сүт  –  химиялық  құрамы  жағынан  тамаша  тағам.  Оның  құрамында  адам 
ағзасының  қалыпты  жетілуі  үшін  барлық  зат  бар.  Соған  орай  оған  физиологиялық 
құндылығы  жағынан  бірде-бір  азық  тең  келе  алмайды.  Сүт  басқа  өнімдердің 
биологиялық  құндылығын  көтереді.  Ас  қорыту  бездерінің  жұмыс  істеу  қабілетін 
үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып, əр түрлі тағамдар дайындауға болады. 
Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет 
өнім  пайдаланылады.  Ал  сүт  қосып  дайындалған  тағам  өте  дəмді  болады. Оның 
үстіне сүт өнімдерінің дəрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын  алу,  диеталық тағам 
ретінде де қолданылып жүр. 
Жобаның  негізгі  мақсаты:  қазақ  халқының  байырғы  тағамы  –  құрттың 
пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. 
Жобаның  міндеттері:  қазақтың  ұлттық  тағамы  –  құртпен  танысу;  құрттың 
қазақ  өмірінде  алатын  орнын  көрсету;  құрттың  адам  денсаулығына  пайдасын 
көрсету. 
Мəселе: құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу. 
Зерттеу нысаны: құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу. 
Құрттың  адам  ағзасына  пайдасы.  Құртты  ежелгі  замандарда  қалыптасып, 
дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы сақталған ұлттық тағам 
ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен құртының түрі 
көп.  Құрт   күнделікті  өмірде  тағамның  бір  түрі  ретінде  немесе  басқа  тағамдардың 
дəмін  келтіру  үшін  қолданылатын  тағам  десек  те  болады.  Құрт  өз  деңгейінде 
қолданысқа  түскен  жоқ.  Міне,  сол  себепті  құрттың  құрамына  жəне  оның  адам 
организміне  тигізетін  пайдасына  баса  назар  аудара  отырып,  деректер  жинақтап, 
зерттеу жұмысын жүргізіп жүрмін. 
Ақуызға  өте  бай,  сүттен  дайындалатын  құрттың  адам  ағзасына  пайдасы  өте 
зор. Қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен құрт жасайды. 
«ҚҰРТ»  сөзі  құрғатылған,  кептірілген  деген  мағынаны  білдіреді.  Сиырдың 
сүті,  түйенің  шұбаты,  жылқының  қымызы  дəруменнің,  күш  қуаттың  нақ  көзі  екені 
дəлелдеуді қажет етпейді. Құрт ақуызға өте бай. 100 грамм сүзбе 227-ге дейін қуат 
берсе,  құрттан  370,1  қуат  алуға  болады.  Түйе  сүтінің  құрамында  кальций  мен 
фосфор  микроэлементтер  кездеседі.  Шұбатта  А,  В,  С  дəрумендері,  мыс,  мырыш, 
күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. Осындай 
заттардан құралған құртты жылдар бойы сақтауға болады. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
101
Ғылыми зеттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға шаққандағы 
ақуыздың  мөлшері  22,85-34,52%  болса,  қазақ  ірімшігіндегі  ақуыздың  мөлшері  40-
42%  екен.  Сыр  құрамында  көміртегі  ары  кетсе  4,52%-тен  аспайды,  ал  ірімшікте  ол 
10,93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет 
элемент фосфор болса, дəстүрлі əдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0,51%, 
ал  кальций  2,3%  мөлшерінде  кездеседі  екен.  Ал  қуаттылығына  келсек,  100  грамм 
сыр 268,8-401,38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408,4 қуат береді. 
Құртымыз  химиялық  құрамы  мен  калориясы  жағынан  қала  дүкендеріндегі 
сүзбені  (творог)  он  орап  алады.  Сүзбеде  ақуыз  мөлшері  14,5-18,6%  болса,  қазақ 
құрты  ақуызға  өте  бай  –  52,6%.  Ал  100  грам  сүзбе  87-227-ге  дейін  қуат  берсе, 
құрттан 370,1 қуат алуға болады. 
Бабаларымыз  кие  тұтқан  жылқы  малының  сүті  –  қымыздың  емдік  қасиеті 
ежелден мəлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тəулікте орта есеппен 50 мг С дəруменін 
қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200-260 мг С дəрумені бар. Қымызда сонымен 
қатар  сөл  бөлу  жəне  жүрек  жұмысын  жақсартатын  В  тобы  дəрумендері:  В(1),  В(2), 
В(3),  оның  ішінде  қанның  жасалуына  қатысатын  В12  дəрумені,  ағзадағы  тотығу-
тотықсыздану реакцияларына  əсер  ететін  С  тобы  дəрумендері,  А  дəрумендер  тобы, 
липоид бар. 
Қымыз  –  нағыз  антибиотик.  Ол  ағзаға  тарағасын  ішектегі  шіру  процесін 
тежейді.  Шіріткіш  микробтарға,  ішек  таяқшаларына  жəне  сарғыш  стафилококтарға 
қарсы  жойғыш  күші  бар  қымыз  құрт  ауруы,  сүзек,  дизентерия,  күл  (дифтерия) 
бактерияларына  тосқауыл  қояды.  Кеңес  заманы  тұсында,  1958  жылы  қымызбен 
емдейтін сауықтыру орталығы ашылған. 
Қос  өркешті  «шөл  кемесі»  түйе  жануары  беретін  шұбаттың  жөні  бөлек. 
Құрамының элементтерге байлылығынан шұбат қымыздан да асып түседі. Мəселен, 
қымыз  құрамындағы  ақуыз  мөлшері  2,3-2,9%  болса,  шұбаттағы  ақуыз  2,91-4,93% 
мөлшерінде.  Қымыздың  майлылығы  1,3-2,5%  болса,  шұбат  одан  да  майлырақ  –  8-
9%. Шұбаттың құрамында С дəрумені де молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций 
(0,13-0,21%) мен фосфор (0,05-0,072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ 
құрамындағы  көміртегі  жағынан  шұбаттан  (1,07-1,78%)  гөрі  қымыз  (3,6-7,3%)  бай. 
Осылармен қатар шұбатта А, В, С дəрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, 
магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. 
Химия,  медицина  ғылымдары  пайда  болмай  тұрып-ақ,  алдындағы  асын  тани 
білген қазақ – нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырымаған халқымыз қымызын 
ішіп,  құртын  жеп  отырып-ақ,  осы  күнгі  көп  кеселдің  алдын  алған.  Атам  қазақтың 
ғұмыры  аттың  жалында,  атанның  қомында  өтсе  де,  дүниеге  небір  алып  тұлғалы, 
батыр да дана перзенттер əкелген тылсым сырының де бірі осы болса керек. 
Құртты  дайындалу  технологиясы.  Құртты  дайындаудың  бiрнеше  түрi  бар. 
Əдетте  сүзбенi  кiшiгiрiм  бөлiктерге  бөледi  де,  қысады.  Онан  соң  оларды  тақтаға 
жайып,  кептiредi.  Кептiру  барысында  бiрнеше  рет  аударады.  Мұндай  құрт  сүзбе 
құрт деп аталады. 
Айранды бiрнеше күн бойы ағаш ыдысқа жинайды. Онан соң барлық айранды 
қазанға  құяды  да,  қою  масса  пайда  болғанға  дейiн  қайнатады.  Массаны 
салқындатады,  кiшiгiрiм  бөлiктерге  бөледi.  Мұндай  қайнатылған  құртты  жоғары 
пайдалы өнiм, оны ұзақ сақтауға болады. 
Құрттың түрлері. Жас құрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп, 
бастырма  ретінде  шəймен  бірге  дастарханға  қояды.  Кепкен  құртқа,  бауырсаққа  тісі 
өтпейтін  үлкен  кісілер  үшін  өте  кенеулі  ас  саналады.  Ертеректе  жас  құртты 
мипалауға, құйрық бауырға қосқан. 

№№7-9(73-75), шілде-қыркүйек, июль-сентябрь, July-September, 2013      ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
102
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып, сапырып ішетін кенеулі 
ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған. 
Сықпа  құрт.  Мұны  қайнатқан  құрттан  айырмашылығы  сол  ашыған  айран 
қапқа құйып сүзіліп, тұздалып, түрлі үлгімен бөлшектеліп кептіріледі. Бұрынырақта 
сықпа  құрт  та  бастырма  ретінде  пайдаланған.  Мұндай  құрт  жайған  əйел  ауыл 
балаларына  арнап  дөңгелек  жасап,  жіпке  тізіп  мойындарына  іліп  қуанту  салты 
болған. 
   
 
 
Малта.  Езілге  құрттың  түйіршіктері,  ол  əрі  жұмсақ,  əрі  ас  саналған.  Ұзақ 
сапарларда ауызға салып, суын жұтқан кезде əрі сусын, əрі қорек болған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет