№7 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП
Гемодиализ бөлімшесінде жатқан 50 жасар науқас әйел диализ сеанстарын нашар көтеретініне шағымданады: АҚ төмендеуі, ГД кезінде жүрек айнуы, құсу, айқын әлсіздік, тез шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде ентігу. Анамнезінен – ГД мерзімі 5 жыл, тСБЖ себебі – гипертониялық нефроангиосклероз.
Қарағанда – балтырында тығыз ісінулер бар, АҚ 130/85 мм с.б., пульсі 1 минутта 105 рет, ырғақты, қалдық зәр жоқ. ГД-де болуына байланысты физикалдық тексерулердің басқа түрлері жүргізілген жоқ. Зертханалық мәліметтер: ЖҚА гемоглобин 90 г/л, лейкоциттер 5,5х109/л, тромбоциттер 190х109/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Б/х қан анализі: жалпы белок 64 г/л, альбумин 30 г/л, креатинин 675 мкмоль/л, мочевина 26,2/14,1 ммоль/л (ГД-ге дейін және одан кейін), қант 5,3 ммоль/л, холестерин 6,6 ммоль/л, калий 4,0 ммоль/л, натрий 145 ммоль/л, фосфор 2,5 ммоль/л, Са 2,3 ммоль/л, ПТГ 1200 пг/мл. Келесі емді алып жатыр: ГД 12 сағ./апта, амлодипин 10 мг х 1 рет таңертең, эпрекс аптасына 2000 МЕ х 3 рет т/а, гипофосфатты диета.
СҰРАҚТАР:
Алынған мәліметтер нәтижесі бойынша сіздің толық қорытындыңыз және ГД сеанстары кезіндегі науқастың жағдайының нашарлауы қалай аталады?
Осы жағдайдың ықтимал себептерін атаңыз.
ГД-ді нашар көтерудің себебін анықтау үшін қандай тексерулер немесе мәліметтер қажет?
ГД барысындағы осындай асқыну кезіндегі сіздің алғашқы көмегіңіз қандай?
Осы пациенттің емінің коррекциясын, сонымен қатар нашарлау себебіне байланысты қосымша ем жүргізіңіз.
ГД-дегі осындай асқынулар несімен қауіпті?
ЖАУАПТАР:
Артериальді Гипертензия салдарынан дамыған 2-дәрежелі СБЖ. Науқаста СБЖ салдарынан анемия дамыған, креатинин, мочевина деңгейі жоғарылау бүйрек функциясының айқын бұзылысын көрсетеді, екіншілік гиперпаратиреоз. Науқаста Диализдік асқынулар дамыған: гипотензия, жүрек айну, әлсіздік.
Интрадиализдік гипотензия(Ультрафилтрация). Гемодиализ кезінде гипотензияның пайда болуы тамырларда вазоконстрикция жетіспеушілігі салдарынан болады.. Жүрек айну, әлсіздік, құсу АҚҚ деңгейі ойнауының неврологиялық көрінісі. Әлсіздік анемия көрінісі болу мүмкін.
Құрғақ салмағын қадағалау, диализді ерітіндіні тексеру. Определения показателя ООК, альбумин деңгейін қадағалау, Неврологический осмотр, объективті мәліметтер, АҚ мониторингі.
Гемодиализді укытша тоқтату, ультрафильтрация деңгейін төмендету. Тренделенбург қалпында жатқызу.
NaCl 0.9% Болюсті енгізу, диализатты 35-36С темп енгізу. Анемияны емдеу.
Неврологиялық асқынуларға әкелуі мүмкін, есінен талу, тырысу ұстамасы,, кенеттен өлімге әкелуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |