8 практикалық сабақтың тақырыбы: Сын есім сөзжасамы



Дата30.10.2022
өлшемі19,64 Kb.
#46252
түріСабақ

8 практикалық сабақтың тақырыбы: Сын есім сөзжасамы
Сын есім туындыларға негіз болатын сөздер негізгі түбір, күрделі түбір, күрделі сөздерден де болады: сақалды, ақылды - негізгі түбірден, ерттеулі, жинаулы — туынды түбірден, адырақ көзді, кабырға қайысарлық, майда тілді — күрделі негізден жасалған сын есім туындылары.
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, мұртты, күндік, батыл, қарыздар, тарихи, ызақор туынды түбірлеріндегі -ты, -дік, -ыл, -дар, -и, -қор жұрнақтары - дара жұрнақтар. Ал сұрампаз, жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі -мпаз, -ыңқы, -малы, -ымды жұрнақтары - құранды жұрнақтар. Бұл туынды түбірлерге сұра, жат, ау, жарас сөздері негіз болған, өйткені тілде сұрам, жатың, аума, жарасым сөздері осы қалыпта қолданылмайды. Ол -мпаз=м+паз, -ыңқы=ың+қы, -малы=ма+лы морфемаларының кірісуінен жасалған.
Сын есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір сын атаулары жатады. Мысалы, көктемгі, атақты, ақылсыз, инабатты, калалық, пікірлес, көйлекшең, ашушаң т.б.
Күрделі сын атаулары екі не одан да көп сыңарлардан жасалып, бір сындық белгінің атын білдіреді. Мысалы, қара көк, күрең қоңыр, теке сақалды, қара кер, қара шұбар т.б.
Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар
Сын есімнің сөзжасамдык жұрнақтарының бір тобы есім сөздерден сындық туынды түбір атауларды жасайды. Сын есімнін сөзжасамдық жұрнактары сөзжасамдық кабілеті жағынан әр түрлі.
Есім сөздерден туынды түбір жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар сөзжасамдық қабілеті жағынан өнімді және өнімсіз болып бөлінеді. Тілге көптеген туынды түбір сын есім қосқан жұрнақтар өнімді болып саналады. Өнімді сөзжасамдық жұрнақтардың ішінен -ды, -ді, -ты, -ті, -лы, -лі жұрнағы ерекше көзге түседі. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды сын атаулары тілде көп, нақтылы саны белгісіз болса да, олар бірнеше жүздей болатыны анық. Мысалы, бетті, таулы, тасты, қамысты, шилі, балалы, өзенді (жер), қызылды-жасылды, білімді, ақылды, атақты, малды, жанды т.б.
Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген туынды түбір сын аталымдарын ғана қосқан, сондықтан олар өнімсіз жұрнақ аталады. Мысалы, -қы, -кі жұрнағы арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары ғана жасалған. Сол сияқты -ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды жасаған. Мысалы, бүтін, ұзын, ортан (қолдай). Сын есім сөзжасамы сөзжасамдық жұрнақтарға байлығы жағынан ерекше орында болмаса да, сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасы бірсыпыра.
Есім сөздерден туынды сын аталымын жасайтын жұрнақтар түрлі мағына береді. Олардың ірілерін келтіреміз.
1. Белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақтар -лы, -лі: қамысты көл, сулы жер, таулы жер, балалы әйел, білімді адам, орманды тау, пайдалы жұмыс, қарлы қыс, жауынды күз т.б. Мысалы, Таулы жерде өскен адамның ойы да биік болады (С.Мұқанов).
-дар: хабардар, қарыздар.
2. Қабілеттілікті, қатыстық мәнді білдіретін жұрнақтар -паз: өнерпаз, аспаз, білімпаз, әсемпаз.
-и: тарихи, мәдени, әскери, әдеби. Мысалы, Тарихи деректерге сүйенеміз (газеттен).
3. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтар -ыр, -ір: сылбыр, болбыр.
-ак,: жалтақ, бұлтақ-
-ғақ, -гек: ұрысқақ, тоңғақ.
-тал: сезімтал, ұғымтал, өсімтал
-қой, -гөй: жанжалқой, жәдігөй, әзілқой
-қор: мансапқор, бейнетқор, қамқор, парақор, намысқор
-шыл, -шіл: ұйымшыл, уайымшыл, өзімшіл, зорлықшыл, тұрашыл, сауықшыл, ойшыл
-лы, -лі: арлы, инабатты, әдепті, байыпты, икемді
-шаң, -шең: сөзшең, ашушаң
-уар: сөзуар
4. Мезгіл мәнді жұрнақтар
-ғы, -гі: күзгі, көктемгі, түнгі, күндізгі, жазғы, қысқы, түскі -лық, -лік: апталық, жылдық, тәуліктік. Мысалы, Таудан сокқан күзгі салқын ызғар мінездердің ызғары тәрізді (М.Әуезов).
5. Мекендік мәнді жұрнақ.
-ғы, -гі: ауызғы (бөлме), төменгі, төргі, жоғарш, түпкі, үйдегі, даладағы, қаладағы
-ғын: тұрғын (жай). Мысалы, Тұрғын үйлер әуелі үйлі-баранды адамдарға берілген (М.Ғабдуллин).
6. Белгінің жоқтығын және салыстыру мәнді жұрнақ -сыз, -сіз: сусыз, білімсіз, баласыз, түйсіксіз, ақылсыз.
Мысалы, Бұл өмірден алаңсыз сәби жатыр бесікте, ұйықта, бөбек, үлкендердің жұмбақтарын есітпе (М.Мақатаев).
-дай, -дей, -тай, -тей: ауадай, күндей, аттай, сүттей. Мысалы, Айдай әлемге әйгілі. Ардақтың уыздай өңінде жастық шаттығы ойнап тұрса да, ауық-ауық баса беретін әкесінің осы қара көлеңкесі еді (Ғ.Мұстафин).
7. Ортақ белгі және туыстық мәнді жұрнақгтар
-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, ауылдас, көршілес, іргелес, әріптес, дәмдес, кәсіптес. Мысалы, Ол өзімен тендес адамдармен айырылыспауды арман ететін (Ғ.Мүсірепов).
-лық, лік: інілік, туыстық, аталық, әкелік, қарындастық. Мысалы, Бұл — менің әкелік міндетім (С.Мүқанов).
8. Жансыз заттар белгісін білдіретін жұрнақтар
-тақ: тастақ, солқылдақ (кереует), былқылдақ (орындық), құмдақ, мұздақ. Мысалы, Тастақ жер өнім бермес (газеттен).
-ы, -і: казақы, арабы (киім), қырмызы, бөстегі
-ақ, -ек: жалпақ, бүрқақ, бұлтақ
-лық: майлық, сулық. Мысалы, Майлық, сулық орамалдар дайын (сөйлеу тілінен).
9. Дерексіз сындық белгіні білдіретін жұрнақ
-лық, -лік: азаматтық, ақгық (күш), дүниелік, шетелдік, кісілік, өмірлік, азаттык, куаныштық, жеңілдік, ауырлық.
-тек: жеңілтек, тапалтақ
-қыр, -кір: ұшкыр (киял), өткір (сөз), алғыр (ой)
-дас: мұңдас, сыйлас, қадірлес
-лы: сыйлы, құрметті, бақытты, саналы
Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар
Сын есім атауларының жасалымында етістік негіз сөздер белсенді қызмет атқарады. Етістіктен сын атауларын жасайтын жұрнақтар да бірсыпыра. Олардың өнімділері де, өнімсіздері де, құрамы жағынан жалаң, құрандылары да бар. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтарының мағыналары да түрлі-түрлі.
1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар
-ық, -ік: қорқак, толық, ашық, бұзық, жасық, жатық, ширақ, пысық
-уық, -уік: жылауық, сөйлеуік, сыбырлауық, калтырауық
-қыш, -кіш: білгіш, тапқыш, күлдіргіш, сенгіш, байқағыш, ашуланғыш. Мысалы, Шапқыш ой ғой ақылдың мағынасы (Шөкәрім).
-мды, -мді: ұстамды, жағымды, шыдамды
-кақ, -кек: асқақ, тоңғақ, ұрысқақ.
-қыр, -гір: білгір, алғыр, өткір
-тал: сезімтал, ұғымтал, жұғымтал
-кы, -кі: жинақы, күлдіргі
-ғын: озғын. Мысалы, Әбіш орыс халқының озғын ойлы кауымына жақын жүргендей (М.Әуезов).
-қалақ, -келек: үшқалақ, сасқалақ, қозғалақ
-аған, -еген: береген, алаған, көреген
-малы: айнымалы, елірмелі. Мысалы, Елірмелі екі есті шешен болды (Жанақ).
-ынды: жырынды. Мысалы, Жырынды жеңгелері үйреткен (Ж.Аймауытов).
-анақ: сұғанақ
-ғылықты: түрғылықты, тыңғылықты
-мсақ, -мсек: сұрамсақ, тілемсек, жарамсақ
-паз: сезімпаз, келісімпаз, жасампаз
-ал: қатал (адам)
-дақ, -дек: жүрдек. Мысалы, Жегін атты ауыстырып отыру үшін, қасына бес-алты салт атты жүрдек жігіттер ерткен (М.Әуезов).
-мыр: құймыр, қытымыр.
-міт: жеміт
-пы: салпы. Мысалы, Салпы ауыз тағы сөйледі (Ж.Аймауытов).
-көй, -гөй: қаскөй, ақылгөй.
-улы: қатулы, сұраулы. 
2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ
-ық, -ік: ашық, тұнық, суық, жабық, жарық, қашық, шірік, ілік, жатық, бітік, құрғақ, кесек, дөңгелек
-ыңқы, -іңкі: жатыңқы, салбыраңқы, шығыңқы, көтеріңкі, басыңқы, кебіңкі, бытыраңқы, түсіңкі
-ынды, -інді: құранды (зат), ағынды (су), жаттанды (сөз), жасырынды (іс)
-улы, -улі: жинаулы, оюлы, тыңдаулы, өлшеулі, үюлі, санаулы, құюлы. Мысалы, Ал десем де тәңірге, өлшеулі өмір бітпейді (Қобыланды батыр).
-малы, -мелі: суырмалы, ашпалы, жаппалы, таңдамалы, құбылмалы, бүрмелі, аспалы
-ымды, -імді: ұтымды, ұнамды, жарасымды
-ғақ, -гек: тайғақ, оңғақ, жабысқақ, майысқақ
-ма, -ме: бояма, жалдама, жайылма, құрама, сырма, аспа, көшпе (кұма), көмбе (нан), сілтеме (сөз)
-ыс, -іс: ұқсас, тіркес, алыс, беріс
-кір: өткір (пышақ)
-мыш: жазылмыш (уақыт)
-ғын: тұрғын (жайлар, үйлер)
-анақ: шұқанақ
-кілікті: жеткілікті. Мысалы, Жиған мал-мүлкі жеткілікті
-пек: өкпек (өтпек). Мысалы, Өкпек желі соқканда (Қ.Мұқатаев)
-ын: жатын, жегін. Мысалы, ... жегін атты ауыстырып отыру үшін, бірнеше салт ат алды (М.Әуезов). Жатын орнымыз кәдімгі сәкі.
3. Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар
-аған, -еген: қабаған, тебеген, қашаған, сүзеген -у: жарау (ат) -қы: бұралқы (ит)
4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары
-ыл, -іл: батыл, жеңіл (іс)
-ық, ік: құрғақ (сөз)
-у: қызу, тақау, бітеу, көлбеу, қату

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет