7 б сынып оқушысы Патшахан Жәңгірдің физика сабағынан тапсырмалары Тақырыбы: Қатты денелердегі қысым
Сен бұл тақырыпты оқи отырып:
Қысымның қандай шамаларға тәуелділігін білесің
Формуланы есептер шығаруда қолдана аласың
Қысымның артуына және кемуіне практикалық мысалдар келтіре аласың
1-тапсырма. 1.Суреттегі балалардың қайсысы көп қысым түсіретінін көрсет 2.Аз қысым түсірілген баланың суретін көрсет 3.Өзара қысымдарын салыстыр 4.Қысымға тәуелді шамаларды анықта
2-тапсырма. Есепте 1.100см2 ауданға 50Н күш әрекет етеді.Қысымды анықтаңдар. 2.Бетке 300Н күш түсіріп 2Па қысым алсақ, ауданы қандай болған? 3.Салмағы 150Н, ауданы 3м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді?