28. Көпайнымалы және стандартты емес теңдеу құру
1. Марат пен Санаттың салмағын қосқанда 150 кг, Санат пен Қанаттың салмағын қосқанда 165 кг, Марат пен Қанаттың салмағын қосқанда 155 кг болатыны белгілі. Санаттың салмағы қанша килограмм?
А) 65 кг В) 70 кг С) 90 кг D) 85 кг Е) 80 кг
2. Ұлы, қызы және шешесі үшеуі бірнеше теңге жұмсаған. Ұлы мен шешесі 320 теңге, ұлы мен қызы 250 теңге, ал қызы мен шешесі 200 теңге жұмсаған. Барлығы неше теңге жұмсаған?
А) 200 теңге В)385 теңге С) 185 теңге D) 250 теңге Е) 320 теңге
3. Қорапта қызыл, ақ, сары түсті шарлар бар. Ондағы қызыл түстен басқа шарлар саны 27, ақ түстен басқа шарлар саны 22, сары түстен басқа шарлар саны 19 болса, онда қорапта не ақ түсті шар бар?
А) 5 В)10 С) 12 D) 15 Е) 17
4. Мен, апам және анам үшеіміздің салмағымыз 140 кг. Анамның салмағы апамның салмағынан 10 кг артық, ал екеуінің салмағы менің салмағымнан 80 кг-ға артық. Менің салмағым неше кг?
А) 20 В) 30 С) 40 D) 36 Е) 80
5. Балықшылар аулаған сазан мен көксерке 37, шортан мен көксерке 19, алабұға мен шортан 25. Балықшылар аулаған сазан мен алабұға нешеу?
А) 43 В)52 С) 48 D) 50 Е) 51
6. Үш балықты екі-екіден өлшегенде массалары: 18 кг, 19кг және 21 кг болды.Барлық балықтың массаларын қосқанда неше кг?
A) 20 B) 25 C) 29 D) 31 E) 37
7. Төрт балықты екі-екіден өлшегенде массалары: 4 кг, 6 кг, 7 кг, 8 кг, 9кг және 11 кг болды.Барлық балықтың массаларын қосқанда неше кг?
A) 9 B) 20 C) 12 D) 15 E) 16
8. Әке төрт елдің маркасын сатып алды: француз, неміс, болгар және польша. Француз маркасын қоспағанда басқа маркалардың жалпы құны 40 теңге, неміс маркаларынсыз – 45теңге, болгар маркасынсыз – 44 тг және польша маркасыныз – 27 тг. Польша маркасының құнын табыңыз.
A) 25 тг B) 30 тг C) 8 тг D) 7 тг E) 12 тг
9. Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 123. Қызылдан басқа шарлар саны 94, жасылдан басқа шарлар саны 81, көктен басқа шарлар 89. Көк шарлардың саны қанша?
A) 29 B) 34 C) 18 D) 20 E) 42
10. Қызыл, жасыл, көк, сары түсті шарлардың барлық саны 123. Қызылдан басқа шарлар саны 94, жасылдан басқа шарлар саны 81, көктен басқа шарлар 89. Сары шарлар саны-М, көк шар саны-К болса:
A) M = K – 16 B) М>K C) 2M < K D) 3M = 2K E) M = 20, K = 34
11. Жасыл, қызыл және сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары емес шарлар саны 16, қызыл түсті емес шарлар саны 15. Жасыл түсті емес шарлар саны 17. Тізбеде қанша шар бар және қызыл түсті шар нешеу?
A) 29, қызыл 9 B) 24, қызыл 9 C) 29, қызыл 11 D) 34, қызыл 11 E) 33, қызыл 9
12. «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығында 90 оқушы математикалық олимпиадаға дайындалады. А және Б тобында – 66 оқушы, Б және С тобында – 54 оқушы бар болса, Б тобында қанша оқушы бар?
A) 24 B) 30 C) 20 D) 66 E) 54
13. Ерлан 5 л шұбат, 2 л айран және 3 л қымыз үшін 5500 тг төледі. Ал Шынар сондай бағамен 10 л шұбат, 4 л айран, 4 л қымыз үшін 10000 тг төледі. 1 л қымыз қанша теңге тұрады?
A) 400 тг B) 450 тг C) 500 тг D) 550 тг E) берілген мәліметтер жеткіліксіз
14. Ерен 5 л шұбат, 3 л айран және 2 л қымыз үшін 4000 тг төледі. Ал Өрен сондай бағамен 10 л шұбат, 6 л айран, 3 л қымыз үшін 7600 тг төледі. 1 л қымыз қанша теңге тұрады?
A) 400 тг B) 450 тг C) 500 тг D) 550 тг E) берілген мәліметтер жеткіліксіз
15. Дана 8 л шұбат, 4 л айран және 3 л қымыз үшін 6000 тг төледі. Ал Айдын сондай бағамен 2 л шұбат, 1 л айран, 2 л қымыз үшін 2000 тг төледі. 1 л қымыз қанша теңге тұрады?
A) 550 тг B)500 тг C) 450 тг D) 400 тг E) берілген мәліметтер жеткіліксіз
16. Дана 3 л қымыз, 2 л айран және 2 кг ірімшік үшін 3500 тг төлеген. Шынар да сондай бағамен 6 л қымыз, 4 л айран және 3 кг ірімшік 6200 теңгеге алған. Сонда 1 кг ірімшік неше тг тұрады?
A) 600 тг B) 1000 тг C) 900 тг D) 700 тг E) 800 тг
17. 3 көйлек, 1 шалбар, 2 галстук 10000 теңге тұрады. Ал 2 шалбар, 1 галстук 2900 теңге тұрады. Олай болса 1 көйлек, 1 шалбар және 1 галстук қанша теңге?
A) 4000 B) 2900 C) 4300 D) 5200 E) 4800
18. Банкадағы су бірдей 4 бөтелкедегі суға тең. Бір бөтелкедегі су банкадағы судан 9 кесе кем. Банкада неше кесе су бар?
A) 9 B) 10 C) 12 D) 15 E) 16
19. Тізбеде қызыл, көк, жасыл және сары түсті барлығы 125 шар бар. Ондағы көк шарлар қызыл шарлардан 2 есе артық, ал жасыл шарлар көк шарлардан 3 есе артық. Сары шарлар жасыл шарлардан 10 шарға кем. Тізбеде неше қызыл шар бар?
A) 9 B) 10 C) 12 D) 15 E) 16
20. Базарда салмағы бойынша екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болады. Бір қарбыз неше қауынға тең екенін анықтаңыз.
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 1
21. Алты қарбыз бен бір асқабақтың салмағы он төрт қауынның салмағына тең. Бір асқабақтың салмағы бір қарбыз бен жеті қауынның салмағына тең. Бір асқабақ неше қауынмен теңеседі?
А) 15 В) 8 С) 12 D) 10 E) 4
22. Алмадан өрік төрт есе жеңіл, шабдалы 2 есе жеңіл. Алманың массасы өрік пен шабдалының массаларының қосындысынан 50 г ауыр. Алманың массасын табыңыз.
A) 150 г B) 180 г C) 200 D) 240 г E) 250 г
23. Кітап пен қалам дәптерден 32 теңге қымбат. Қалам мен дәптер кітаптан 16 теңгеге арзан. Кітап пен дәптер қаламнан 28 теңгеге қымбат. Кітап қанша тұрады?
А) 30 тг В) 27 тг С) 29 тг D) 31 тг E) 33 тг
24. Ойыншықтар дүкенінде ит және үш аюдың құны төрт кенгурудың бағасына тең. Үш ит және екі аю бағасы да төрт кенгурудың бағасымен бірдей. Ит пен аюдың бағасын салыстырыңыз.
А) бірдей В) аю 3 есе қымбат С) анықтау мүмкін емес
D) ит 2 есе қымбат E) аю 2 есе қымбат
25. Ыдыс –аяқ дүкенінде кастролдің бағасы стакан мен шәйнектің бағаларын қосқанға тең. Төрт құмыраның бағасы алты стаканның бағасына, ал кастрол мен шәйнектің бағасы құмыраның бағасына тең. Бір кастролдің бағасы неше шайнектің бағасына тең?
A) 12 B) 10 C) 4 D) 5 E) 8
26. Таразы басындағы алты қарбыз бен бір асқабақтың салмағы он қауынның салмағына тең. Бір асқабақтың салмағы бір қарбыз бен үш қауынның салмағына тең болады. Бір асқабақ неше қауынмен теңеседі?
A) 10 B) 6 C) 12 D) 4 E) 8
27. Құты мен стаканның жалпы сыйымдылығы құмыраның сыйымдылығына тең. Құтының сыйымдылығы стакан мен кесенің жалпы сыйымдылығына тең. Үш кесенің сыйымдылығы екі құмыраның сыйымдылығына тең. Кесенің сыйымдылығын табыңыз.
A) 7 стакан B) 5 стакан C) 3 стакан D) 4 стакан E) 6 стакан
28. Бір кітап пен бір альбомның құны 4 фломастердің құнына тең. Альбомның бағасы 3 сызғыштың құнына тең. 2 сызғыш пен 1 альбомның құны кітаптың бағасына тең. Фломастердің бағасы неше сызғыштың құнына тең?
A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5
29. Алмадан өрік 4 есе жеңіл, шабдалы екі есе жеңіл. Алманың массасы өрік пен шабдалының массаларының қосындысынан 50 г ауыр. Алма неше грамм?
A) 100 B) 160 C) 200 D) 180 E) 120
30. Бал құйылған ыдыстың балмен қоса есептегендегі массасы 900г. Сол ыдысқа сүт құйғанда, оның сүтпен қоса есептегендегі массасы 400 г. Бал сүттен үш есе ауыр. Ыдыстың массасын табыңдар.
A) 100 г B) 150 г C) 200 г D) 250 г E) 300 г
31.
32. Бану, Алуа, Мақпал және Нұрсаяның үш-үштен бірігіп өлшеген салмақтары кестеде берілген. Мәліметтерді пайдаланып дұрыс емес тұжырымды табыңыз.
Қыз балалардың есімдері
|
Салмақтары
|
Алуа, Мақпал, Нұрсая
|
120 кг
|
Бану, Мақпал, Нұрсая
|
110 кг
|
Бану, Алуа, Нұрсая
|
115 кг
|
Бану, Алуа, Мақпал
|
105кг
|
A) Мақпалдың салмағы Банудың салмағынан 5 кг артық
B) Алуа, Мақпал, Нұрсая үшеуінің салмағы 120 кг
C) Нұрсаяның салмағы Алуадан 5 кг артық
D) Нұрсаяның салмағы 45 кг
E) Бану мен Нұрсаяның салмағы 70 кг
33. Бала өзінің ойыншықтарының салмақтарын салыстырып ойнайды. Машинасының салмағы бір доп пен екі ойын текшесінің салмағына, немесе екі доп пен бір ойын текшесінің салмағына тең. Осындай 5 машинаның салмағы неше ойын текшесінің салмағына тең?
A) 16 B) 11 C) 21 D) 20 E) 15
34. Төрт мысықты барлық мүмкін әдістермен екі-екіден өлшегенде, массалары 7, 8, 9, 10, 11 және 12 кг болды. Төрт мысықтың массаларының қосындысы неге тең?
A) 55 кг B) 18 кг C) 16 кг D) 19 кг E) 57 кг
35. Қамырдан 20 бірдей қалаш немесе 25 бірдей тоқаш жасауға болады. Егер бір қалашқа тоқашқа қарағанда 10 г қамыр артық кететін болса, барлық қамырдың салмағы қандай болғаны?
A) 750 г B) 1 кг C) 2 кг D) 1,5 кг E) 500 г
35.
36
37. Х-ті Y-ке бөлгенде және (Х+24)-ті Z-ке бөлгенде екеуіненде 24 шығады. Z-ті Y арқылы өрнектеңіз.
A) Z=Y+2 B) Z=2-Y C) Z=1-Y D) Z=Y+1 E) Z=Y+3
Достарыңызбен бөлісу: |