8 КЛАСС. №1 жұмыс. Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру. Ж ұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Құрал –жабдықтар: Калориметр, өлшеуіш цилиндр(мензурка),
термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім
(бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t₁ температурасын өлшеңдер.
Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t₂ температурасын өлшеңдер.
Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.
Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q₁=cm( t₁ - t ) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q₂=cm₁( t - t₂ )формуласымен есептеңдер.
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар.
Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: ℇ =[ ] , мұндағы Q₁ - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q₂ - суық судың алған жылу мөлшері.ℇ =[ ] =0,05
Қорытынды:Жылу баланс теңдеуі бойынша ыстық судың берген суық судың алған жылу мөлшері тең болу керек.
№2 жұмыс.
Мұздың меншікті жылуын анықтау. Жұмыстың мақсаты:жылу балансының теңдеуін пайдаланып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
Қ ұрал –жабдықтар:таразы, термометр,
калориметр, мұз кесегі, сүзгіш қағаз,
шәйнек (сыныпқа біреу)
Жұмыс барысы: Калориметрдің ішкі ыдысын таразыға тартып өлшеңдер, mк
Оған су құйыңдар, содан кейін суы бар калориметрді өлшеңдер: mсу= m – mк
Суы бар калориметрдің ішкі ыдысын сыртқысының ішіне орналастырып, судың tсу температурасын өлшеңдер.
Мұз кесегін сорғыш қағазбен алдын ала құрғатып алып, содан кейін оны суға салыңдар.
Суды термометрмен араластыра отырып, калориметрдегі ең төмен t температурасын белгілеңдер.
Ыстық судың массасы
m, кг
Ыстық судың баст.
темпер.
t, ºC
Қоспаның темпера-
турасы, t1, ºC
Ыстық судың берген жылу мөлшері,
Q1, Дж
Суық судың массасы
m₁, кг
Суық судың баст.
Темпер.
t2, ºC
Суық судың алған жылу мөлшері
Q2 ,Дж
0,1
94
56
15120
0,1
20
15960
Калориметрді қайтадан өлшеңдер және суға салынған мұздың mмұз массасын анықтаңдар.
Өлшеулер мен есептеулер нәтижелерін кестеге жазыңдар.