7-сынып. 100% сұрақтар. Гео/мат. Антика кезеңі: б з. д. 4-2 мыңжылдықтар



бет1/7
Дата16.10.2023
өлшемі41,43 Kb.
#116576
  1   2   3   4   5   6   7

7-сынып. 100% сұрақтар.Гео/мат.

1.Антика кезеңі: б.з.д. 4-2 мыңжылдықтар.


2.Градус торы бар картаны жасаған: б.з.б. 2 ғ. К.Птолемей.
3.Грек тарихшысы және географы Геродот болған жерлер: Қара теңіз, Каспий теңізі жағалауы, Кіші Азия, Месопатамия және Египет.
5.Географиялық өзгерістерді ғылыми тілде түсіндіріп, алғаш рет масштабты қолданып
карта жасағандар: Фалес және Анаксимандр.
6. «Тарих» атты еңбектің авторы: Геродот.
7. «Дүниежүзінің дөңгелек картасы» атты еңбектің авторы: Махмұд Қашғари.
8.Батыс Европаның жағалауын жүзіп өтіп,өзінің көргендерін сипаттап жазды.Ол алғаш рет айдың әсерінен мұхит суының толысуы мен қайтуын түсіндірген ғалым: Пифей.
9.Жердің шар тәріздес екендігін алғаш рет негіздеген: Аристотель
10.Шығыс Африка жайлы еңбек жазған: Масуди.
11.Геодезияның дамуына үлес қосқан: әл-Бируни.
12.Арабтардың карта құрастырушысы: Идриси.
13.1271 жылы Қытайға саяхат жасаған италияндық көпес: Марко Поло.
14.1298 жылы жазылған М.Полоның еңбегі. «Дүниежүзінің алуантүрлілігі туралы кітап»
15.Афанасий Никитиннің еңбегі: «Үш теңіздің арғы жағына саяхат»
16.Ұлы географиялық ашылулар басталған уақыт: 15 ғасыр.
17.Атлант мұхитын ең алғаш рет жүзіп өткен саяхатшы: Х.Колумб.
18.1492 жылы 3 тамызда Пириней түбегінен саяхатқа шыққан: Х.Колумб.
19.Х.Колумбтың кемелері: Санта-Мария, Пинте,Нинья.
20. «Жаңа жерге» бірінші жүзіп барған саяхатшы: Америго Веспучи.
21.1519 жылы 20 қыркүйекте Пириней түбегінен 239 адам 5 кемемен саяхатқа шыққан: Ф.Магеллан.
22.Тынық мұхитын ашқан: Ф.Магеллан.
23.16-17 ғасырларда Сібір мен Қиыр Шығысты зерттеген орыс саяхатшылары: И.Ребров, С.Дежнев, Е.Хабаров, С.Ремезов.
24.Қытайға саяхат жасаған орыс елшілері: И.Петлин және Ф.Байков.
25.1856-1857 ж. Тянь-Шаньға екі рет саяхат жасаған: П.П.Семенов.
26.1856-1858 ж. Жетісу және Іле Алатауына, Қашқарияға саяхат жасаған: Ш.Уәлиханов.
27.Соғыстан кейін экспедицияны басқарған ғалымдар мен ботаниктер: С.С.Неуструев, Л.И.Прасолов, А.И.Безсонов.
28.Қазақстан фаунасын зерттеген және Жетісудың геоботаникалық және топырақ
карталарын жасаған: В.Н.Шнитников және Б.С.Виноградов.
29. «Қазақстанның климаттық жағдайы» атты еңбектің авторлары: М.Д.Пономарев және В.Н.Барсук.
30.Қазақстанның қазба жұмыстарын зерттеумен айналысқан: В.П.Нехорошев және Қ.И.Сәтбаев.
31.Қазақстан ғылым Академиясы құрылды және оның негізін қалаған: 1946 жылы Қ.И.Сәтбаев.
32.1950 жылы жарыққа шыққан Қ.И.Сәтбаевтың еңбегі: «Формациялық металлогендік сараптау және кен орына болжам жасаудың кешенді әдісі» және 640 еңбегі бар.
33.Қазақстанда География қоғамы құрылды: 1952 жылы.
34.Жер бетінің картада кескіндеудің түрлері: Жергілікті жердің планы, Географиялық карта, Аэрофотосурет, Ғарыштық сурет.
35.Глобустың қисық сызығын тегіс қағаз бетіне түсіргенде белгілі бір мөлшерде өзгеруін: Картографиялық проекция деп атайды.
36.Географиялық нысандардың жиынтық атауы: Географиялық номенклатура.
37.Географиялық атауларды мектеп географиясының және география ғылымының
арнайы тілі деп бағалаған: В.П.Максаковский.
38.Топонимика ғылымы нені зерттейді: Жер(географиялық) атауларын.
39.Күнге ең жақын ғаламшар:Меркурий.
40.Жер мен күннің арасындағы табиғи арақашықтық: 150 млн км.
41.Жер бетінің жалпы ауданы: 510 млн км²
42.Құрлықтың ауданы: 149 млн км²(29%)
43.Мұхиттың алып жатқан ауданы:361 млн км²(71%)
44.Жер экваторының ұзындығы: 40 000 км.
45.Жердің радиусы:6371 км.
46.Экваторлық радиусы:6378 км.
47.Полюстік радиусы.6357 км.
48.Жер орбитасының ұзындығы: 940 млн км.
49.Жер білігі орбита кеңістігінде: 66,5° көлбеу(еңкіш) орналасқан.
50.Ескі дүние бөлік: Азия,Африка,Еуропа.
51.Жаңа дүние бөлік: Америка,Аустралия,Антарктида.
52.Көктемгі күн теңелуі:21 наурыз.
53.Күзгі күн теңелуі:23 қыркүйек.
54.Жазғы күн тоқырау: 22 маусым.
55.Қысқы күн тоқырау: 22 желтоқсан.
56.Азимут өлшенетін градус аралығы: 0°-360°
57.Жер бетінің кішірейтіліп, жазықтықта шартты белгілермен кескінделген бейнесі: Карта.
58.Мазмұнына қарай карталар қанша топқа бөлінеді: 2 топқа. (Жалпы және тақырыптық).
59.Карталар масштабына қарай қанша топқа бөлінеді: 3 топқа Ірі, орта,ұсақ.
60.Солтүстік полюс пен оңтүстік полюсті қосатын сызықтар: Меридиандар.
61.Географиялық ендік есептелінетін градус аралығы: 0°-90°
62.Географиялық бойлық есептелінетін градус аралығы: 0°-180°
63.Жердің нақты үлгісі: Глобус.
64.Алғашқы глобусты жасаған: 15 ғасырда М.Бехайм.
65.Ең ұзын параллель: Экватор.
66.Масштабтың түрлері: Сандық,атаулы,сызықтық.
67.Топографиялық картаның горизонтальдарындағы беткейдің жоғары-төмен бағытын көрсететін көлденең қойылатын қысқа сызық: Бергштрих.
68.Абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық: Горизонталь.
69.Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал: Нивелир.(деңгейлегіш).
70.Мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктік:Абсолют биіктік. (Балтық теңізі 0 метр.)

1.Ядроның радиусы: 3500 км.


2.Ядроның температурасы: +4000°С
3.Ішкі ядроның радиусы: 1289 км.
4.Ядроның құрлысы: Ішкі(қоймалжың), Сыртқы(қатты).
5.Ядроны құрайтын металдар: Темір,никель.
6.Мантияның тереңдігі: 2900 км.
7.Мантия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді: «Жамылғы»
8.Жоғарғы және төменгі мантиялардың шегарасы, жер қыртысынан есептегенде қанша км тереңдікте орналасқан:900-1000 км.
9.Жер қыртысының қалыптасу түрлері: Материктік және мұхиттық.
10.Материктік жер қыртысының жазықтардағы қалыңдығы: 30-40 км.
11.Материктік жер қыртысының таулардағы қалыңдығы:70-80 км.
12.Мұхиттық жер қырытсының қалыңдығы:5-10 км.
13.Жер қыртысында басым 8 элемент бар: оттегі, кремний, алюминий, темір, натрий,калий, магний.(Ең үлкені -Оттегі).
14.Тау жынысын құрайтын заттар: Миниралдар.
15.Жер қыртысын құрайтын тау жыныстары тегіне қарай қанша топқа бөлінеді: жоғарғысы-шөгінді; ортанғысы-гранитті; төменгісі-базальтты.
16.Мұхиттық жер қыртысында болмайтын қабат: Гранит.(грекше-«дән»)
17.Әктас,қиыршықтас,құм,саздан тұратын қабат: Шөгінді.
18.Жер қыртысы және мантияның жоғарғы кристалды тау жыныстарынан тұратын қабат: Литосфера.
19.Грек тілінен аударғанда «құрылуы, құраушы» деген мағынаны білдіреді: Тектоникс.
20.Жер қыртысының тұрақты,қозғалмайтын бөлігі: Платформа.
21.Платформалардың табанының жер бетіне шыққан тұрақты бөліктері: Қалқан(шит).
22.Платформаны шөгінді жыныстармен жауып жатқан шетін: Тақта.(чехол).
23.Литосфераның тектоникалық құрлысында қанша ірі тақталарға бөлінген: 7 ірі тақта.(6 материктік, 1 мұхиттық-Тынық мұхиты.)
24.Тақталар жылына қанша см-ге ығысып отырады: 2-5 см-ге ығысады(жылжиды).
25.Тақталар теориясын енгізген: А.Вегенер(континенттік дрейф гипотезасы).
26.Мұхиттық жоталардың жалпы ұзындығы: 60 000 км.
27.Бұл ғалымдар өз тұжырымдарында мұхиттық ойыстардың базальтты қабаты мұхиттың ортасында қалыптасып, жан-жаққа және шетіне қарай ығысатындығын жариялады.Бұл құбылысты спредингті жайылмалы, созылмалы құбылыс деп атаған ғалымдар: Г.Хесс және Р.Диц.
28.Спредингтік құбылыстың әсерінен пайда болған: Қызыл теңіз және Суэц каналы.
29.Субдукция әсерінен пайда болған қатпарлы тау: Анд тауы.
30.Үнді-Аустралия тақтасы мен Еуразия тақтасының соқтығысуы нәтижесінде пайда болған тау: Гималай.
31. 200 м тереңдікке дейінгі материктің өтпелі бөлігі:Материктік қайраң.
32.200-2800 м аралығындағы қайраң мен шұңғыманы байланыстыратын мұхиттың бөлігі: Материктік беткей.
33.Мұхиттың ең терең бөлігі: Шұңғыма.(дж ең терең шұңғыма Мариан шұңғымасы 11022 м.Тынық мұхитында орналасқан.
34.Мұхиттық шұңғымалардың ең көп бөлігі орналасқан мұхит: Тынық мұхиты.
35.Жер қыртысының ауқымды, өте қозғалмалы ұзына бойы созыла орналасқан бөлігі: Геосинклинал.
36.Ежелгі платформалар: Шығыс Еуропа, Сібір.
37.Жас платформалар: Батыс Сібір, Тұран.
38.Литосфера тереңдікте жатқан күштердің әсерінен қозғалысқа түсетін күшті: Тербелмелі тектоникалық қозғалыс деп атайды.
39.Жер қыртысының жоғарғы көтерілген бөлігін:Антиклиналь(төбе) деп атайды.
40.Жер қыртысының төмен түскен бөлігін:Синклиналь(сай-жыра) деп атайды.
41.Жер қыртысының беткі тегіс болып көтерілген бөлігін:Моноклиналь деп атайды.
42.Шығыс Еуропа және Сібір платформаларында кристалды іргетасы
жер бетіне шығып жатқан бөлігінде: Қалқан(шит) кездеседі.
43.Шығыс Еуропаның қалқандары: Украина,Балтық.
44.Сібір платформасының қалқандары: Алдан,Анабар.
45.Қазақстанның геосинклиналды аймақтары: Алтай,Тянь-Шань.
46.Қазақстанның күмбез тәрізді көтеріңкі аймағы: Сарыарқа тауы.
47.Әрбір жеке циклдің орташа ұзақтығы: 200 млн жылға созылады.
48.Литосфералық катаклизмдер: Жер сілкіну, жанартау атқылауы, цунами.
49.Жер шарында екі ірі сейсмикалық белдеу бар: 1)Альпі-Гималай.2)Тынық мұхиттық.
50. Жер қыртысындағы тау жыныстарының күрт ығысып,қозғалуынан болатын жер астындағы дүмпулерден жер бетінің тербеле қозғалуын: Жер сілкіну дейміз.
51.Жер асты дүмпуінің жер бетіне шығатын жері: Эпицентр.
52.Жер қыртысының қозғалысын тіркейтін құрал: Сейсмограф.
53.Жер сілкінісі қанша баллдық шкаламен өлшенеді: Рихтер шкаласы. 0-12 балл.
54.Алматыда ең алғашқы қуатты жер сілкінісі 1887 жылы болды.Ең соңғы қуатты жер сілкінісі қай жылы болды: 1911 жылы.
55.Сейсмикалық толқындар қаншаға бөлінеді: бойлық және көлбеу.
56.Цунамидің жапон тіліндегі мағынасы: «үдемелі толқын» (400-800 км жылдамдығы).
57.Камчатка түбегі, Курил аралдары, Сахалин аралдары, Жапон аралдары, Филиппин теңіздері,
Жаңа Зеландия аралы,Оңтүстік және Солтүстік Американың батыс жағалаулары
кіретін сейсмикалық белдеу: Тынық мұхиттық(Бірінші сейс.белдеу.)
58.Бұл сейсмикалық белдеу ендік бағытта батысында Португалия жағалауындағы Жасыл Мүйіс аралынан бастап шығысында Жаңа Гвинея аралына дейін 15 км-ге созылып жатыр.Бұл қандай
сейсмикалық белдеу: Жерортатеңіздік (Альпілік) Екінші сейсмикалық белдеу.
59.Сөнген жанартаулар: Эльбрус,Казбек.
60. Сөнбеген жанартаулар: Этна,Ключи Шоқысы.
61. «Великан» гейзері орналасқан түбек: Камчатка түбегі.
62.Гейзерлер таралған аймақтар: Исландия аралы, Камчатка түбегі, Солтүстік Америка, Жапония.
63.Жер бетінің ойлы-қырлы пішіндерінің жиынтығы: Жер бедері.(Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінде қалыптасады.)
64.Жер бедерін зерттейтін ғылым: Геоморфология.
65.Таулар биіктігіне қарай қаншаға бөлінеді: 3- ке. Биік, орташа, аласа.
66.Дүниежүзіндегі ең биік тау жүйесі: Гималай (непал тілінде: «қар мекені».
67. Дүниежүзіндегі ең ескі тау: Орал тауы.
68.Биік таулар: 2000 м жоғары. Гималай,Анд,Кордилера,Альпі,Алтай.
69.Орташа таулар: 1000-2000 м. Қырым,Карпат.
70.Аласа таулар: 400-1000 м.Сарыарқа,Мұғалжар,Маңғыстау.
71.Қатпарлы таулар: Альпі,Кавказ,Кордилер.
72.Қатпарлы-жақпарлы таулар. Алтай,Тянь-Шань.
73.Жер бетінің аз тілімделген тегіс алқабы: Жазықтар.
74.Жазықтар абсолютті биіктігіне қарай қанша топқа бөлінеді: Ойпат(200 м-ден төмен), қырат(200-500 м), үстірт(500 м-ден жоғары).
75.Камчатка түбегіндегі жанартау: Ключи Шоқысы.
76.Апенин түбегіндегі жанартау: Везувий жанартауы.
77.Сицилия аралындағы жанартау: Этна жанартауы.
78.Исландия аралындағы жанартау: Гекла жанартауы.
79.Кракатау жанартауы орналасқан аймақ:Малайзия архипилпгында орналасқан(Суматра аралы.)
80.Мауна-Лао жанартауы орналасқан:Гавай аралдарында.

1.Металды тескен жағдайда ол жерге ауа жиналатынын анықтаған ғалым: 1756 жылы М.В.Ломоносов.


2.1774 жылы ауаның құрамдас бөліктерін зерттеп,оларға атау берген ғалым: А.Лавуазье
3.Құрамында су буы жоқ ауаны: құрғақ ауа деп атайды.
4.Тропосферада сұйық және қатты күйінде кездесетін ауа бөліктерін: Аэрозолдар деп атайды.
5.Табиғи аэрозолдарға жатады: Жерден желмен көтерілген жанартаулық шаң,өрттен шыққан түтін,топырақ және тау жыныстарының бөлінген шаң,теңіз тұздары,меториттік шаң тозаң.
6.Азот-78,08%. оттегі-20,94%.
7.Атмосфераның маңызды үш құрамдас бөлігі: Су буы, озон, көмірқышқыл газы.
8.Атмосфераның ең төменгі қабаты: Тропосфера (грекшк: «өзгеріс»).
9.Тропосфераның жоғарғы шегарасындағы биіктігі: 17-18 км.
10. Тропосфераның экватор үстіндегі биіктігі:16-18 км.
11. Тропосфераның поляр маңындағы биіктігі:8-9 км.
12. Тропосфераның орталық белдеудегібиіктігі:10-11км.
13.Бұл атмосфера қабатында-ауа массаларының қозғалысы,бұлттардың түзілуі және жауын-шашының болуы байқалатын қабат: Тропосфера.
14.Атмосфераның жер бетімен түйісетін ең төменгі қабаты:Жерүсті бөлігі.(Бұл аралықта тірі организмдердің жерүсті-түршілік ортасы қалыптасқан.)
15.Тропосфераның жоғарғы жағында,шегарасы 50-55 км-ге дейін жететін қабат: Стратосфера.
16.Бұл атмосфера қабатында-ауа құрамы біршама тығыз,оттегінің мөлшері аз,су буы жоқ қабат: Стратосфера.
17.Стратосфера қабатының 10-35 км биіктігіндегі қабат: Озон қабаты.
18. 80 км-ге дейін биіктікте орналасқан, биіктеген сайын t° жоғарлайды.Жаз айларында 75-89 км биіктікте жылтыраған күміс тәріздес бұлттар қалыптасатын қабат:Мезосфера.
19.Жоғарғы шегарасындағы (750 км) t° +1000°С-қа жететін қабат: Термосфера.
20.Бұл атмосфера қабатының жер бетіндегі радио байланысына әсері бар.Полярлық ендіктерде күннің әсерінен поляр шұғыласы байқалатын қабат: Термосфера.(иондалған газды қабат).
21.Бұл қабат жердегі ең жеңіл газдар планетааралық кеңістікке шашырап, жердің тәжін қалыптастырады:Экзосфера(+2000°С)
22.Белгілі бір жерде, белгілі бір аймақта болып тұратын атмосфераның жай-күйін: Ауа райы дейді.
23.Ауа температурасы,атмосфералық жауын-шашын,жел бұлар: меторологиялық элементтер.
24.Метеорологиялық стансылар бірыңғай желіге еніп және бірдей бағдарлама бойынша қандай уақыттарда бақылау жасайды: 00,03,06 гринвич уақыты.
25.Жер бетіндегі синоптикалық карталар: 6 сағат сайын жасалады.
26.Мұнарлану дегеніміз: Ауаның аздап көмескіленуі.
27.Ауаны көмескілендіретін бөлшектерінің жер бетіне жақын орналасуы:Тұман дейміз.
28.Топырақ бетінен ауаға қатты бөлшектердің көтерілуінен пайда болатын құбылысты: Түнек деп атайды.
29.0°-тан жоғары жағдайда ағаш жапырақтарында және топырақ беттінде пайда болатын судың ұсақ тамшыларын: Шық деп атайды.
30.Кемпірқосақтың радиусы:42°
31.Жауған қардың желдің күшімен бір жерден екінші жерге көшуін: Бұрқасын деп атайды.
32.Жер бетіндегі жіңішке және ұзын нысандардың үстінде қатып қалған ұсақ мұз клисталдарды: Қылау деп атайды.
33.Жер бетіне және заттардың үстіне түсетін тығыз тегіс жалтыр мұздан түзілген
жауын-шашының түрі: Көкмұз.
34.Жылдың жылы мезгілінде найзағаймен қатар нөсерлі жаңбыр жауған кезде байқалатын құбылыс: Бұршақ.
35.Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан:Қоңыржай 40´55° с.е(Шұғыл континентті).
36.Қазақстан климатының шұғыл континентті болу себебі: Еуразия материгінің орталығы; Мұхиттан алыс.
37.Қазақстанға қанша ауа массасы әсер етеді: 3 ауа массасы. (Қоңыржай,арктикалық,экваторлық).
38.Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар: 4 табиғат зонасы.(Орманды дала, дала, шөлейт,шөл).
39.Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысын: Биіктік белдеулік алып жатыр.(Таулар)
40.13 климаттық белдеуге бөлген ғалым: Б.Алисов.
41.Белгілі бір ауа режімімен анықталған және сол жерге тән атмосфераның жай-күйі: Климат(грекше: «еңкіш», «еңкею»).
42.Климат құрушы факторлар: Географиялық ендік;Жердің төсеніш беті; Ауа массасының циркуляцисы.
43.Құрлық пен судың таралуына байланысты климат: теңіздік және құрлықтық болып бөлінеді.
44.Күн радиациясының түрлері: Тура,шашыранды,жиынтық.Шағылысқан,жұтылған.
45.Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясының мөлшері заңды түрде солтүстіктен
оңтүстікке қарай 100 ккал/см²-ден 150 ккал/см²-ге дейін көтеріледі.
46.Ауаның горизонталь бағытта қозғалуын: Жел деп атайды.
47.Желдің пайда болуының басты сабебі: әртүрлі қысым белдеулері.
48.Желдің бағыты мен күшін анықтайтын құрал: Желбағар (флюгер).
49.Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал: Анемометр. (м/сек-пен өлшенеді).
50.Тау жотасының бір жағында қысым төмен болып,ал екінші жағында жоғары болған кезде пайда болатын құрғақ жел: Фен желі.
51.Теңіз жағалауында соғатын желді: Бриз деп атайды.(тәулігіне екі рет ауысады).
52.Теңіз жағалауына жақын орналасқан аласа таулардан теңізге қарай соғатын суық жел: Бора деп атайды.(Байкалда күзде-сарма, Францияда-мистраль).
53.Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел: Муссон желі.
54.Атмосфералық қысым жоғары болатын тропиктік ендіктерден қысымы төмен экваторға қарай
соғатын жел: Пассат желі.(30°-0° аралығы).
55.Екі жартышардың 40°-60° ендіктерде басым болатын жел: Батыс желі.
56.Қазақстанның ең суық жері: Атбасар елд-мекені. (-57°С)
57.Қазақстанның жауын-шашын ең көп түсетін жері: Алтай тауы.(1500-2000 мм.)
58.Қазақстанның жауын-шашын ең аз түсетін жері: Балқаш,Арал маңы. 100 мм.
59.Қазақстан аумағында орманды дала және дала зоналарында қардың жату ұзақтығы: 135-167 күн.(Батыста 73-140 күн, қиыр оңтүстікте 50-80 күн.)
60. Ауаның жер бетіне түсіретін күші: Атмосфералық қысым.
61.Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал: Барометр.
62.Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал: Гигрометр.
63.Ауаның температурасын өлшейтін құрал: Термометр.
64.Қалыпты атмосфералық қысым: 760 мм сынап бағанасына тең.
65.Әрбір 10 м биіктікке көтерілген сайын қысым: 1 мм-ге төмендейді.
66.Жер шарында 3 төменгі қысымды белдеу, 4 жоғарғы қысымды белдеу бар: 3 төменгі- экваторлық, 2 қоңыржай. 4 жоғарғы – 2 полярлық, 2 тропиктік.
67.Ауа температурасы 100 м биіктікке көтерілген сайын: 0,6°С-қа төмендейді.
68.Циклон: атмосфералық қысым төмен болатын аймақ.Цилон кезіндее ауа райы бұлыңғыр,бұлтты,жаңбырлы,жылы,желді болады.
69.Антициклон: атмосфералық қысым төмен болатын аймақ.Антициклон кезінде ауа райы ашық,құрғақ,суық,аязды болып келеді, жаңбыр жаумайды.
70.Изобара-қысым, изотерма-температура, изогиета-жауын-шашын, изотахи-желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.

1.Гидросферадағы судың 96,5%-ы мұхиттар, 1,7%-ы мұздықтар,1,7%-ы жер асты сулары, 0,01% өзендер,көл,батпақ.


2.Атмосферадағы су тек бу күйінде кедесетін планета: Шолпан.
3.Мұхит суы қанша градуста қатады: -2°С.
4.0°С температурада су қатты күйге айналады.
5.Күн энергиясының әсерінен судың үздіксіз орын ауыстыруын: Дж су айналымы деп атайды.
6.Дж мұхит буландырады: 87%.
7.Өзен суларының жаңаруына 11-14 тәулік, атмосферадағы су буына 8-9 тәулік қажет.
8.Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын: 7 өзен бар.(Ертіс,Есіл,Тобыл,Жайық,Сырдария,Шу,Іле.)
9.Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендері: Ертіс,Есіл,Тобыл.
10.Жайық өзені құятын көл: Каспий теңізі көлі.
11.Сырдария өзені құятын көл: Арал теңізі көлі.
12.Шу өзені құятын көл: Арал теңізі көлі.
13.Іле өзені құятын көл: Балқаш көлі.
14.Ертіс өзеніндегі СЭС: Бұқтырма(1960 ж), Өскемен(1952ж),Шульбинск(1987 ж).
15.Сырдария өзеніндегі СЭС: Шардара.
16.Іле өзенінде орналасқан СЭС: Қапшағай.
17.Ертіс өзенінің сол жақ саласы: Есіл,Тобыл,Шар,Шаған.
18.Ертіс өзенінің оң жақ саласы: Бұқтырма,Күршім,Үлбі,Үбі.
19.Қазақстанның жер қойнауында мол тұщы су қоры бар 70 артезиан алабы анықталған.
20.Рахманов қайнары орналасқан: еліміздің шығысы Қатонқарағай ауданы.
21.Қазақстан аумағындағы мұздықтардың жалпы саны 2700-ден жоғары, аумағы 2000 км².
22.Қазақстан Алтайындағы мұздықтарды зерттеу ісінің негізін қалаған: Ф.В.Геблер.(1835 жылы Үлкен Берел мұздығында болып қайтты).
23.Қазақстандағы ірі тау мұздығы: Корженевский мұздығы 12 км.(Іле Алатауында орналасқан).
24.География ғылымына «дүниежүзілік мұхит» терминін ең алғашқы енгізген: Ю.М.Шокальский.
25.Ауданы 178,6 млн км²,орташа тереңдігі 3976 м, ал ең терең жері 11022 м-ді құрайтын мұхит: Тынық мұхиты.
26.Атлант мұхитының ауданы: 91,7 млн км².
27.Тереңдігі 8742 м (Пуэрто-Рико шұңғымасы) болатын мұхит: Атлант( «S» әріпіне ұқсайды).
28.Бұл мұхитта 4 терең шұңғыма орнласқан, олардың үшеуі батыста,біреуі шығыста орналасқан
мұхит: Атлант мұхиты.
29.Атлант мұхитын ең алғашқы болып жүзіп өткен саяхатшы: Х.Колумб.
30.Ауданы 76,2 млн км², ең терең жері 7729 м болатын мұхит: Үнді мұхиты.
31.Ең жылы мұхит: Үнді.
32.Солтүстік Мұзды мұхитының ауданы:14,8 млн км².
33.Солтүстік Мұзды мұхитының қазаншұңқырлары: Нансен,Макаров,Бофорт.
34.Солтүстік Мұзды мұхитының тереңдігі: 5527 м.(Гренланд теңізі).
35.Тынық мұхитының теңіздері:Беринг,Охота,Жапон,Сары,Шығыс Қытай,Оңтүстік Қытай,Соломон,Маржанды,Тасман,Филиппин,Фиджи.
36.Атлант мұхитының теңіздері:Жерорта,Саргасс,Солтүстік,Қара,Балтық,Азов,Адриат,Тиррен,Ион,Эгей,


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет