7 зертханалық-тәжірибе сабағы Антигендерді алу технологиясы. Сабақ мақсаты



Дата02.06.2023
өлшемі15,63 Kb.
#98007
түріСабақ
Байланысты:
№7 ЗТС


7 зертханалық-тәжірибе сабағы


Антигендерді алу технологиясы.


Сабақ мақсаты: Антигендердің негізгі түрлерін және олардың медицина мен ветеринарияда қолданылуын зерттеу. Корпускулярлы, толық, монокомпонентті антигендердің алу технологиясымен және олардың серологиялық реакцияларда қолданылуын зерттеп білу.
Материалдар мен жабдықтар: Оқу лабораториясы, мақалалардың көшірмелері, микробиология бойынша әдістемелік нұсқаулар, молекулярлы биология боыйнша практикумдар, т.б.
Жұмыс барысы:Антигендер серологиялық реакциялардың негізгі компоненттері болып табылады. Серологиялық реакцияларда қолданылатын антигенді препараттар өлтірілген бүтін жасушалардан немесе олардың бөлек компоненттерінен, микроорганизмдерді әртүрлі қоректік орталарда өсірген кезде алады. Иммуноферментті талдауда (ИФА) корпускулярлы (өлтірілген жасушалар) және ерітілетін антигендер қолданылады.
Антигендер жетілген, бірақ қартаймаған микроорганизм культураларынан алынады. Толық антигендер алу үшін стандартты қоректік орталарды қолданады. Фильтрат немесе бүтін жасушалар күйіндегі антигендер анағұрлым толық деп саналады. Олар ауру малдардың қан сарысуларында, әртүрлі клиникалық формаларда және аурудың әртүрлі сатысында антиденелерді анықтай алады, өйткені олардың құрамында антиген компоненттерінің барлық наборы бар. Бірақ фильтраттар күрделі қоспадан құралады. Оның құрамында қоректік орталардың компоненттері, микроорганизм метаболизмінің өнімдері және антиген компоненттері кездеседі.
Корпускулярлы антигендерден басқа да бүтін және монокомпонентті антигендерді бөліп алады. Оларды анықтауда кеңінен молекулярлы биология әдістері қолданылады.
Антигендердің қарапайым алу методикасы деп, микроорганизмдерден жуылған, бүтін немесе дезинтегрирленген жасушаларды сәйкес еріткіштермен экстрагирлегенде алуды айтады.
Бүтін антигендерді Буавен әдісімен алады. Липополисахаридтерді (ЛПС) сулы-фенолды экстракция арқылы алады. Полисахаридті антигендерді сондай-ақ тікелей микроорганизмдерден, немесе ЛПС-дан, немесе Буавен антигендерінен гидролиз әдісімен алады. Ақуызды антигендерді Буавен антигендерінен келесі әдістерден: ультрацентрифу-гирлеуден немесе NaCl ерітіндісінің фосфатты-буферлі экстракциясынан, ионды детерминанталардан кейін бөліп алуға болады.
Ерітіндіде ақуыз концентрациясын анықтауда Бредфорд әдісі қолданады. Реакцияны пластикті 96 шұңқыршықты планшеттерде жүргізеді. Бірінші қатардағы шұңқыршықтарға 100 мкл белгісіз концентрациядағы ақуыз пробасы енгізіледі және белгілі ақуыз –BSA- бұқаның ақуызды альбумині 1мг/мл концентрациясында бақылау ретінде енгізіледі. Келесі щұңқыршықтарға 50 мкл-дан 1хФСБ енгізіледі. Тәжірибені және контрольды паробаларды 50 мкл титрлейді, ал қалған 50 мкл-ді алып тастайды. әр шұңқыршыққа 50 мкл Бредфорд реактивін қосады және қорытынды шығарады.


Студенттерге арналған тапсырмалар



  1. Корпускулярлы, толық және ақуызды антигендер алудың негізгі әдістерін конспектілеу.

  2. Бредфорд әдісі бойынша антиген құрамындағы ақуыз концентрациясын анықтау.



Бақылау сұрақтары:

  1. Серологиялық диагностикада антигендердің қандай негізгі түрлері қолданылады?

  2. АР үшін корпускулярлы антигендердің алу технологиясы жайлы айтыңыз.

  3. ИФТ қоюда қандай антигендерді қолданады?

  4. Антиген препараттарын не үшін тазартады? Антиген ерітіндісін қалай тазартуға болады?

  5. Ақуызда антигендерді қандай әдәспен анықтайды? Полисахаридті антигенді қалай алуға болады?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет