8-ші дәріс. Тақырып ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы (2 сағ.) Негізгі мақсаты



Дата16.12.2023
өлшемі24,83 Kb.
#140314
Байланысты:
11 апта дарис КТ (3)


8-ші дәріс.
Тақырып 8. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайы (2 сағ.)
Негізгі мақсаты: қазақ халқының экономикалық негізі,аграрлық мәселені патша үкіметінің әсері, 1905-1907 ж.ж. революцияға әсері, ұлт-азаттық көтерілістің өршуі.
Негізгі түсініктер: әлеуметтік-экономикалық қатынас. Столыпиннің аграрлық реформасы. Ресейдің бірінші халықтық революцияның әсері
.

  1. Ресейдегі бірінші халықтық революция (1905-1907) және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.

  2. Қазақстандағы демократиялық қозғалыстар.

  3. Революцияның өрлеуі мен реакция жылдарындағы Қазақстандағы саяси партия ұйымдары және олардың бағдарламалары.

  4. Патшалық Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа енуі және осы соғыстың Қазақстанға ықпалы.

  5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері және оның кезеңдері.

  6. 1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы.


Қазақтардың шаруашылығы. ХVIII ғ. мен ХІХ ғасырдың ортасында қазақ елінің шаруашылығы ерте заманнан табиғаттық және жағрафиялық ерекшеліктері мен тығыз байланысты қалыптасқан - көшпелі мал шаруашылығы болды. Яғни - өндіруші шаруашылықтың негізгі түрі экстенсивті әрдайым қозғалыстағы мал бағып өсіру болған, ал тұрғындардың басым көпшілігі көшіп-қонуға бейімделген. Көшпелі өмір салтының ерекшелігі мал азығы мен су көздерінің тапшылығы себепті малды жыл бойы жайып бағу еді. Көшіп-қонудың қашықтығы орта есеппен алғанда 50-100 шақырым, ал кейбір рулар (әлім, байұлы) 1000-2500 шақырымға дейін бара-тын.
Көшпенділердің өмірінде қалыптасқан табиғат қорларын кысқы, көктемгі, жазғы және күзгі жайылымдарға пайдалану тәсілі каралып отырған кезеңде де сақталды. Жағрафиялық ортаның ерекшеліктері және ата-тектен келе жатқан мал табындарының түліктік құрамы да аса көп өзгеріске ұшыраған жоқ. ХVІII-ХІХ ғ.ғ. бүкіл мал арасындағы қой малының үлес салмағы орта есеппен оның 60 процентін, жылқылар-13, мүйізді ірі қара мал-12, түйелер-4 процентін құрады. Малдың түліктік құрамын реттеуде олардың
шаруашылықтық (ет, сүт, жүн, күш) және қоғамдық-саяси өмірде (көлік, соғыс мақсаттары) көп қажетке пайдалану мүмкіндіктері маңызды роль атқарды.
Осы кезде де мал шаруашылығының дәсүрлі екі түрі дамыды көшпелі ( қолдан жасалған су көздерін пайдалануға негізделген) және жартылай көшпелі ( табиғи шығатын су қорларын пайдалануға негізделген). Көшпелі мал шаруашылығы Маңқыстау өңірінде, Үстірт маңында, Батыс және Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында кең тарады. Бұл өңірдегі қазақтардың ұстаған малының құрамында неғұрлым ширақ қимылдайтын -және төзімді түліктері (қойлар мен түйелер) басым болды, материалдық, мәдениеттің, барлық бұйымдары (киіз үй, тұрмыстық аспаптары) күнделікті өмір жайына және шаруашылығына сай келді.
Жауын-шашыны мол, жыл бойы ағын суы сарқылмайтын өзендері бар, топырағы құнарлы аудандарда көшпелі мал шарушылығының өзге түрі қалыптасты. Оларға далалық және орманды-далалық өңірлердегі, тау бөктері мен биік таулы белдеулердегі өзендер мен көлдер маңайындағы алқаптар жатады. Басқа жерлермен салыстырғанда шөп шығымының жоғары болуы және су қорымен жақсы қамтамасыз етілуі бұл аудандар да малшылардың бір орында ұзақ қоныс тебуінің көшіп-қону машақатының сиреуін, орын ауыстырушылықтың шектелуін айқындап берді. Бұл өңірлердегі қазақтар мүйізді ірі қара мен жылқыларды көп ұстады. Малды жайып бағу әдісінде де өзіне тән ерекшеліктер байқалады: мал қыстататын тұрақты орындар болды, демек оларда тұрғын үйлер мен мал қоралары салынған. Мұндай мекендердің маңайында көшпенділердің бір тобы егіншілікпен және балық, аң аулаумен айналысқан. Шаруашылықтың бұл түрінің үлес салмағы, әсіресе, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда орын алған.
Қазақтардың шаруашылығында егіншілікпен айналысу кәсібі тиесілі орын алған. Жер өңдеушілік мәдениетінің ошақтары әдетте Қазақстанның солтүстік батысында - Сағыз, Жем, Елек, Ырғыз, Утва және Ойыл өзені алқабындағы жерлерде, Мұғалжар тауынын аңғарларында; орталық Қазақстанда - Сарысу өзенінің орта сағасындағы алқаптарда; оңтүстікте - Сырдария, Қуаңдария және Жаңадария бойларында; солтүстікте - Есіл, Нұра және Торғай өзендерінін бойы мен тармақтарында; шығыс Қазақстанда - Шалба және Тарбағатай қыраттары мен Қарқаралы таулары бөктерінде; Жетісуда - Лепсі, Ақсу, Қаратал өзендерінің бас жағы мен Іленің орта сағалары болды. Осы аймақтардың жағрафиялық орналасуы, жер құрылысы, топырақ және табиғи ауа райының жағдайлары, су қорларының мүмкіндігі, көрші отырықшылықты-егіншілікті халықтармен мәдени-экономикалық байланыстардың күшейтілуі қазақ егіншілігінің дәрежесі мен аумағына, өсірілетін дақылдарын таңдауына, көршілерден агрономиялық тәсілдерді үйренуіне, егіншілік өнімдерін шаруашылық және басқа мақсаттарға орынды пайдалануына айтарлықтай әсер етті.
Қазақтардың үй қожалығындағы неғұрлым кең тараған егіншілік дақылы - тары болған. Қолдан суарған және ауа-райы қолайлы кезіккен жағдайда одан жылына екі рет өнім алуға мүмкіндік болған; сондай-ақ қомақ және жаздық бидай өсірілді. Қазақстан жағдайындагы егіншіліктің қиындығына, егіншілік еңбегінің құралдарының және жер өңдеу тәсілдерінің карапайымдылығына қарамастан, жақсы реттелген суару топтары бар жерлерде дақылдардың түсімі әжептәуір жоғары болды. Кіші және Орта жүздердің кейбір қожалықтарында егіншіліктің даму деңгейі соншалық мол болғаннан қазақ астығы Ресей жәрмеңкелерінде сұранысты қанағаттандырып тіпті жылдан-жылға көлемі өсіп отырған. Тұтас алғанда егіншілік қазақ шарушылығында кең құлаш жайған жоқ, ол әрдайым косалқы, егіншілік кезектегі іс күйінде қалды.
Кәсіп және қолөнер. Қазақтардың шаруашылық тұрмысында аңшылық, балық аулаушылық, үйдегі қолөнер сияқты дәстүрлі тірліктер кең дамыған. Аңшылық тірліктердің едәуір бөлігі көшпелілердің ішкі тұтынуына (киім-кешек, азық-түлік) және сырттағы жәрмеңкелерге (Орынбор, Сібір т.б.) айырбас саудаларына өткізіліп тұрды. Қазақ арасында майда кәсіпкерлік: ағаш пен металдан түрлі бұйымдар, үй аспаптарын жасау тіршілік қамының маңызды кезі болған. Қазақ қолөнершілері ер-тоқым жасап, ағаштан ыдыстар жонып, ұсталар түрлі қарулар соғып, зергерлер мыстан, жезден жиектер қақтап, оларға асыл тастар қондырып және басқа ұсақ-түйек әсемдік заттар жасап шығару өнерін игерген.
Басқа елдер мен экономикалық байланыс және сауда айырбасы мал өнімінен түрлі заттарды жасау өндірісін дамытуға ықпал етеді. Мал терісі мен жүнінен бұйымдар жасап шығару, қой, жылқы, ешкі терілерін өңдеу, киіз басып, арқан есу арта түсті. Соның ішінде ешкі түбіті Орынбор көпестерінің үлкен сұранысына ие болды. Есіл, Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария өзендерінде, Каспий және Арал теңіздерінде бірте-бірте балық аулау кәсіпшілігі дамыды. Қазақ жеріне әскери көшпенділерінің келуі жалданбалы еңбекпен күн көрудің түрі - шекаралық желідегі келімсектерге жалданып жұмыс істеу болды. Бұндай жұмысқа әдетте отбасын асырайтын қаражаты жоқ шаруалар барды. Жарлы кедейлер сондай-ақ пошта нүктелерін көшір болып жалданды. Дән-дақыл, бау-бақшаларын өндеу үшін, кейде тіпті өнімнің жартысына жерін жалдамаға толық беріп, келімсектер жергілікті халықтың еңбегін пайдаланған. Қазақстан территориясында өнеркәсіптің дами бастауына байланысты кен орындарынан,ауылшаруашылық өнімдерін өндейтін зауыттардан, Илецкі тұз кәсіпшілігінен, Эльтон мен Басқұншақ көлдерінен, Коряков форпостынан жұмыс табу мүмкіндігі туды.
Сауданың дамуы. XVIII ғасырдың өзінде-ақ қазақ елінін шекарасында саудада сұлтандар негізгі делдалдар болған еді. Олар Қазақстан аркылы Орта Азия мен Сібірге өтетін көшпелі орыс керуендерін қорғағаны үшін баж салығын алды. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардын Ресей жерлерімен сауда-саттығы ұлғайды.
Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында басталды. Қазақ даласына қоныс аудару қозғалысы 70-шы жылдардан бастап, яғни Сібір темір жолы комитеті құрылғанға дейін-ақ етек ала түсті. Тек 1885-1893 жж. Ақмола облысының байырғы халқының пайдалануынан 251,8 мың десятина жер тартып алынып, 10940 еркек адамы бар 24 қелімсектердің мекені құрылды, ал Семей облысында нақ сол кезеңде қазақ шаруаларының 33064 десятина егістік жері тартып алынды.
Торғай облысына қоныстандыру орыс шаруаларының 133 семьясы Ақтөбе бекініс пунктінде тұруға тілек білдірген XIX ғасырдың 70-ші жылдарында басталды. 1881 жылы Қостанай уезінде қоныс аударушы шаруалардың 1200 семьясы ірге тепті. Орал облысына шаруалар 1884-1891 жылдары аралығында Ресейдің орталық губернияларынан 2299 семья қоныс аударып, олардан Темір уезіне-703, Ойыл бекінісіне-237, Шың ғырлауға-158, Қобда өзенінін жағасына-120, Жымпиты болысына-140, Шалқар көлінің жағалауына-25, Сағыз-Жем өзендерінің шүрайлы жерлеріне-97 және басқа уездердің территориясына 916 семья көшіп келді.
Әсіресе қоныс аударушылар Жетісу облысына көптеп ағылып жатты. 1868-1880 жж. мүнда 3324 семья қоныстанды олардың 2099 ауылда, ал 1225-і қалаларға орналасты. 1883 жылы, Жетісу облысы Дала генерал-губернаторлығының кірген кезде облыстағы шаруалар саны 15 мыңға жетіп, олар 29 селоны қүрады, ал облыс қалаларында 190-ға жуық көпес семьясы мен 1400 мещан семьясы тіркелді.1890-1891 жылдары Жетісу облысына тағы да 1769 шаруа семьясы, соның ішінде Лепсі уезіне-410, Верный уезіне-314, Қапал уезіне-98, Пішпек уезіне-913 және Пржевальск уезіне 34 семья қоныстанды.
Шаруаларды қоныстандыру Сырдария облысында XIX ғасырдың 70-шы жылдарында басталып, негізінен Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерін қамтыды. Егерде 1874-1882 жылдарда облыста 6 шаруалар селосы құрылса, 1884 жылдан 1890 жылға дейін - 14, 1891-1892 жылдар ішінде 17 жаңа поселке, ал осы жылдар ішінде Сырдария облысында барлығы 37 поселке қүрылды.
Қазақстанға қоныс аударудың жаңа кезеңі XIX ғасырдың 90-шы жылдарында өтті. 1893-1896 жж. Ақтөбе уезіне қоныс аударушылар саны 2500 адамға, ал Қостанай облысының поселкелерінде 9173 адамға жетті немесе 1890 жылғыға қарағанда 1418 адамға көбейді. 1868 жылмен салыстырғанда 1894 жылы Ақмола облысында орыс халқының саны 75 мың адамға көбейді, Торғай облысында қоныс аударушы шаруалар саны 16 мың, Сырдария облысында 12 мың адам болды.
1896 жылға қарай Ақмола және Семей облыстарының бірқатар уездерінде (Ақмола, Петропавл, Көкшетау, Атбасар, Омбы, Павлодар және Өскемен) қоныс аударушы шаруалардың 150 мыңға жуық халқы бар 43 болысы құрылды. Олардың пайдалануына 1,4 миллин десятинаға жуық жер беріліп, оған қоса 88 мың десятина жер арендалық шартпен бөлінді. Соларға тәуелді болып көбінесе жалданып, аз ақы төленетін ең ауыр жұмыстар атқаруға мәжбүр болды.
Қоныс аударушылар басынан кешірген әлеуметтік ауыр езгі олардың бір жағынан, казақ еңбекшілерімен өздерінің мүдделері бір екені туралы сезім туғызды, екінші жағынан жалпы жергілікті халыққа оның ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетіне, әдет-ғүрпына, әлеуметтік қатынастарына ерекше көзқарасты қалыпастырды. Олар патша өкіметі мен қанаушы таптарға қарсы күреске қоян-қолтық бірлесіп шықты, қоныс аударғандар мен қазақ шаруаларының таптық сана-сезімі бірте-бірте өсе берді. Еңбектегі және әлеуметтік байланыстардың дамуы арқылы олардың өмірдегі көптеген көкейтесті проблемалардан ынтымағы қалыптасты, келімсектер және қазақ, халықтарының жақындасу процесі бір жүйелік калыпқа келе бастады.
Ресейдегі тұңғыш буржуазиялық-демократиялық революция Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, өлкеде езгінің отаршылдық, әлеуметтік және басқа түрлеріне қарсы ұлт-азаттық, жұмысшы, аграрлық қозғалыстардың жедел қарқынмен дамуына серпін берді. Өлке халқының әртүрлі топтарының Ресейдегі 1905-1907 жж. революцияға көзқарасы бірқалыпты болған жоқ. Өлкенің экономикалык және саяси дамуы дәрежесі баяу болғандықтан Ресей орталығынан гөрі жұмысшы қозғалысының қарқыны төменірек болып тек революия жылдарында жаңа сатыға көтерілді. Оған өнеркәсіп пен қала жұмысшылары белсене қатысты.
1905 жылғы 9 қаңтардағы қанды оқиға және одан кейінгі Ресей империясының өндірістік орталықтарындағы халық қозғалысы туралы хабарлар қазақ даласына тез тарады. Верный, Әулиеата қалаларының, Перовск, Қазалы, Орал, Актөбе, Семей темір жол станцаларының демократиялық ниеттегі еңбекшілері наразылық білдірді, ал Ақмола облысы мен бүкіл Дала өлкесінің орталығы Омбыда бүкілхалықтық ереуіл-шерулер 1905 жылдың ортасында бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойындағы (Түркістан, Перовск, Жосалы, Қазалы, Шалқар) станцаларда жұмысшылар өздерінің экономикалық жағдайын жақсартуды, жұмыс күнін қысқартуды талап еткен ереуілдер өтті. Петропавл темір жол депосының жұмысшылары саяси ереуіл ұйымдастырып, ал олардың Орынбордағы әріптестері жұмысты тоқтатты. 1905 жылғы қаңтар-ақпан аралығында өлкені қоныстанған кедейлердің патша үкіметіне ашу-ызасын білдірген көптеген жиналыстар өтті.
Бірінші орыс революцияның өріс алу барысында әлеуметтік таптар мен саяси бірлестіктер мен партиялардың бағдардамалық көзқарастары айқындалды. Әрбір саяси партия революциядағы өзінің жуыр кездегі іс-қимылын, өзге партиялар мен ағымдарға көзқарасын, сондай-ақ мемлекеттік бағыт-бағдарларға сын-ұсыныстарын айқындап, белгіледі.
1905-1907 жж. Қазақстандағы жұмысшы қозғалысы қалыптасып орталықтағы әріптестерінің тәжірибесіне сүйеніп өзінің дамуының жаңа
кезеңіне қадам басты. Ресейдегі революциялық оқиғалармен ұштасып Қазастанның жұмысшылар шоғырланған аудандарында ірі-ірі саяси және экономикалық ерулер болып өтті.Оған 1905 жылы желтоқсанда Успенск мыс руднигінде, 1907 жылы маусым айында спасск мыс қорыту зауытында, Қарағандының кен орындарында және Семей, Орал, Ақтөбе, Верный, Қостанай және басқа қалалар мен кәсіпорындарында өткен ереуілдерді жатқызуға болады.
Бірінші орыс революциясы жылдары өлкеде РСДЖП-ның алғашқы топтары мен ұйымдары қалыптаса бастады, ол құбылысқа аталған партияның Сібір, Астрахань, Самар, Саратов комитеттері елеулі ықпалын тигізді. 1904 жылы пайда болған "Сібір социал-демократиялық Одағы, әсіресе оның Омбы ұйымы аса маңызды іс тындырды. Ол бірінші кезекте Петропавл, Көкшетау қалалары мен солтүстік-шығыс аудандарындағы, сондай-ақ Жетісудағы жұмысшылар, жалпы еңбекшілер арасында айтулы үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Қазақстандағы алғашқы өз бетінше оқып үйренетін марксистік үйірме Атбасар қаласында болды. Оны 1896 жылы Оралдан жер аударылған жұмысшы А.Д. Ушаков ұйымдастырды. XX ғ. басында бұндай үйірмелер Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда және өлкенің басқа да қалаларында пайда болды.
Революцияның алғашқы айларында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан марксистік үйірмелер негізінде Петропавл мен Оралда РСДЖП ұйымдары, Перовскіде, Қазалыда және Түркістанда, ал біршама кейінірек Ақмолада, Көкшетауда, Ақтөбеде, Павлодарда және өлкенің басқа да қалаларында социал-демократиялық топтар құрылды. Алғашқы РСДЖП ұйымы Семейде қалыптасты.
Революция жылдары (1905-1907) Қазақстан жұмысшыларының кәсіподағы қалыптаса бастады. 1905 жылдың қарашасында Н.Смуров, Н.А.Покатилов және Н.И. Ульянов басшылығымен алғашқылардың бірі болып Орал теміржолшыларының, кәсіподағы, одан кейін неғұрлым жақсы топтасқан әрі жауынгер ұйым- баспахана жұмысшыларының кәсіподағы құрылды. Қатарына 6 мың адамды топтастырған Орынбор-Ташкент теміржолшыларының өлкедегі ең ірі кәсіподағы 1906 жылы құрылып көптеген революциялық әрекеттерімен белгілі болды. Кен өндіру саласында алғашқы кәсіподақ Успен руднигінде құрылып, ол Орыс-Қырғыз одағы деп аталды. Деректер бойынша бірінші орыс революциясы кезінде еліміздің барлық, жұмысшылары мен қызметкерлерінің бар болғаны 3,5 проценті 20-25 түрлі салалық кәсіподақтар қатарына тартылған болатын.
Сайып келгенде, мұның өзі жергілікті жұмысшылардың аздығы, олардың кәсіпорындар бойынша шоғырлану дәрежесінің төмендігі және өндірістік қызметтерінің маусымдылығы елеулі әсерін тигізген. Түрлі одақтың саяси ұйымдарға еңбекшілердің аз тартылуы жұмысшы қозғалысының тек әлсіз болғандығынан емес, халықтың басым көпшілігін қазақ шаруалары мен Ресейден қоныс аударғандар құраған және өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуының баяулығы да себепкер болды.
Елдегі үкіметке қарсы қоныс аударушы шаруалардың, соғысқа қатысушылардың отбасыларынан қымбатшылыққа, лауазымды адамдарға, салықтар төлеуге және жұмыстық міндеттерін өтеуге байланысты ереуіл-күрестері күшейе түсті. 1915 ж. наурызында Жетісу облысының Верный, Лепсі және Пржевальск уезіндегі ауыл түрғындары орталық үкіметтің баға саясатына қарсы наразылық білдірді. Лепсі уезінің Андреевск, Осиповск елді мекендерінде, Верный уезінде әйелдер көпестер дүкендерін қиратып, тауарларын талап алып кеткен, 1916 ж. Зайсанда болған әйелдердің бас көтеруі әскери күшпен тоқтатылып, 13 адам қамауға алынған.
Сөйтіп 19 жылдан кейін жаңа революциялық дәуіріндегі бой көрсетулердің басым көпшілігінің әлі ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, өлкенің жұмысшылары мен шаруаларынық саяси сана-сезімін дамыту үшін олардың зор маңызы болды. Қазақстан еңбекшілерінің барған сайын қалың топтары отаршылық езгі мен таптық қанауға қарсы күреске тартыла түсті.
1914 жылы Ресей империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл империалистік сипаттағы соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Казақстанға да ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша шенеуніктері мен жергілікті әкім-қаралардың және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал өнімін соғыс қажетіне алу да жедел қарқын алды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының күрт азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауылшаруашылығының құлдырап күйзелуі олсызда әлсіз Қазақстан экономикалық қуатын төмендетті. Калалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті бай мен әкім-қаралардық зорлық-зомбылығы 1916 ж. 25 маусымда Ресей үкіметінің "Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже" қабылдануына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан азаматтарды қамауға алу немесе үш ай мерзімге дейін тұтқындау, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.
Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен еңбектегі қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың жасы туралы құжаттардың жоқтығын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл ағамандары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын "қара тізімге қосты", ал байлар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты.
Майдан жұмысына қазақ жастарының ішіндегі кедей балаларының алынуы қалың халық арасында зор наразылық туғызды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі иемгерлердің шаруашылықтарына шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым-салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкету әрекеттерін жиілей түсті. Халықтың үкіметке және оның жергілікті өкілдеріне ереуілдері мен ашық көтерілістері жиналып келіп, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске ұласты.
1916 ж. таптық және езушілікке, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын түгел дерлік қамтыған 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілісі болды.
Көтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері. Өзінің сипаты жөнінен қозғалыс отаршылдыққа және қанаушылыққа қарсы, халық-азаттық қозғалысы болды. Қазақстандағы көтеріліс Ресей әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері отарлық езгінің күшеюі, жердің тартып алынуы, салықтар мен алымдардың шексіз өсуі, еңбекшілерді үстем топтардың қанауының күшеюі, ұлттық араздықтың өршітілуі, соғысқа байланысты қалың халықтың жағдайының күрт нашарлауы, орыстандыру саясаты болды. Патша өкіметі өзінің Қазақ даласындағы басты міндетін империялық өкімет негізінде орыс мемлекеттігін нығайту деп білгені кездейсоқ емес еді.
Әртекті болғанымен, 1916 ж. қозғалыс ұлт - азаттық сипатта болып және отаршыларға, империалистік соғысқа және иемденуші топтарға қарсы бағытталды. Оның негізгі қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы болатын: ұлттық шаруалардың қалың топтары, жергілікті жұмысшылар, батырақтар, қолөнершілер. Сол кездегі деректерде бүлікшілердің орасан көбі қырғыздардың кедей табынан тұрады, "пүрс атты таптар - байлар ғана үкіметке адал болып қалуда"' деп көрсетілген.
Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси жолындағы көтерілістің басты міндеттерімен салыстырғанда бұл көтерілістің таптық жағы (ауылдың феодалдық басшы топтарына қарсы күрес) екінші кезектегі мәселе болып қалды.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:



  1. Қазақстанда қандай партиялардың түрлері болды.

  2. Қазақстан 1905-1907 ж. ж. орыс революциясы кезеңі.

  3. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға ықпалы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет