8-11 –сыныптар арасында өтетін «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» әзірлемесі
Жұлдыз: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Ақерке : Бармысыздар жадыраған жас достар!
Жұлдыз: Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Ақерке: Уа, халайық, халайық!
Жұлдыз: Мұнда назар салайық.
Ақерке: мерекесі халықтың
Жұлдыз: алтын күзге арналған
Ақерке: кешімізді бастайық.
Жұлдыз: Алтын күз мерекесіне арналып өткізгелі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» байқауына қош келдіңіздер.
Құлақтан кіріп,бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ойсалар,
Әнді сүйсең,менше сүй- деп Абай атамыз жырлағандай кезекті әсем әнге берсек , 9сынып оқушысы Сагинбаев Ерқанаттың орындауында «До, ре, ми» әнін қабыл алыңыздар!
Ақерке: Олай болса, бүгінгі байқауымызға қатысқалы отырған күз ханзадалары мен ханшайымдарын ортаға шақырайық. (музыка ойналып, ортаға шығады)
Ақерке: 1- ші нөмірлі сайыскерлеріміз 8 сынып Ханзадасы мен Ханшайымы Муратов Арман, Кайруллина Айзада
Жұлдыз: 2- ші нөмірлі сайыскерлеріміз 9 сынып Ханзадасы мен Ханшайымы Сагинбаев Ерқанат, Жумабекова Айым
Ақерке: 3- ші нөмірлі сайыскерлеріміз 9 сынып Ханзадасы мен Ханшайымы Бауыржанұлы Диас, Тулеубекова Мадина
Жұлдыз: Байқауға қатысатын үміткерлерге ақ жол деп қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.
Ақерке: Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем,
Жүйрік озар сайыстарда нешебір,
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі сайысымыздың әділқазылармен таныс болайық!
Достарыңызбен бөлісу: |