7-нұсқа «Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі



Дата24.05.2023
өлшемі16,91 Kb.
#96717
Байланысты:
7-нұсқа


7-нұсқа
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі» бөлімі
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні:газет мақаласынан үзінді

ГМО өнімдері: жетістіктер мен кемшіліктер
 Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер өнімдері жайлады. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-ның адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген.Осы орайда, төмендегі азаматтардың БАҚ –қа берген пікірлерін ұсынамын:
Академик Төрегелді Шарманов:
Гендік моди­фи­к­ацияланған тағамдардың адам ағза­сы­на ешқандай да зияны жоқ. Гендік модификация тағамның жаңа қасиетін жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Мәселен, тағамның кейбір түрлерінен ин­­сулин жасап шығаруға болады. Қазір осы гендік мо­ди­фи­­ка­ция­ның себебінен С дәрумені жа­са­лы­натын болды.Бұған қоса, гендік мо­ди­фикация қауіпті көрсеткіштерді азай­тады, ал қыза­нақтың құ­на­рын біршама жо­ға­ры­ла­тып берді.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор, профилактикалық медицина академиясының академигі Алдашев Ахмет Алдашұлы:
Гендік модификация дегеніміз — улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін шығару. Әлемдегі 7 миллиард халықтың 1 миллиарды аш екенін ескерсек, бұл — халықты аштықтан құтқарудың тиімді жолы.
Пестицид, химиялық тыңайтқыштарды қосып өнім өсіреміз деп топырақты, суды уландырып, экологияны күрт нашарлатып алдық. Ал трансгенді өсімдіктер экологияға, қоршаған ортаның апаттарына төзімді болғандықтан, ондай химиялық тыңайтқыштарды жерге себуді қажет етпейді. Кейбір аурулардың алдын алу үшін емдік қасиеті бар трансгенді өнімдердің де шығарылғаны белгілі. Мәселен, Ресейдің ғалымдары халықты қорқытып мақала жазды. Олар егеуқұйрықты америкалық соямен үш ай бойы қоректендіріп, эксперимент жасаған. Соның нәтижесінде олардан әртүрлі ақаулар тапқан, ұрпақ беру қабілеті төмендегенін байқаған. (195 сөз)




Ә мәтіні:

ГМО: Біз әлемді тамақтандырамыз Гендік модификацияланған организмдер – биотехнологияның ХХ ғасырдағы басты жетістігі. Халық арасында «ГМО» ретінде танылған бұл өнім гендік инженерия нәтижесінде алынған жасанды генотип. Кез келген өзгеріс ғылыми немесе шаруашылық мақсаттарға сәйкес жүзеге асатыны белгілі. Сіз білесіз бе? Күнделікті өмірде сүйсініп жейтін картоп өнімдерінің құрамына сарышаян гені қосылады. Осылайша ол суыққа үсімейтін, төзімді азыққа айналады әрі колорад қоңызынан зардап шекпейді. Дүкен сөрелерінде бір пішінді, керемет иісті жемістерді де жиі байқайтын боларсыз. Ұзақ уақыт бұзылмайтын бұл жемістердің де сақталу құпиясы сол – ГМО. ГМО адам ағазасына қаншалықты зиян? «New York Times» басылымында Нью Йорк Университетінің зерттеушілері ГМО-ға қатысты «Әлемді жоюдың қайтымсыз үрдісі», – деген пікірді жариялаған болатын. ГМО – биологиялық қару. Өйткені ағза өзге генмен қосыла отырып, мутация жүргізеді әрі нәруызға токсиндер бөлетіні белгілі болған. ГМО-ның күші белгілі бір топты, нәсілді, ұлтты жойып жіберуге жетеді. Қорқыныштысы сол – нәтижесі бірнеше жылдан соң ғана байқалады. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды пайдалану болашақ ұрпақтың белсіз немесе бедеу болып тууына әкеліп соғады. Тәуелсіз сарапшы Игорь Папэ: «Қазақстандық әйелдердің 18%-ы құрсақ көтере алмай жүр. Мұндай мәселе әлем елдерінің көбісінің басында бар»,– дейді. Қытай ғалымы Лао-Цзы: «Не жесең, соған тартасың», – деген екен. Расында, доңыздың гені қосылып, пішіні өзгерген, татымсыз қиярларды жеп жүріп, жылқы мінезімізден алыстап кетпейміз бе? (198 сөз)
https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/46865/



Эссе үшін тапсырма үлгісі
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып «Биотехнология ғылымын дамыту арқылы қандай проблемаларды шешуге болады деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.
[20]

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет